tgoop.com/KzPulse/4103
Last Update:
🇺🇿Қазақстан Өзбекстанға «Сергек» жүйесін экспорттады
Зияткерлік жүйе Өзбекстанда сертификаттаудан өтті.
🔹«Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің зияткерлік жүйесі Өзбекстанның Наманган қаласында енгізілді. Бұл елдегі халық саны бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қала, Наманган облысының әкімшілік орталығы.
🔹Жоба жеке инвестициялар есебінен, экспорттың мемлекеттік бағдарламасын субсидиялаумен, атап айтқанда «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ кредит беруі арқылы іске асырылды.
Намангандағы «Сергек» жұмысы жол-көлік оқиғаларын азайтуға және көлік жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған. Зияткерлік жүйе Өзбекстан заңнамасы бойынша сертификаттаудан өтті. 25 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың 13 учаскесінде және облыс аудандарында жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын тіркейді. Қазақстан қалаларындағыдай Наманганда да жүйе жылдамдық режимінің асып кетуін, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуін, жол таңбалау желілерінің бұзушылығын тіркейді.
Бизнес-жоба Сауда және интеграция министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен басталды.
Қазіргі уақытта «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі Қазақстанның 8 қаласында жұмыс істейді: Астана, Өскемен, Алматы, Атырау, Шымкент, Семей, Тараз және Түркістан.
#kzpulse #Өзбекстан #сергек #экспорт
BY KzPulse
Share with your friend now:
tgoop.com/KzPulse/4103