Warning: Undefined array key 0 in /var/www/tgoop/function.php on line 65

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/tgoop/function.php on line 65
2287 - Telegram Web
Telegram Web
🚆 Сәуір айында «Сәтті Сәрсенбі» акциясы аясында Астана мен Алматы бағытындағы «Тальго» пойызының купе орындарына билеттерді -35% жеңілдікпен алыңыз!

📲Билеттің бағасы – небәрі 13 919 теңге!

📌 Акция шарттары:
№3/4 және №9/10 бағыттарындағы купе вагондарына -35% жеңілдік

Акция тек сәуір айының сәрсенбі күндеріне, яғни 2, 9, 16, 23 және 30 сәуірге сатып алынған билеттерге қолданылады

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан, теміржол вокзалдарындағы кассалардан немесе Android жүйесіндегі «Билет КТЖ» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Сапарыңызды тиімді әрі ыңғайлы ету үшін «Сәтті Сәрсенбі» акциясын таңдаңыз!
🚄 Астана-Алматы по акции «Сәтті Сәрсенбі»: Тальго со скидкой -35% весь апрель!

📲В апреле пассажиры могут путешествовать между Астаной и Алматы за 13 919 тенге поездами «Тальго».

📍Основные условия акции:

Скидка -35% на билеты в купейные вагоны поездов №3/4 и №9/10

Акция действует по средам: 2, 9, 16, 23 и 30 апреля
Билеты по сниженной цене доступны только на вышеуказанные даты

Билеты можно приобрести на сайте bilet.railways.kz, в билетных кассах вокзалов и через мобильное приложение «Билет КТЖ» для Android

Планируйте поездку заранее и выбирайте акцию «Сәтті Сәрсенбі» для выгодного путешествия!
Бірінші тоқсандағы теміржол көлігімен астықты рекордтық тасымалдау

ҚТЖ желісі бойынша соңғы бес жылда бірінші тоқсанда астық тасымалдаудың рекордтық көлеміне қол жеткізілді. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында темір жол көлігімен 3,6 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49% артық. Экспортқа 2,8 млн тонна жөнелтіліп, өсім 52% құрады. Республика бойынша 788 мың тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 38% көп.

Үш ай ішінде Иранға астық тасымалдау 11 есе, Балтық жағалауы елдеріне бес есе өсті.

Қытай бағытында қосылған құны жоғары өңделген астық өнімдері, атап айтқанда құрама жем көлемінің тұрақты өсу серпіні байқалады. Олардың көлемі үш айда 500 мың тоннадан асып, өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есеге артты.

Наурыз айында ҚТЖ желісі бойынша астықты тиеу көлемі де соңғы бес жылда жаңа рекорд орнатты және 1,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63% артық. Астықтың ішкі тасымалы 43% өсіп, 290 мың тоннаға жетті, ал экспорттық жөнелтілім 70% артып, 914 мың тоннаны құрады.

Наурызда барлық негізгі бағыттар бойынша экспорттың өсуі тіркелді. Орталық Азия елдеріне 463 мың тонна астық жөнелтілді, бұл өткен жылғы деңгейден 48% артық.

Өзбекстанға астық тасымалдау 28%, Тәжікстанға — 80%, Түрікменстанға — 18%, Қырғызстанға алты есе өсті. Ауғанстанға жеткізілім 23% өсті. Ақтау және Құрық порттары арқылы Иран бағытында тасымалдау 18 есе, Қара теңіз порттары арқылы — 35%, Балтық порттары арқылы — 26%, Балтық елдеріне 10 есе артты.

ҚТЖ сенімді логистиканы және астық нарығына қатысушылармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді жалғастыруда. Көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ вагон мен локомотив паркі мәлімделген тасымалдау көлемін орындауға толық дайын.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

________

Рекордные перевозки зерна железнодорожным транспортом в 1 квартале

По сети КТЖ достигнут рекордный объем перевозок зерна в первом квартале за последние пять лет. За январь-март текущего года железнодорожным транспортом перевезено 3,6 млн тонн зерна, что на 49% больше, чем за аналогичный период прошлого года. На экспорт отправлено 2,8 млн тонн, рост составил 52%. По республике перевезено 788 тыс. тонн зерна, что на 38% больше прошлогоднего показателя.

За три месяца перевозки зерна в направлении Ирана увеличились в 11 раз, в страны Прибалтики — в пять раз.

В направлении Китая наблюдается устойчивая динамика роста объемов переработанной зерновой продукции с высокой добавленной стоимостью, в частности комбикормов. Их объем за три месяца превысил 500 тыс. тонн, увеличившись в 5,5 раза по сравнению с прошлым годом.

Объем погрузки зерна в марте по сети КТЖ также установил новый рекорд за последние пять лет и составил 1,2 млн тонн, что на 63% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Внутренние перевозки зерна увеличились на 43% и достигли 290 тыс. тонн, а экспортные поставки выросли на 70%, составив 914 тыс. тонн.

В марте зафиксирован рост экспорта во всех ключевых направлениях. В страны Центральной Азии отправлено 463 тыс. тонн зерна, что на 48% превышает уровень прошлого года.

Перевозки зерна в Узбекистан увеличились на 28%, в Таджикистан — на 80%, в Туркменистан — на 18%, в Кыргызстан — в шесть раз. В Афганистан поставки выросли на 23%. Через порты Актау и Курык в направлении Ирана перевозки увеличились в 18 раз, через Черноморские порты — на 35%, через Балтийские порты — на 26%, в страны Прибалтики — в 10 раз.

КТЖ продолжает обеспечивать надежную логистику и эффективное взаимодействие с участниками зернового рынка. Транспортная инфраструктура, а также вагонный и локомотивный парк полностью готовы к выполнению заявленных объемов перевозок.

Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
👍1
«Астана-Алматы» бағытындағы «Тальго» пойыздарының қозғалыс бағыты өзгертілді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана мен Алматы қалалары арасында қатынайтын № 4/3 және № 10/9 «Тальго» пойыздарының қозғалыс бағытына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. 2025 жылдың сәуір айынан бастап бұл пойыздар Шу станциясына тоқтамай, тікелей маршрутпен қатынайтын болады.

Шу станциясы – теміржол желісіндегі тораптық маңызы бар нысан болып саналады және мұнда локомотив ауыстыру жұмысы талап етіледі. Аталған өзгеріс логистиканы оңтайландыруға, сондай-ақ, Астана мен Алматы арасындағы жол жүру уақытын қысқартуға бағытталған. Сонымен қатар, Шу станциясында жолаушылар легінің төмендігі де ескерілген.

Шу станциясында отырғысы немесе түскісі келген жолаушылар үшін балама бағыттар қарастырылған. Бұл бағыттарда стандартты вагондардан құралған әлеуметтік маңызы бар пойыздар, сондай-ақ, келесі «Тальго» құрамдары қатынайды:

Астана мен Шу арасындағы пойыздар:

• № 72/71 «Астана – Шымкент»
• № 86/85 «Астана – Шымкент»

Шу мен Алматы арасындағы пойыздар:

• № 1/2 «Ташкент – Алматы»
• № 11/12 «Шымкент – Алматы»
• № 25/26 «Шымкент – Алматы»
• № 27/28 «Орал – Алматы»

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардан енгізілген өзгерістерге түсіністікпен қарауды және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

________

Нацперевозчик сообщает об изменении маршрутов поездов «Тальго» Астана — Алматы

АО «Пассажирские перевозки» информирует пассажиров об изменениях в маршрутах движения поездов «Тальго» № 4/3 и № 10/9, курсирующих между Астаной и Алматы. С апреля 2025 года указанные поезда будут следовать по прямому маршруту без заезда на станцию Шу.

Станция Шу является узловой и требует смены локомотива. Данное решение принято в связи с оптимизацией логистики и сокращения общего времени в пути между Астаной и Алматы. Кроме того, пассажиропоток со станции Шу является низкой.

Пассажиры, планирующие посадку или высадку на станции Шу, могут воспользоваться альтернативным маршрутами - социально-значимыми поездами, сформированными из стандартных вагонов, а также следующими поездами «Тальго»:

Поезда между Астаной и Шу:
• № 72/71 «Астана — Шымкент»
• № 86/85 «Астана — Шымкент»

Поезда между Шу и Алматы:
• № 1/2 «Ташкент — Алматы»
• № 11/12 «Шымкент — Алматы»
• № 25/26 «Шымкент — Алматы»
• № 27/28 «Орал — Алматы»

АО «Пассажирские перевозки» приносит извинения за возможные неудобства, связанные с изменением маршрутов.

Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки»
ҚТЖ-да Словения компанияларымен кездесу өтті
 
     ҚТЖ басшылығы Словения компанияларының (Actual IT Group, Riko, Kontron, SOP International)  өкілдерімен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді.
IT-шешімдер, логистика, энергетика және көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ теміржол өнеркәсібі саласындағы компаниялар басшылары Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар делегациясының құрамында ресми сапармен Қазақстанға келді.
      Тараптар көлік-логистикалық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін, порттар мен логистикалық орталықтар үшін цифрлық өнімдер бөлігінде бірлескен жобаларды әлеуетті іске асыруды, магистральдық теміржол желісін электрмен жабдықтау құрылғыларын жаңғыртуды және т.б. талқылады.
        Кездесуге қатысушылар екі елдің ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге бағытталған бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.
 
____


 В КТЖ состоялась встреча с компаниямиСловении
 
Руководство КТЖ провело встречу с представителями компаний Словении (Actual ITGroup, Riko, Kontron, SOP International) по вопросам сотрудничества в сфере траспорта и логистики.
Главы компаний в области IT-решений, логистики, энергетики и транспортной инфраструктуры, а также железнодорожной промышленности прибыли в Казахстан с официальным визитом в составе делегации Президента Словении Наташи Пирц-Мусар.
Стороны обсудили возможности расширения транспортно-логистических связей, вопросы сотрудничества в рамках развития Транскаспийского международного транспортного маршрута, потенциальной реализации совместных проектов в части цифровых продуктов для портов и логистических центров, модернизации устройств электроснабжения магистральной железнодорожной сети и другие.
Участники встречи выразили готовность к совместной работе, направленной на дальнейшее расширение сотрудничества двух стран.

Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
2
Жасөспірімдер пойыз вагонына жармаспақ болды

Шымкент қаласының вокзалында жасөспірімдердің теміржол ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді. «Атырау – Алматы» бағытындағы №42 жолаушылар пойызының жөнелтілуі кезінде үш жасөспірім соңғы вагонға жармасып мінуге әрекет жасаған. Аталған заңсыз әрекет теміржол қауіпсіздігі ережелерін елемеумен қатар, ауыр қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін еді.

Оқиғаны Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты вокзалдың кезекшісі Мейірбек Керімбеков дер кезінде байқап, бірден станция кезекшісі мен желілік полиция қызметкерлеріне хабар берген. Теміржол қызметкерлері мен полицияның жедел әрекетінің арқасында жасөспірімдер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жеке тұлғалары анықталып, оқиғаның мән-жайы зерттеліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

Оқиға салдарынан пойыздың жөнелтілуі бес минутқа кешігіп, құрам сағат 01:28-де қозғалысын қайта жалғастырды.
Ұлттық тасымалдаушы вагонға жармасу сынды әрекеттердің теміржол көлігі қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу болып саналатынын және бұл адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін қатаң түрде ескертеді. Мұндай құқықбұзушылықтар ауыр жарақаттар мен адам өліміне алып келуі мүмкін.

Қолданыстағы ережелер мен талаптарға сәйкес, жолаушылар пойызға тек вокзалдар мен станцияларда орналасқан арнайы жабдықталған платформалар арқылы ғана міне және түсе алады. Техникалық аймақтарға өтуге, сондай-ақ вагондардың сыртқы бөліктеріне жармасуға қатаң тыйым салынады.

Техникалық аялдамалар кезінде пойыздан шығуға қатаң тыйым салынады. Құрам елді мекеннен тыс жерлерде тоқтаған жағдайда да жолаушыларға сыртқа шығып серуендеуге немесе темекі шегуге рұқсат етілмейді. Аталған шектеулер жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізілген.

Сондай-ақ жолаушыларға теміржол жолдарын белгіленбеген жерлерден кесіп өтуге қатаң тыйым салынады. Теміржол нысандары аумағында мас күйде жүруге де жол берілмейді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ата-аналарға жасөспірімдердің арасында теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, компания азаматтарды қырағылық танытуға және қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын байқаған жағдайда, дереу теміржол қызметкерлеріне немесе желілік полицияға хабар беруге шақырады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Подростки пытались зацепиться за хвостовой вагон
 
На железнодорожном вокзале города Шымкент зафиксирован случай грубого нарушения правил безопасности. Трое подростков в пытались зацепиться за хвостовой вагон пассажирского поезда №42 «Атырау-Алматы». Инцидент произошел в 01:20, во время отправления состава.
 
Нарушителей заметил дежурный по вокзалу Шымкентского отделения магистральной сети Керимбеков Меирбек. Осознав реальную угрозу их жизни, он оперативно сообщил о происшествии дежурному по станции и сотрудникам линейной полиции. Благодаря скоординированным действиям железнодорожников и правоохранительных органов подростки были задержаны и переданы в полицию для установления личности, выяснения всех обстоятельств и привлечения к ответственности.
 
В результате происшествия поезд задержался на пять минут и продолжил движение в 01:28.
 
Национальный перевозчик категорически предостерегает и предупреждает, что зацепление за вагоны является грубым нарушением правил безопасности на железнодорожном транспорте и представляет непосредственную угрозу жизни и здоровью. Подобные случаи могут повлечь за собой тяжёлые травмы или летальный исход.
 
Согласно установленным правилам и регламентам, пассажирам запрещается осуществлять посадку и высадку вне специально отведенных для этого мест — только на вокзалах и станциях, оборудованных посадочными платформами.
 
Категорически запрещено находиться в технических зонах и пытаться зацепиться за внешние части вагонов. Такие действия создают серьёзную угрозу жизни и здоровью.
 
Во время технических остановок выход из поезда запрещён. Пассажирам не разрешается покидать вагон для прогулок, курения или иных целей, даже если поезд стоит в степной местности. Эти ограничения установлены в целях обеспечения безопасности.
 
Также пассажирам запрещается переходить железнодорожные пути в неустановленных местах. Пребывание на объектах движения железнодорожного транспорта в состоянии алкогольного опьянения строго запрещено.
 
АО «Пассажирские перевозки» обращает особое внимание родителей на необходимость проведения профилактической и разъяснительной работы с несовершеннолетними. Гражданам рекомендуется проявлять бдительность и при выявлении фактов нарушения правил безопасности незамедлительно информировать сотрудников железной дороги или  линейной полиции.
 
Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки»
1
КТЖ пресс-релизы pinned «ҚТЖ-да Словения компанияларымен кездесу өтті        ҚТЖ басшылығы Словения компанияларының (Actual IT Group, Riko, Kontron, SOP International)  өкілдерімен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді. IT-шешімдер, логистика…»
2025/07/13 12:05:18
Back to Top
HTML Embed Code: