Warning: Undefined array key 0 in /var/www/tgoop/function.php on line 65

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/tgoop/function.php on line 65
- Telegram Web
Telegram Web
Audio
Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Түнгі намаз екі, екі ракағат етіп оқылады, ал кім таң кіріп қоюынан қорықса, сол үтірін бір ракағат етіп оқысын", - деген және осыған мағыналас басқа хадистерінің түсіндірмесі.
Audio
Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арналған  таңдаулы тарауларды оқып аудару

Әйелдермен жақсы қарым-қатынас жасау туралы бап

Осы бапта келтірілген Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Сендердің әлдебіреуің әйелін құлын сабайтындай сабап, кейін кешке онымен төсектес бола ма?", - деген хадис.
Audio
📖🎙🔈 Шейх Абдуррахман әс-Сиғдидің "Бақытты өмір сүрудің пайдалы құралдары" жолдауын оқу

11) Қиялға келетін қорқынышты елестерге әрі жалған жорамал қауіп-қатерлерге берілмеңіз: Бұндай үрейлі елестер мен өтірік қауіптер уайым-қайғы мен аурулардың себебі болып табылады.

12) Жүректің Аллаһқа тәуелді болуы және Оған тәуекел етуі: Кім Аллаһ Тағалаға тәуекел етсе, Аллаһ Тағала оған жеткілікті болады.
Audio
📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 4-кеңес: Тазалық пен реттілік - сенің мінез-құлқыңның ұлылығының көрсеткіші.

📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:📚

Аллаһ Тағаланың:

إِنَّكَ لا تَهْدِي مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ (٥٦)

«Расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі», - деген сөздері туралы («әл-Қасас» сүресі, 56-аят).
Audio
🍃Әл-Бухаридің “әс-Сахихында” былай деп келтіріледі: «Абу Талиб өлім тұсында болғанда оған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келді. Сол кезде оның жанында Абдуллаһ ибн Абу Умайя мен Абу Жәхл болатын. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: “Уа көке, «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деп айтшы. Бұл сөздерді мен Аллаһтың алдында сен үшін құжат етейін”, - деді. Әлгі екеуі оған: «Сонда сен Абд әл-Мутталибтің дінінен бас тартпақсың ба?» - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз айтқан сөзін қайталады, әрі олар да өз айтқандарын қайталады. Әрі оның соңғы сөздері ол Абд әл-Мутталибтің дінінде қалатыны, әрі Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екенін жариялаудан бас тартатыны болды...
Сонда Абу Талибке қатысты Аллаһ Тағала келесі аятты түсірді:
«Расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі» («әл-Қасас» сүресі, 56-аят)» (әл-Бухари).
Audio
📖🎙🔉 "Имани сүйінішпен жылау"

"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

Оқуға арналған нұсқа
VID_20241019_115007_556.mp4
7.6 MB
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) МЕШІТІНДЕГІ ПАЛЕСТИНА БАУЫРЛАСТЫРЫМЫЗ ҮШІН ДҰҒА.
ДҰҒА ЕТЕЙІК БАУЫРЛАР
Audio
Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап

Айша (анамыздың), Ибн Масғудтың және Хузайфаның (Аллаһ оларға разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазының бейне-кейіпі туралы хадистерінің түсіндірмесі.
Audio
📖🎙🔈 Шейх Абдуррахман әс-Сиғдидің "Бақытты өмір сүрудің пайдалы құралдары" жолдауын оқу

13) Басқалардың қателіктері мен сізге тигізетін зиянына төзімділік таныту:

Әр адамның бойында қателік, кемшілік немесе сіз жек көретін нәрсе болуы мүмкін, сондықтан адамдардың жақсы жақтарына қараңыз.
Audio
Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арналған  таңдаулы тарауларды оқып аудару

Әйелдермен жақсы қарым-қатынас жасау туралы бап

Осы бапта келтірілген Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Мумин ер мүмин әйелді жек көрмесін, егер оған оның бір мінез-құлқы ұнамаса, басқасы ұнауы мүмкін", - деген хадис.
📌 Наным-сеніміңіз дұрыс па, тексеріп көріңіз?

https://www.tgoop.com/imani_negizder
Audio
📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 5-кеңес: Кемшіліктерді махабатыңның теңізіне батырып таста.

📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы
Audio
📚ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:

Адамдардың күпірлігінің және діндерін тастауының себебі ізгі-салиқалы кісілерді шектен тыс ұлықтауы болып табылатындығы туралы

🍃 Аса Құдіретті Аллаһ Тағала былай деді:

يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لا تَغْلُوا فِي دِينِكُمْ وَلا تَقُولُوا عَلَى اللَّهِ إِلا الْحَقَّ إِنَّمَا الْمَسِيحُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ رَسُولُ اللَّهِ وَكَلِمَتُهُ أَلْقَاهَا إِلَى مَرْيَمَ وَرُوحٌ مِنْهُ فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ وَلا تَقُولُوا ثَلاثَةٌ انْتَهُوا خَيْرًا لَكُمْ إِنَّمَا اللَّهُ إِلَهٌ وَاحِدٌ سُبْحَانَهُ أَنْ يَكُونَ لَهُ وَلَدٌ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأرْضِ وَكَفَى بِاللَّهِ وَكِيلا (١٧١)

«Әй, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаһқа қатысты шындықты ғана айтыңдар» («ән-Ниса» сүресі, 171).
Audio
🍃 Әл-Бухаридің «әс-Сахихында» Аллаһ Тағаланың: “Олар зор айлакерлік ойластырды және: «Құдайларыңды тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғус, Яғуқ және Насырды әсте тастамаңдар», - деді” («Нух» сүресі, 71: 21-23 аяттар)» - деген сөздеріне Ибн Аббастың жасаған тәпсірі келтірілген. Ол былай деді:
«Бұл – Нұх қауымындағы салиқалы адамдардың есімдері. Олар қайтыс болғаннан кейін шайтан олардың қауымына өздері жиналатын орындарда олардың ескерткіштерін орнатуды әрі оларды солардың есімдерімен атауды үйретіп азғырды да, олар бұл азғыруды орындады. Олар осылай істеді, бірақ алғашында оларға құлшылық етпейтін. Бұл ескерткіштерді орнатқандар қайтыс болып, білім ұмытылған соң адамдар оларға құлшылық ете бастады» (әл-Бухари 4920).
Ибн әл-Қайим былай деді: “Кейбір ертедегі мұсылмандар былай деп хабарлаған: «Олар қайтыс болғаннан кейін адамдар солардың қабірлерінде ыждағаттылықпен намаз оқитын болды, кейін олардың мүсіндерін орнатты, ал біраз уақыт өте келе, олар соларға құлшылық ете бастады»”.
Audio
📚ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:

Адамдардың күпірлігінің және діндерін тастауының себебі ізгі-салиқалы кісілерді шектен тыс ұлықтауы болып табылатындығы туралы

🍃 “Умардың, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Христиандар Мәриям ұлы Исаны ұлықтағанындай мені ұлықтамаңдар. Мен бар болғаны құлмын, сондықтан да: «Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі», - деп айтыңдар», – дегенін естігені туралы жеткізілген” (Бухари 3445, Ахмад 55, 47, 24, 23/1).
Audio
📚ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:
Адамдардың күпірлігінің және діндерін тастауының себебі ізгі-салиқалы кісілерді шектен тыс ұлықтауы болып табылатындығы туралы

🍃 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шектен шығушылықтан сақтаныңдар, өйткені шектен шығушылық сендерден бұрынғыларды опат етті», - деді (Ахмад «Муснадта» 347 215/1, Ибн Мәжаһ 4029, Ибн Хазм 2867, Хаким 466/1).
Audio
📚ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:

Адамдардың күпірлігінің және діндерін тастауының себебі ізгі-салиқалы кісілерді шектен тыс ұлықтауы болып табылатындығы туралы

🍃 Муслим Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Артық кетушілер жоқ болып жойылды», - деп айтып, осыны үш рет қайталағандығы туралы Ибн Масғудтың хадисін жеткізеді (Муслим 2680, Абу Дауд 4608, Ахмад 386/1).
Audio
📖🎙🔉 "Алпыстан асқандар және басқалар үшін"

"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

Оқуға арналған нұсқасы
2024/11/12 12:04:07
Back to Top
HTML Embed Code: