Telegram Web
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында баланы байлап тастап, қорлық көрсетудің себебі қайтарылмаған қарыз болуы мүмкін

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысындағы Қарғалы кентінде әйел адамның0 қыздың аузын байлап, кейін баланы қаңырап бос қалған ғимараттың аумағына күштеп алып кеткен видеоға қатысты пікір білдірді.

"Қыз бала табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін.

Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады", - дейді Динара Зәкиева.
EgovKzbot2.0 егов казакша
Алматы облысында баланы байлап тастап, қорлық көрсетудің себебі қайтарылмаған қарыз болуы мүмкін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысындағы Қарғалы кентінде әйел адамның0 қыздың аузын байлап, кейін баланы қаңырап бос қалған ғимараттың…
Бала ұрлаған әйел екі айға қамауға алынды

«Сот шешімімен 22 шілде күні 1999 жылғы азаматша 2 айға қамауға алынды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 126 бабы бойынша тергеу басталды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

23 жастағы әйел қыздың қолын байлап, аузына шүберек салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы видео тараған болатын.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері әйелді анықтады. Тергеу амалдары заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша басталғанын хабарлаған.

https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ішкі істер министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев журналист Сандуғаш Дүйсенованың шағымына қатысты пікір білдірді

«Қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында жүзеге асырылатын заңды әрекеттер және бұл әрекетті орындау кезінде азаматтың бастан кешіретін қолайсыздықтары азаптауға жатпайды. Бұл жеке тінту не қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен реттеледі және барлық азаматтар үшін бірдей. Оны уәкілетті лауазымды адам, яғни бұл жағдайда бір жыныстағы куәгерлердің қатысуымен тергеуші жүргізеді. Бұл жағдайда Дүйсенова ханымның қорғаушысы да болды. Ол бұл туралы өз пікірін білдірді», - деп жауап берді Марат Қожаев.

https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынды

Президенттің тапсырмасына сәйкес құрылған жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде және Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жалпы Қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.

Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған
", - дейді хабарламада.

https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев сел тасқынынан қорғайтын жаңа «Аюсай» бөгетін аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары сел тасқынынан қорғайтын бөгетпен танысудан басталды. Мұндай нысан соңғы 30 жылда алғаш рет салынды. Сапар  барысында Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов  селдің алдын алу жұмыстары туралы баяндады. «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы Қайрат Бекенов Мемлекет басшысына табиғат апаттарының алдын алу жұмыстары жөнінде мәлімет берді, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
✍️Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
Біздің ютуб арнамызға тіркеліп қойыңыздар👇👇👇 https://youtube.com/@EgovKzBot2_01?si=wslgswnn9JxbACU4

Рахмет !
«Шіріген құбыр, ескірген қазандық, кеңестік заманнан қалған сорғы»: Саиров қыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің өткен жылы қыста болған олқылықтарды қайталауға хақы жоқ екенін айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімет алдында еліміздің тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар қоюда.

Дегенмен, бірінші аяз түсуімен еліміздің коммуналдық инфрақұрылымының сыр бере бастауы дәстүрге айналып отыр. Рас, республика бойынша тозығы жеткен жылу орталықтары мен инфрақұрылым 80 проценттен асып кетті. Ал олардың көбін біз 50 жылдан астам уақыт пайдаланып келеміз. Бұл қауіпті жағдай», - деді Жамаубаев.

Депутат атағандай, былтырғы Екібастұз, Риддер, Балхаш, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау мен Петропавл қалаларындағы апаттар - қордаланған мәселелердің айқын көрінісі.

«Бұл тізімге Сарань қаласы қосылды. Техногендік қауіп-қатердің географиясы геометириялық прогрессиямен өсіп барады. Соған қарамастан, біз жылына бұл салада тек 5-7 процентке ғана жаңарып отырмыз. Бұл тіпті, елдегі ескіру үрдісінің орнын толтырмайды. Олай жалғаса берсе, жылу энергетикасындағы коллапс орнауы бек мүмкін.

Шіріген труба, ескірген қазандық, «кеңестік заманнан қалған» насостарды ауыстыратын уақыт өтіп кеткенін бәріміз білеміз. Өткен жылы жылу саласындағы инфрақұрылымның тозуын азайту мақсатында арнайы 160 миллиард теңге қаржы бөлінсе де, шықырлаған аязға төтеп бере алар емеспіз. Жыл басында Парламентте Жоғарғы аудиторлық палатасының «Жылумен жабдықтау саласы» бойынша қорытынды есебінде 100-ден аса нақты ұсыныстар мен жүйелі сындар айтылды. Ұсыныс ретінде берілді», - деді Саиров.

Оның айтуынша, Үкіметтен сол ұсыныстар бойынша не жауап, не атқарылған істі көрмеген.

«Осылай тізіп кете беруге болады. Сондықтан бұл саладағы менеджмент пен бақылау маңызды. Өткен жылы AMANAT партиясы өкілдері Екібастұз халқына мыңдаған үй жылытқыш пен жылы көрпе тасып, халықты жылытқанын білесіздер. Биыл осындай жағдайды қайталатуға Үкіметтің еш хақысы жоқ. Олигархтар протекцияны пайдаланып, өздері пайдаға кенеліп, шығынды мемлекет пен халыққа ысырып тастаудың дәстүрін жалғастыру әрекеттерін қойған жоқ. Осыған балта шабу керек», - деді депутат.

Осы орайда алдағы 3 ай қыс уақытына депутат бірқатар ұсыныс жасады:

Жауапты министрлер жылы кабинеттерінен шығып, барлық жиналыстарын қысқартып, жылу орталықтарының басы-қасында осы аязды күндері жүруі керек;
Министрлер, қиын-қыстау кезеңде кабинеттен шығып, халық арасында болыңыздар;
2022-2023 жылдары Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен бөлінген қаражаттардың есебіне қатаң анализ жасалуы тиіс. Бұл саладағы әрбір жемқор қатаң жазалануы тиіс;
Осы күндері өңірлердегі оперативті штабтардың жұмысын «екі еселенген 24/7 режиміне» көшіру қажет;
Әкімдіктер мен Үкімет осы саладағы өңірлік қауіпті зоналар бойынша «Тәуекелдер картасын» даярлап, олар бойынша нақты мақсаттық алгоритм жоспарын даярлап қоюы тиіс.

https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
ҚР ТЖМ «СТӘЭ» сейсмикалық станцияларының желісі жер сілкінісі бүгін, 11 қаңтарда сағат 15:20-да тіркелгенін хабарлайды.

Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде (Ауғанстан аумағында) орналасқан.

Элемент магнитудасы - 6,4. Ал Шымкент пен Жамбыл облысының тұрғындары 2 баллдық жер сілкінісін сезінді

https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
«Президент Үкімет отырысында МӘМС жүйесін сынға алып, Үкімет алдына нақты міндеттер қойды. Өкінішке қарай, шын мәнінде мәселе көп. МӘМС моделін толық қайта қарау қажет. Тегін медициналық көмек көлемінің кепілденген пакетіне кіретін (ТМККП) тізім жеткілікті деңгейде анықталмаған. Азаматтар медициналық көмек алуға тырысқан кезде, нағыз квесттен өткендей қиындықтарға тап болады. Клиникалық хаттамалар лайықты түрде жаңартылмайды, олар бақылаусыз жаңа зерттеулермен және дәрі-дәрмекпен толықтырылады. Бірақ МӘМС-тің бюджеті рекордтық деңгейге жеттсе де, медициналық ұйымдар зор кредиторлық қарызға батты. Ал азаматтар медициналық қызметтерді өз қалталарынан төлеуге мәжбүр», - деді Асхат Аймағамбетов.

https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
Енді телеграмм канал админдері, өздерінін каналдарын да жарнамадан акша таба алады, оны Павел Дуров өз каналында айтып өтті телеграмм жарнамасынын 50 % пайызымен Павел Дуров бөліседі, ол Тон криптовалютасы арқылы, жүзеге асады😊
https://www.tgoop.com/kzdurov
Президенттің баспасөз хатшысы белгілі дінтанушы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Қайрат Жолдыбайұлын қабылдады. Бұл туралы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында хабарлады. "Екіжақты кездесуде еліміздің рухани дамуына қатысты пікір алмастық. Әр іске сергек қарайтын Қайрат Жолдыбайұлы бірқатар ұсынысымен бөлісті", - деді Президенттің баспасөз хатшысы.

https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
Каналға жазыламыз https://www.tgoop.com/tsitatis
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысындағы Жабай өзені арнасынан шығып, Атбасар қаласының бір бөлігін су басты. Тұрғындар эвакуациялануда.

ТЖМ
📆Биыл қазақстандықтар 8 мамыр күні демалады

Еңбек министрлігі демалыс күнін 4 мамыр сенбі күнінен 8 мамыр сәрсенбі күніне ауыстыру туралы бұйрық дайындады.

Сонымен қазақстандықтар үш күн қатарынан 7,8 және 9 мамыр күндері демалады.

🟡7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
🟡9 мамыр – Жеңіс күні.

📌Ал 4 мамыр жұмыс күні.

https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
🗣Жошы ұлысы біртұтас қазақ халқы ретінде қалыптасуымыздың негізін қалады - Тұрсынхан Зәкенұлы

Биыл елімізде Жошы ұлысының 800 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтіп жатыр. тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы

https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады.

Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.
Бүгiнгi AЭC-тepдe тexнoлoгиялық aпaттың қayпi нөлгe тeң eкeнi pac пa?

Ядpoлық физикa инcтитyты ядpoлық физикa бөлiмiнiң бacтығы Tимyp Жoлдыбaeв Қaзaқcтaндa AЭC caлyдың oң жәнe тepic тұcтapы жaйындa пiкip бiлдipдi.

Tимyp Жoлдыбaeв eлiмiздe бұғaн дeйiн дe AЭC caлy бaғытындa тaлпыныc бoлғaнын aйтaды.

«Қaзaқcтaндa энepгeтикaлық aтoм элeктp cтaнцияcын caлy жoбacы aлғaш peт қoлғa aлынып oтыpғaн жoқ. Aлғaшқы тaлпыныcтap 90-жылдapы жacaлды, бipaқ xaлықтың қapcылығынa тaп бoлды. Oның ceбeптepi түciнiктi. Қaзaқcтaн ұзaқ жылдap бoйы ядpoлық қapyды cынay aлaңы peтiндe пaйдaлaнылды, бұл opacaн зop ayмaқтың экoлoгияcынa өтe үлкeн зapдaбын тигiздi», - дeп жaзды Тимyp Жoлдыбaeв фeйcбyк пapaқшacындa.

Tимyp Жoлдыбaeв пoлигoнның жaбылып, oның ayмaғының зepттeлiп, paдиaциялық қayiп дәpeжeci бoйыншa aймaқтapғa бөлiнгeнiн, нәтижeciндe пoлигoн бoлғaн жepдiң eдәyip бөлiгi xaлық шapyaшылығының қaжeттiлiгiнe бepiлyгe дaйындaлып жaтқaнын aтaп өттi.

Capaпшының пiкipiншe, қaзipгi кeздe жaғдaй мүлдe бacқaшa. Қaзipгi caлынғaн AЭC-тepдe тexнoлoгиялық aпaттың қayпi нөлгe тeң.

«Қaзipгi aтoм cтaнциялapының қayiпciздiк дeңгeйi eдәyip өcтi жәнe тexнoлoгиялық aпaттapдың қayпi нөлгe тeң. Coнымeн қaтap, aтoм энepгияcын өндipy экoлoгиялық тұpғыдaн eң тaзa тәciл бoлып қaлa бepeдi. Қaзipгi yaқыттa ocылaй өндipiлгeн элeктp энepгияcынa EO, Қытaй, Peceй eлдepiндe жacыл мәpтeбe бepiлгeн», - дeдi oл.

Coндaй-aқ ғaлым Қaзaқcтaнның ядpoлық peaктopлapды пaйдaлaнyдa тәжipибeci мoл eкeнiн aтaп өттi. Oның cөзiншe, Қaзaқcтaн – ядpoлық peaктopлapды пaйдaлaнy тәжipибeci бap eл. Ұзaқ жылдap бoйы Aқтay қaлacындa БН-350 тұщытқыш peaктopы жұмыc icтeгeнiн, oның жaбылyы caяcи шeшiм бoлғaнын cөз eткeн ғaлым Ядpoлық физикa инcтитyты мeн Ұлттық ядpoлық opтaлықтың aлaңдapындa үш зepттey peaктopы тaбыcты жұмыc icтeп тұpғaнын aтaп өттi. Бұл Қaзaқcтaнғa ядpoлық энepгияны бeйбiт мaқcaттa пaйдaлaнy caлacындa бүкiл қaжeттi құзыpeтi бap eл бoлyғa мүмкiндiк бepмeк.

«Уpaн өндipiлeтiн жәнe aтoм cтaнcaлapы үшiн ядpoлық oтын өндipiлeтiн «Қaзaтoмөнepкәciп» ұлттық кoмпaнияcының кәciпopындapын дa aтaп өткeн aбзaл. Бiздe қaжeттi кaдpлapды дaяpлayғa бoлaтын өндipicтiк aлaңдap бap. Meн aтoм элeктp cтaнcacын caлyдың жaғымcыз жaқтapынa қapaғaндa oң тұcтapын көpiп oтыpмын», – дeп түйiндeдi Tимyp Жoлдыбaeв.

Ecтepiңiзгe caлcaқ, мaycым aйындa Meмлeкeт бacшыcы eлiмiздe AЭC caлy жөнiндeгi peфepeндyмның ocы күздe өтeтiнiн мәлiмдeдi.
❤️ Қазақстандықтар жалпыұлттық жоба аясында 4 мыңнан астам игі іс жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанда игі істер марафоны жалғасып жатқанын мәлімдеді. «Игі істер марафоны» жобасы аясында 4-10 қараша аралығында «Инклюзия» бағытындағы «Мейірімділік апталығы» өтіп жатыр.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 38 мыңға жуық азамат марафон аясында 4 мыңнан астам игі істер жасады. Марафон 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
2024/11/26 14:28:52
Back to Top
HTML Embed Code: