Warning: Undefined array key 0 in /var/www/tgoop/function.php on line 65

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/tgoop/function.php on line 65
2349 - Telegram Web
Telegram Web
«Алматы – Ташкент» пойызының жолсерігі баланың өмірін құтқарып қалды

№001 «Алматы – Ташкент» пойызының жолсерігі сапар кезінде жағдайы күрт нашарлаған 9 жастағы балаға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін құтқарып қалды. Қайғылы жағдайдың алдын алуға жолсеріктің шапшаңдығы мен кәсіби біліктілігі шешуші рөл атқарды.
Келес станциясында шекаралық және кедендік тексеру кезінде Ташкентке емделуге бара жатқан 9 жастағы Ярослав Ч.-тің жағдайы кенеттен нашарлап кетті. Бала есінен танып, дереу дәрігерлік көмек қажет болды.
Жолсерік Қуатбек Дауылбаев жағдайдың күрделі екенін бірден байқап, дереу әрекет етті. Ол баланың тілінің артқа кетуінің алдын алып, басын қауіпсіз қалыпқа келтірді және тыныс алу жолдарының ашық болуын қамтамасыз етті.Кәсіби әрі уақтылы көрсетілген көмектің арқасында баланың жағдайы тұрақтанып, өмірі сақталып қалды.
Пойыз бастығы жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақыртты. Келес станциясына жеткенде, медициналық бригада пойызды қарсы алып, баланы шұғыл түрде Ташкент қаласындағы ауруханаға жеткізді.
Балақайдың анасы Қуатбек Дауылбаевқа кәсіби біліктілігі, зейінділігі мен адамгершілігі үшін шын жүректен алғысын білдірді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық жолсеріктер жыл сайын алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы дайындықтан өтетінін еске салады. Бұл дайындық олардың төтенше жағдайларда жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

_____


Проводник поезда «Алматы-Ташкент» спас жизнь ребенку

Во время поездки поезда №001 сообщением «Алматы-Ташкент» проводник спас жизнь 9-летнему мальчику, которому внезапно стало плохо в пути. Благодаря его оперативным действиям удалось избежать трагедии.
На станции Келес, во время погранично-таможенного досмотра, резко ухудшилось самочувствие 9-летнего пассажира Ярослава Ч., следовавшего с мамой в Ташкент на лечение. У ребёнка начались судороги и ситуация требовала немедленной медицинской помощи.
Проводник поезда Куатбек Дауылбаев, заметив резкое ухудшение состояния ребёнка, незамедлительно оказал первую медицинскую помощь. Он предотвратил западение языка, аккуратно зафиксировал голову мальчика в безопасном положении и обеспечил проходимость дыхательных путей. Благодаря его грамотным действиям удалось стабилизировать состояние ребёнка и спасти ему жизнь.
Начальник поезда оперативно вызвал скорую помощь на ближайшую станцию. К моменту прибытия состава на станцию Келес медицинская бригада уже ожидала поезд. Ярослав был экстренно госпитализирован в медицинское учреждение города Ташкент.
Его мама выразила огромную благодарность проводнику Куатбек Дауылбаеву за внимательность, профессионализм и неравнодушие.
Нацперевозчик напоминает, что все проводники ежегодно проходят обучение по оказанию первой медицинской помощи. Эти навыки позволяют им оперативно действовать в экстренных ситуациях и обеспечивать безопасность пассажиров в пути.
Пресс-служба АО

«Пассажирские перевозки»
👍3
КТЖ пресс-релизы
Photo
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

№67/68 «Астана-Өскемен» бағытындағы пойызда спутниктік интернеттің іске қосылуы

Құрметті масс-медиа өкілдері!

🚄 Ұлттық тасымалдаушы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ сіздерді №67/68 «Астана – Өскемен» бағытындағы Talgo пойызында жоғары жылдамдықты спутниктік интернеттің іске қосылуына арналған шараға қатысуға шақырады.

🗓 Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 22 сәуір, сағат 16:30
📍 Өтетін орны: «Нұрлы жол» теміржол вокзалы (Астана қ., М. Тынышбайұлы көшесі, 8), перрон, 1-жол.

🛰 Eutelsat OneWeb, Jusan Mobile және Kaztechnology компанияларымен әріптестік аясында вагондарға жаңа буындағы спутниктік интернет технологиясы орнатылды. Келесі бағытқа спутниктік интернетті енгізу № 3/4 «Астана – Алматы» пойызында сәтті өткен пилоттық жобаның негізінде жүзеге асырылуда.

Аккредитация міндетті!
Қатысу үшін өтінімдеріңізді жолдауыңызды сұраймыз.
📧 sara.sakhynbek@mail.ru
📱 WhatsApp: 8 701 953 60 66 (байланыс нөмірі – Сара Сахынбек).

ПРЕСС-АНОНС

Подключение спутникового интернета на поезде №67/68 «Астана-Оскемен»

Уважаемые представители масс-медиа!


🚄 Национальный перевозчик АО «Пассажирские перевозки» приглашает вас принять участие к подключению высокоскоростного спутникового интернета по маршруту поезда №67/68 «Астана-Оскемен».

🗓 Дата и время: 22 апреля 2025 года, 16:30
📍Место проведения: ЖД вокзал «Нұрлы жол» (г. Астана, ул. М. Тынышбайұлы, 8) перрон 1 путь.

🛰 Благодаря сотрудничеству с ведущими технологическими компаниями Eutelsat OneWeb, Jusan Mobile и Kaztechnology, в вагоне внедрены передовые технологии подключения спутникового интернета нового поколения, успешно прошедшего первый этап пилотного проекта в поезде №3/4 «Астана-Алматы».

Аккредитация обязательна!
Для участия просим вас направить свои данные и пройти аккредитацию.
📧 sara.sakhynbek@mail.ru
📱 WhatsApp: 8 701 953 60 66 (контактное лицо — Сара Сахынбек).
1
№67/68 «Астана–Өскемен» бағыты бойынша жүретін екінші пойызға спутниктік интернет қосылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №67/68 «Астана–Өскемен» бағытында жоғары жылдамдықты спутниктік интернет қызметін іске қосты. Бұған дейін пилоттық жобаның алғашқы кезеңі №3/4 «Астана–Алматы» пойызында сәтті жүзеге асырылып, жаңа қызметті 24 000-нан астам жолаушы пайдаланды.
Жаңа технология теміржол саласын цифрландыру шеңберінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Eutelsat OneWeb, Jusan Mobile және Kaztechnology компанияларының бірлескен серіктестігі аясында енгізілді.
Talgo пойыздарындағы бұрыннан орнатылған мультимедиялық жабдық техникалық жағынан қайта бапталып, жолаушыларға Vputi.kz медиапорталымен қатар, интернетке де еркін қосыла алады.
OneWeb жүйесі төмен орбиталы спутниктердің көмегімен тіпті қолжетімсіз аумақтарда да тұрақты интернетпен қамтуға мүмкіндік береді. Қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін жетеді. Байланыстың сенімділігі арнайы бейімделген жабдық арқылы қамтамасыз етіледі, ол пойыз қозғалысы кезінде және әлсіз желі аймақтарында да үздіксіз жұмыс істейді.
№3/4 «Астана–Алматы» пойызында жүргізілген пилоттық жоба жолаушылар тарапынан интернетке деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Сауалнама қорытындысы бойынша, жолаушылардың басым бөлігі интернетті жақындарымен байланысу (27%), жұмыс істеу (25%) және ойын-сауық контентін көру (22%) мақсатында пайдаланғаны белгілі болды.
«Астана–Өскемен» бағыты — спутниктік интернетпен жабдықталған екінші Talgo пойызы. Бұл бастама — барлық 15 бағытты кезең-кезеңімен интернетпен қамтуды көздейтін кең ауқымды жоспарымыздың бір бөлігі. Біз саяхаттарды заманауи талаптарға сай, ақпарат пен байланысқа қолжетімділікті қамтамасыз ететіндей етіп дамытуға ұмтыламыз. Бұл жоба жолаушыларға байланыста қалып, әрі жұмыс істеп, әрі демалуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта Talgo пойыздарының барлық бағытын толық цифрлық сервистермен қамтуды жоспарлап отырмыз» - деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.
Жоба шеңберінде билеттерді тексеруге арналған мобильді терминалдар, пойыз басшылары үшін бейнерегистраторлар және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Барлық жазбалар автоматты түрде бұлтты деректер қоймасында сақталып, бақылау мен қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ғаламтордың енгізілуі мейрамхана вагонындағы төлем жүйесіне өзгеріс әкелді – енді жолаушылар тапсырыстарын жол барысында POS-терминалдар арқылы төлей алады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Второй поезд №67/68 «Астана-Оскемен» подключили к спутниковому интернету
 
АО «Пассажирские перевозки» запустил второй поезд с высокоскоростным спутниковым интернетом на маршруте №67/68 «Астана-Оскемен». Первый этап пилотного проекта был успешно реализован в поезде №3/4 «Астана-Алматы», где новой услугой уже воспользовались более 24 000 пассажиров.
 
Новая технология внедрена АО «Пассажирские перевозки» в партнёрстве с Eutelsat OneWeb, Jusan Mobile и Kaztechnology в рамках развития цифровизации железнодорожного транспорта.
 
Для подключения используется уже имеющееся мультимедийное оборудование в вагонах Talgo, которое было технически перенастроено. Это позволило расширить его функциональность — теперь, помимо внутреннего медиапортала
Vputi.kz, пассажирам предоставлен полноценный доступ к интернету.
 
Система OneWeb с низкоорбитальной спутниковой группировкой обеспечивает стабильный интернет даже на труднодоступных участках маршрута. Скорость подключения достигает до 100 Мбит/с. Стабильность соединения поддерживается благодаря оборудованию, адаптированному для работы в движении и при переменном покрытии.
 
Пилотный проект в поезде №3/4 «Астана-Алматы» показал высокую востребованность услуги среди пассажиров. Согласно опросу, пассажиры чаще всего использовали интернет для общения (27%), работы (25%) и просмотра развлекательного контента (22%).
 
«Маршрут «Астана-Оскемен» стал уже вторым направлением, где внедрён спутниковый интернет в поезде Talgo. Это часть нашей стратегии по поэтапному подключению всех 15 маршрутов
. Мы стремимся, чтобы поезд стал для пассажиров не просто средством передвижения, а комфортным и функциональным пространством, где можно оставаться на связи, работать и отдыхать. В ближайшее время планируется обеспечить цифровой комфорт на всех маршрутах поездов Talgo», — подчеркнул Ануар Ахметжанов, Председатель Правления АО «Пассажирские перевозки».
 
В рамках проекта внедрены мобильные терминалы проводников для проверки билетов, нагрудные видеорегистраторы для начальников поездов и системы видеонаблюдения. Все записи автоматически сохраняются в облачном хранилище, что повышает уровень контроля и безопасности.
 
Кроме того, внедрение интернета изменило способ оплаты в вагоне-ресторане — теперь пассажиры могут оплачивать заказы в пути через POS-терминалы.
 
Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки» 
2
Jibek Joly» туристік пойызы KITF көрмесінде «Үздік туристік өнім» деп танылды

Алматы қаласында өтіп жатқан 23-ші Қазақстандық халықаралық туристік көрме – Kazakhstan International Tourism Fair (KITF) Орталық Азиядағы туризм және оған іргелес салалар бойынша ең ірі кәсіби алаң саналады. Көрме аясында Ұлттық тасымалдаушы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Үздік туристік өнім» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Бұл құрмет ТМД аумағында алғаш рет жүзеге асырылған халықаралық туристік бағыт — «Jibek Joly» пойызының табысты іске асырылуының нәтижесі ретінде берілді.
Бұл жоба Мемлекет басшысының туристік әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылып, теміржол туризмін дамытуға бағытталған стратегиялық бастамалар қатарына жатады.
«Jibek Joly» халықаралық туристік пойызы іске қосылған күннен бастап жолаушылардың ерекше қызығушылығына ие болды. Қазіргі уақытқа дейін «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағыты бойынша төрт рейс сәтті орындалып, шамамен 1000 турист осы мәдени-танымдық бағытпен саяхаттады.
Пойыз құрамына отандық өндірістен шыққан 5 вагон кіреді, оның төртеуі купелік, біреуі мейрамхана-вагон. Қызмет көрсету деңгейінің жоғарылығы мен жайлылығы бұл жобаны Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм және теміржол қатынасы саласындағы табысты әрі стратегиялық маңызды ынтымақтастықтың көрнекі үлгісіне айналдырады.
Ұлттық тасымалдаушы «Jibek Joly» пойызының келесі сапарын 30 сәуірде іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жоба аясында жаңа халықаралық туристік бағыттарды кеңейту көзделуде.
Көрме барысында сондай-ақ ұлттық тасымалдаушының сенімді серіктестері мен туроператорлары туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, үздік адалдық бағдарламасы, инновациялық туристік өнім, мәдени-танымдық турлар мен жоғары клиентке бағдарланған қызмет көрсету салаларында үздіктер анықталды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

_

Турпоезд «Jibek Joly» признан «Лучшим туристическим продуктом» на выставке KITF

В Алматы проходит 23-я Казахстанская международная туристическая выставка Kazakhstan International Tourism Fair (KITF) — крупнейшая профессиональная площадка в Центральной Азии в сфере туризма и смежных отраслей. В рамках форума Национальный перевозчик АО «Пассажирские перевозки» был удостоен награды в номинации «Лучший туристический продукт» за успешную реализацию первого международного туристического поезда в СНГ — «Jibek joly».
Проект реализован в рамках поручения Главы государства по развитию туристического потенциала и является частью стратегических инициатив, направленных на расширение возможностей железнодорожного туризма.
С момента запуска международный туристический поезд «Jibek joly» вызвал большой интерес среди пассажиров. На сегодняшний день по маршруту «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарканд – Тараз – Алматы» успешно состоялись четыре поездки и порядка 1000 туристов уже выбрали этот культурно-туристический маршрут для своего путешествия.
Состав поезда включает 5 вагонов отечественного производства, среди которых 4 купейных и 1 вагон-ресторан. Высокий уровень сервиса и комфорта делает поезд наглядным примером успешного и стратегически важного сотрудничества между Казахстаном и Узбекистаном в сфере туризма.
Национальный перевозчик запускает очередной рейс поезда «Jibek Joly» уже 30 апреля и планирует дальнейшее расширение проекта, направленное на укрепление сотрудничества между странами и развитие новых международных туристических маршрутов.
В рамках форума также были вручены награды ведущим туроператорам и партнёрам Национального перевозчика за весомый вклад в развитие туризма — в номинациях за лучшую программу лояльности, инновационный турпродукт, культурно-познавательные туры и высокий уровень клиентоориентированности.
 
Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки» 
2025/07/14 16:10:19
Back to Top
HTML Embed Code: