Warning: Undefined array key 0 in /var/www/tgoop/function.php on line 65

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/tgoop/function.php on line 65
2248 - Telegram Web
Telegram Web
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жөнелту күні: 2025 жылғы 20 наурыз
Жөнелту уақыты: 16:35
Жөнелту орны: Алматы қаласы, Алматы-2 теміржол вокзалы
 
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!
«Жолаушылар тасымалы» АҚ сіздерді Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылатын туристік пойыздардың алғашқы сапарын ақпараттық қолдауға шақырады.
20 наурызда Алматы-2 вокзалынан «Jibek joly» «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағыты бойынша туристік пойызы жолға шығады.
21 наурызда «Keruen express» «Алматы – Түркістан – Самарқанд – Ташкент – Алматы» бағыты бойынша туристік пойызы сапарға аттанады.
Туристік пойыз жолаушыларға Қазақстан мен Өзбекстанның бай тарихи және мәдени мұрасымен танысуға, сондай-ақ екі елде өтетін Наурыз мейрамының думанды шараларын тамашалауға бірегей мүмкіндік ұсынады.
Екі сапарға жалпы саны 500-ге жуық турист қатысады. Барлық экскурсиялар кәсіби гидтердің жетекшілігімен өтеді, ал қалалар арасында қозғалу үшін жайлы автобустар қарастырылған.
Аталған жоба «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ, ҚР Туризм комитеті мен Көлік министрлігі, Kazakh Tourism, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен пилоттық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, турпакеттердің билеттері туристік агенттіктер арқылы сатылды.
Аккредитация алу үшін жеке куәліктің көшірмесін 2025 жылғы 20 наурыз күні сағат 12:00-ге дейін WhatsApp арқылы +7-701-953-60-66 (Сара Сахынбек) нөміріне жіберуіңізді сұраймыз.
 
____

ПРЕСС-АНОНС

Дата отправления: 20 марта 2025 года
Время отправления: 16:35
Место отправления: город Алматы, железнодорожный вокзал Алматы-2.
 
Уважаемые представители масс-медиа!
АО «Пассажирские перевозки» приглашает вас принять участие в информационном освещении запуска туристических поездов, приуроченных к празднованию Наурыз мейрамы.
20 марта с вокзала Алматы-2 отправится туристический поезд «Jibek joly», который проследует по маршруту «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарканд – Тараз – Алматы».
21 марта стартует туристический поезд «Keruen express», следующий по маршруту «Алматы – Түркістан – Самарканд – Ташкент – Алматы».
Туристический поезд предоставит пассажирам уникальную возможность познакомиться с богатой историей и культурой Казахстана и Узбекистана, а также увидеть праздничные торжества Наурыз мейрамы в обеих странах.
В двух турах примут участие около 500 туристов. Все экскурсии будут проводиться с участием профессиональных гидов, для передвижения по городам предусмотрены комфортабельные автобусы.
Данный проект реализуется в рамках пилотной программы АО «Пассажирские перевозки» и АО «Узбекистон темир йуллари», Комитета туризма и Министерства транспорта РК, Kazakh Tourism, а также при поддержке акимата города Тараз.
Стоит отметить, что билеты на турпакет продавались через туристические агентства.
Просим отправить удостоверение личности для аккредитации до 12:00 часов 20 марта 2025 года на WhatsApp +7-701-953-60-66 (Сара Сахынбек).
КТЖ пресс-релизы pinned «БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Жөнелту күні: 2025 жылғы 20 наурыз Жөнелту уақыты: 16:35 Жөнелту орны: Алматы қаласы, Алматы-2 теміржол вокзалы   Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері! «Жолаушылар тасымалы» АҚ сіздерді Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылатын…»
Наурыз мейрамында 450-ден астам турист «Jibek Joly» және «Keruen Express» пойыздарымен саяхатқа шықты

Наурыз мейрамында 450-ден астам жолаушы «Jibek Joly» және «Keruen Express» туристік пойыздарымен саяхатқа шықты. Ұлттық тасымалдаушы іске қосқан бұл бағыттар Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи орындарын аралап, Наурыз мерекесінің ерекше көктемгі атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді.
«Jibek Joly» туристік пойызы Алматыдан жолға шығып, «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағыты бойынша қозғалады. Сапар ұзақтығы – 6 күн, 2025 жылғы 20-25 наурыз аралығында өтеді. «Keruen Express» пойызы да Алматыдан шығып, «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Алматы» бағытымен жүреді, бұл сапар 5 күнге созылады – 2025 жылғы 21-25 наурыз аралығында.
Туристік пойыздар заманауи әрі жайлы отандық өндірістегі вагондардан жасақталған. Интерьері ұлттық нақыштағы дәстүрлі ою-өрнек элементтерімен безендірілген. «Keruen Express» құрамында 5 вагон бар (4 купелік және 1 мейрамхана-вагон), ал «Jibek Joly» пойызы 10 вагоннан (9 купелік және 1 мейрамхана-вагон) тұрады.
Пойыз маршруттары Қазақстан мен Өзбекстанның ең ірі мәдени және тарихи орталықтарын қамтиды. Түркістанда жолаушылар ЮНЕСКО тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне және Ұлы Жібек жолының атмосферасын бейнелейтін тарихи Керуен сарайына бара алады. Ташкентте туристер Хазрати Имам кешенін, Барақ хан медресесін, Абу Бакр Каффали Шаши мен Төле би кесенелерін аралап, «Magic City» ойын-сауық орталығында уақыт өткізе алады.
Самарқанд сапардың маңызды бөлігі болып табылады. Мұнда жолаушылар Шахи-Зинда кесенелер кешенін, Гур-Эмир кесенесін, сондай-ақ Регистан алаңын тамашалайды. Бұл алаңда әйгілі Шер-Дор, Тилля-Кари және Ұлықбек медреселері орналасқан. «Jibek Joly» пойызының соңғы аялдамасы – Тараз қаласы, Қазақстанның ең көне қалаларының бірі, тарихи және сәулет ескерткіштерімен танымал мекен.
Туристік пакет пойызбен жүруді, кәсіби гидтердің жетекшілігімен өтетін экскурсияларды, кіру билеттерін және трансферлерді қамтиды.
Бұл туристік пойыздар «ҚТЖ» ұлттық компаниясы тарапынан «Өзбекстан темір жолдары», ҚР Туризм комитеті, Көлік министрлігі, Kazakh Tourism, сондай-ақ Тараз қаласы мен Түркістан облысы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылды.
«Keruen Express» және «Jibek Joly» пойыздарының іске қосылуы теміржол туризмін дамытуға серпін беріп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға әрі өңірдің тарихи мұрасын дәріптеуге ықпал етеді.

Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки» 
В Наурыз более 450 туристов отправились в путешествие на поездах «Jibek Joly» и «Keruen Express»
 
В дни празднования Наурыз мейрамы более 450 пассажиров отправились в путешествие на туристических поездах «Jibek Joly» и «Keruen Express», которые были запущены Национальным перевозчиком. Маршрут турпоезда между Казахстаном и Узбекистаном позволит туристам посетить исторические места и насладиться весенней атмосферой праздника Наурыз.
 
Туристический поезд «Jibek Joly» отправился из Алматы и следует по маршруту «Алматы-Туркестан-Ташкент-Самарканд-Тараз-Алматы». Продолжительность тура составляет 6 дней — с 20 по 25 марта 2025 года. Поезд «Keruen Express»также отправился из Алматы и пройдет по маршруту «Алматы-Туркестан-Ташкент-Самарканд-Алматы», а путешествие на нем займет 5 дней — с 21 по 25 марта 2025 года.
 
Оба туристических состава сформированы из современных комфортабельных вагонов отечественного производства, интерьер которых оформлен в национальном стиле с элементами традиционного орнамента. «Keruen Express»включает 5 вагонов (4 купейных и 1 вагон-ресторан), а «Jibek Joly» состоит из 10 вагонов (9 купейных и 1 вагон-ресторан).
 
Маршруты поездов пролегают через знаковые культурные и исторические центры Казахстана и Узбекистана. В Туркестане пассажиры смогут посетить мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи, внесенный в список всемирного наследия ЮНЕСКО, а также исторический Караван-сарай, который воссоздает атмосферу Великого шелкового пути. В Ташкенте туристов ожидает экскурсия по историческому комплексу Хазрати-Имам, посещение медресе Барак-Хана, мавзолея Абу-Бакра Каффали Шаши и Толе-Би, а также возможность насладиться современными развлечениями, например, в тематическом парке «Magic City».
 
Самарканд станет еще одним ключевым пунктом маршрута, где пассажиры смогут увидеть комплекс Шахи-Зинда, мавзолей Гур-Эмир, а также площадь Регистан, включающую медресе Шер-Дор, Тилля-Кари и Улугбека. Завершающей точкой путешествия поезда «Jibek Joly» станет Тараз — один из древнейших городов Казахстана, известный своим богатым архитектурным наследием.
 
В стоимость туристического пакета включены проезд на туристическом поезде, туристическая программа с сопровождением профессиональных гидов, экскурсии с входными билетами и трансферы.
 
Туристические поезда организованы КТЖ при содействии «Узбекских железных дорог», Комитета туризма и Министерства транспорта РК, Kazakh Tourism, а также при поддержке акиматов города Тараз и Туркестанской области.
 
Запуск туристических поездов «Keruen Express» и «Jibek Joly» является важным шагом в развитии железнодорожного туризма, способствуя укреплению культурных связей между Казахстаном и Узбекистаном, а также популяризации исторического наследия региона.
 
Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки» 
Теміржолшылар Наурыз мейрамын атап өтті

Наурыз мейрамын тойлауға орай елордалық вокзал кешені аумағында теміржолшылардың этноауылы ашылды. Келген қонақтар мерекелік атмосфераға еніп, ұлттық тағамдардан дәм тата алды.
Биылғы мейрамды атап өту Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. Мереке түрлі түркі халықтарының мәдениетін біріктірді: киіз үйлерде Әзербайжан, Татарстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан дәстүрлері ұсынылды. Қонақтарға наурыз көже, бауырсақ пен палау ұсынылды, ал жарқын концерттік бағдарлама дайындаған ҚТЖ дарынды қызметкерлері мерекелік көңіл-күй сыйлады.

_


Железнодорожники отметили Наурыз мейрамы

В честь Наурыз мейрамы на территории столичного вокзального комплекса развернулся этноаул железнодорожников. Гости праздника смогли погрузиться в праздничную атмосферу, отведать национальные блюда.
В этом году празднование было посвящено 30-летию Ассамблеи народа Казахстана. Праздник объединил культуры различных тюркских народов: в юртах были представлены традиции Азербайджана, Татарстана, Турции, Туркменистана и Узбекистана. Гостей угощали наурыз коже, баурсаками и пловом, а праздничное настроение создавали талантливые сотрудники КТЖ, подготовившие яркую концертную программу.

Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
2025/05/12 20:55:14
Back to Top
HTML Embed Code: