Telegram Web
Forwarded from Қазақ Бабыл
Негізгі кинотеатрлар тізімі және олардың телефон нөмірлері 🤩

АСТАНА
Arman: +7 701 886 90 19
Арсенал: +7 701 520 59 78
ARU Cinema: +7 778 564 62 25
Kinopark Keruen: +7‒775‒612‒40‒60
Kinopark Saryarka: +7‒701‒870‒70‒03
Chaplin: нөмірі жоқ, Instagram бар

АЛМАТЫ
Lumiera: +77077828211
Cinemax Dostyk Multiplex: +77010267369
Kinoforum: +77750954083
Arman: +77089088080
Kinopark Esentai: +77750075757
Kinopark 5 Forum: +77074025709
Kinopark 8 Moskva: +77780990917, +77273317699
Kinopark Globus: +77473030335
Kinopark Atakent: +77024811890
Kinopark Aport: +77017780658, +7 (727) 312 15 00
Chaplin: нөмірі жоқ, Instagram бар

ШЫМКЕНТ
CINEMAX Shymkent Multiplex: +7‒778‒477‒22‒22 +7 (7252) 77‒22‒22
Pixel Cinema: +7‒700‒095‒97‒97

АҚТӨБЕ
Локомотив: +7 (7132) 21‒50‒37
Kinopark: +7 (7132) 77‒70‒25, +7‒701‒767‒46‒02

АҚТАУ
Kinoplexx: +7‒702‒293‒42‒41

АТЫРАУ
Арсенал: нөмірі жоқ, Instagram бар
Kinoplexx: +7‒778‒492‒83‒43

ҚАРАҒАНДЫ
Saryarka Cinema: +7 (7212) 213‒212, +7‒708‒439‒69‒09

ҚОСТАНАЙ
Zodiac: +7 (7142) 39‒01‒39

ҚЫЗЫЛОРДА
Kinoplexx: +7‒778‒833‒93‒96

ПАВЛОДАР
Cinema Kinoroom: +7‒700‒440‒09‒80

ПЕТРОПАВЛ
Новый свет: +7 (7152) 70‒30‒00

Нөмірлердің барлығы 2gis.kz сайтынан алынды.
Осы апта Қазақша дубляж екі фильм шықты. Олар "Жабайы робот" және "Веном". Керемет жаңалық. Бірақ бір гәп бар. Фильмдердің Алматыда сеансы өте қолайсыз. Фильмді түсте немесе таңертең көруге болады. Сеанстар саны аз. Мысалы Апорттағы Kinoplexx кинотеатрында Қазақша Веномның бар-жоғы екі сеансына Орысша 20 сеанс қойған. Ал "Жабайы роботтың" Қазақша сеансы жоқ.

Құрметті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Аида Балаева ханым, Республика күніне Республикамыздың мемлекеттік тілінде кино көре алсақ дұрыс болар еді. Мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз.
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Nursultan)
Республика күні құтты болсын!

Мемлекеттік тілді үйренгісі келмейтін, білсе де қолданғысы келмейтін азаматтары бар Республика күні құтты болсын!

Өз ана тілін менсінбей, орысша я арабша сөздермен былғайтын азаматтары бар Республика күні құтты болсын!

Мемлекеттік тілде қызмет алғысы келетін, мемлекеттік тілдегі өнімдерді тұтынғысы келетін азаматтардың құқығын таптайтын, кемсітетін компаниялары, мекемелері бар Республика күні құтты болсын!

Өз елінің емес, өзге елдің тілінде — орыс тілінде көбірек сөйлейтін, орыс тілін көбірек қолдайтын, орыс тілі ұйымын құрған, орыс тілі жылын жасаған басшысы бар Республика күні құтты болсын!
Веном және балалар уақыты

2005 жыл. Жетінші сынып оқимын. Әр жерден үзіп жиған ақшаға Сарыарқа кинотеатрына достарыммен барамыз. Киноға таңертең барамыз. Себебі ақшамыз тек таңғы сеансқа билет алуға жетеді. Кинотеатр басшылығы таңғы сеансқа тинейджер мен балаларға арналған фильмдерді әдейі қояды. Кинотеатр үшін таңертең балалар уақыты.

2024 жыл. Қазақстандағы кинотеатрлар қазақша дубляждаған Веном фильмін таңғы уақытқа қойып жатыр. Бірақ Веном балалар мен жасөспірімдерге арналған фильм емес. Веномның рейтингі +16. Мәселе кинотеатрларда секілді. Kinopark Kinoplexx, Chaplin Cinemas, Lumiera және басқа кинотеатрлар есінен адасқан болу керек немесе қазақша дубляжды көретін адамдарды жұмыссыз деп ойлайтын сияқты. Әйтпесе балалар уақытына +16 фильмді қоймас еді.
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Nursultan)
🇰🇿 Қазақстанда қазақша дубляждалған 2 фильм көрсетіліп жатыр: “Веном: Соңғы би” және “Жабайы робот”
🇺🇿 Өзбекстанда өзбекше дубляждалған 1 фильм көрсетіліп жатыр: “Жабайы робот”
🇦🇿 Әзірбайжанда әзірбайжанша дубляждалған фильмдер жоқ, бірақ түрікше дубляждалған фильмдер бар
🇰🇬 Қырғызстанда қырғызша дубляждалған фильмдер жоқ.

Қазақтар! Қазақ тілінің дамуына, қазақ тілінде контенттің көбеюіне шетелдік компаниялардың өздері атсалысып, көмектесіп жатыр. Осындай мүмкіндік бар кезде, неге өзіміз өз тілімізді қолдамаймыз? Мейлі қазақша дубляжының сапасы сіз ойлағандай керемет болмас, мейлі аудармасында қателері болсын, мейлі бұл жанрлар сізге мүлдем қызықты емес, мейлі ыңғайлы сеанс табылмас. Бірақ қазір таңдап, талғап отыратын уақыт емес. Биыл 5-6 фильмді жақсылап қолдасақ, келер жыл 10 шақты, одан кейін 20-30, сосын 50-100 фильм болады. Соны түсінейік те, ақшалай қолдайық. Бұл – тіліміздің дамуына өөөтеее үлкен мүмкіндік. “Мемлекет бүйтпейді, сөйтпейді. Өзіміздің компаниялар қолдамайды, анау-мынау” демей, әрқайсымыз үлес қосайық!
Бұлай болуын қаламасаңыз, міндетті түрде қазақша дубляжға барыңыз 🙌

"Веном: Соңғы би" фильмі 24 қазаннан бастап кинотеатрларда қазақ және орыс тілінде. Баршамыз қазақша дубляжды қолдайық 🇰🇿

#QazaqGrammar #ҚазақшаДубляж #Серіктестік #Venom
Forwarded from Ghost
Достар кеше ТМД нарығында шілдеде алғаш рет Sulpak Cinema-дан қазақша ресми дубляждалған Жексұрын мен 4" мультфильмі ресми Megogo онлайн-кинотеатрында пайда болды (Әзірше жалғыз Голливуд өнімдерін көруге мүмкіндік беретін платформа десек болады).

Өкінішке қарай, қазақша аудиожолақты қоспапты. Sulpak Cinema-ға байланысты ма, әлде басқа ма, түсінбей тұрмын. Кімге бұл мәселе немқұрайлы емес, өтініш Мегогоның ішіндегі пікірде қазақша дубляжды қосуын талап етіп немесе Мегогоның дайректіне жазып кетейікші. Егер әрекет етпесек, "Жабайы Роботты" да осындай тағдыр күтіп тұр.
Көбірек адам жазса, Мегого тезірек құлақ асатынына көзім жеткен 🙏
Forwarded from Ghost
https://www.instagram.com/p/DB-4KKIoulh/?igsh=c3VqYWlkajJmeTBp

Достар Megogo соңғы осындай пост салды бүгін. Қазақша дубляжды қосуын талап етейікші. Sulpak Cinema-мен байланысқа шығар деп үміттеніп отырмын. Megogo-да шықса, Hdrezka сияқты тегін ресурстарда да пайда болады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
МУФАСА. Арыстан патша. Ресми трейлер

2024 жылы Дисней бізді тағы бір қазақша фильммен қуантпақ. Желтоқсанда еліміздің барлық кинотеатрында "Муфаса. Арыстан патша" фильмін көрсететін болады.

Бұл жолы оқиға Симбаның әкесіне қатысты болмақ. Жас арыстандар - Така мен Муфаса патшалық құру үшін сапарға аттанады. Жолда олар көптеген шытырман оқиғаларды бастан кешетін болады. Жаңа достар тауып, басына түскен қиындықтарды жеңбек.

Така мен Муфасаның достығы сынға түскен әрі қызық әрі қауіпті сапар екеуіне оңай болмасы анық. Екеуі жаңа үй табу арманына жете ала ма екен? Соны анықтау үшін желтоқсанда кинотеатрларға шақырамыз.

Жас арыстандардың бақытын табуына тілектес болып, желтоқсанда кинотеатрларда бас қосайық ағайын.
🤡 «Үй сияқты пісіріңіз», «Үйде тамақ дайындау»

Бұл — Airba Fresh азық-түлік жеткізу сервисінің жарнамалық баннерінде жазылған сөздер.

Компания аудармашылары «Пёчем, как дома» деген сөйлемді «Үй сияқты пісіріңіз» деп аударған екен.

Airba Fresh азық-түлік жеткізу сервисінің басшысы — Эдуард Ким. Ол Technodom компаниясының да иесі.

Эдуард Ким Forbes басылымына берген сұхбатында Airba Fresh сервисін іске қосу үшін 4 млрд теңге кеткенін айтыпты.

Жақсы аудармашыға ақша қимай қалдыңыз ба, Эдуард мырза?🤔

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Technodom және Airba Fresh компаниялары туралы

Екі компанияның тіл туралы заңды бұзып жүргеніне қатысты 2023 және 2024 жылдары бірнеше хат жаздық. Тіпті әкімдік қызметкерлерімен бірге бардық. Компания басшылығы тыңдамайды және тыңдағысы келмейтін сияқты. Уәждерімізді тыңдау үшін қабылдамады.

@airbafresh компаниясының кешегі жазбасын қателескенін мойындауға жатқызу қиын. Себебі компания сайты, қолданбасы, өнімдері, командасы сол баяғысынша мемлекеттің тілін мойындамай келеді. Ең бастысы, компания басшылығы диалогқа шығуға еш ынталы емес. Егер әкімдіктің тіл саясатына жауапты лауазымды қызметкерлерін қабылдауға шамасы жетпей жатса, қазақтілді тұтынушыларын қайтсін.

Мүмкін Президент мырза мен оның аппаратының сөзі өтер!?
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Моана 2. Ресми трейлер

28 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрында Моана 2 анимациялық филмін көрсете бастайды.

Бұл жолы Моана есейіп, сұлу бойжеткенге айналды. Есейген Моана алдында жаңа міндеттер пайда болып, ол қайтадан кемеге мінуге мәжбүр. Туған жерінен жырақтағы сапарында Моанаға баяғы достары - Мұхит, Мауи және Хей-хей жанында болмақ. Достардың сапары сәтті болар ма екен? Осыны білу үшін 28 қарашадан бастап сіздерді кинотеатрларда асыға күтеміз.
Кеш жарық QJ

Бүгін әкімдік ozon.kz басшылығымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде ozon.kz қолданбасын қазақшалау, тауар сипаттамасын қазақша ету, тауарға пікірді (отзыв) қазақша жазу және жариялау мәселесін талқыладық. Ozon бастықтары интернет дүкеннің қазақша локализациясы нашар екенін мойындап отыр. Сөздеріне қарағанда компания локализация жүргізу үшін команда жалдағанға ұқсайды. 2025 жылдың бірінші тоқсанында бәрін қазақша етеміз деп уәде берді.
2024/11/20 06:27:21
Back to Top
HTML Embed Code: