Бұл туралы Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі хабарлады деп жазды Bloomberg агенттігі.
Оңтүстік Корея Украинадағы әріптестерімен келіссөз жалғасып жатқанын айтты. Елдің сыртқы істер министрлігі Солтүстік Корея сарбаздарын "қудалау қаупі бар жерге жіберуге болмайды" деп мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Оның сөзінше, TikTok-та пайдалы контентке қарағанда, жастарға теріс әсер ететін зиянды ақпарат көп. "Аманат" партиясының мүшесі TikTok-тағы "әдепке, ұлттық құндылықтарға, дәстүр мен салтқа қайшы келетін, балалардың санасын улайтын, теріс әдеттерге шақыратын" контентке шектеу қоюды ұсынды.
Жанарбек Әшімжан бірқатар елде TikTok-қа ішінара я толық шектеу қойылғанын, желіге қатаң бақылау бар екенін айтты. Депутаттың сөзінше, балалар мен жасөспірімдер арасында танымал TikTok-қа кейінгі екі жылда 14,1 млн қазақстандық тіркелген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
"Власть" сайтының жазуынша, оған "Тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік ету" бабы бойынша айып тағылған.
"Власть" сайтының хабарлауынша, сотта көрсетілген видеолардың біреуі – Feminita-ның жаңа жылдық құттықтауы, екіншісінде Гүлзада Сержан мәслихат сайлауы кезінде Жанар Секербаеваның сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны туралы айтқан, бұл видео TikTok-та жарияланған.
Гүлзада Сержан сотта өзін еш жерде ешқандай қоғамдық бірлестік басшысы ретінде көрсетпегенін, оны бұл қызметке ешкім сайламағанын айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Есесіне, көрші елдерден көшіп келген қырғыздар ел азаматтығын алуда бірқатар қиындыққа кез болып жүр.
2024 жылы барлығы 7 мыңнан астам ресейлік (арасында қырғыз ұлтының өкілдері де бар) Қырғызстан төлқұжатын алған. Бұл көрсеткіш Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстан сияқты көрші елдерден келіп қырғыз азаматтығын алғандар санынан әлдеқайда көп.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жергілікті полиция Азаттыққа ақпаратты растап, тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Просто журналистика" арнасы жергілікті тұрғынға сүйене отырып, құлаған аппараттың суретін жариялады. Оның бұл аумаққа қалай түскені белгісіз.
Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың сөзінше, дрон Қазақстанның әскерилеріне тапсырылған. Ауыл ресейлік Капустин Яр полигонына жақын жатыр.
Журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы әлеуметтік желідегі парақшасында құлаған дрон ресейлік "Орлан-10" моделіне ұқсайды деп жазды. Оның сөзінше, бірқатар ресейлік және жергілікті медиа аппарат француздық SAGEM компаниясы жасаған Crecerelle барлау дронына ұқсайды деп айтса да, ашық дереккөздерден құлаған аппаратқа ұқсайтын моделін таппаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шығыс Қазақстан облысындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің дерегінше, Өскемен тұрғындары 2024 жылы Ресейге кетіп, Украина аумағындағы соғысқа қатысқан.
2025 жылы Өскемен қаласы №2 сотының қаулысына сәйкес, айыпталушылардың қайтыс болғанына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.
Қазақстанда шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқан азаматты қылмыстық жауапқа тарту 2014 жылы Украинаның Донецк және Луганск облыстарында соғыс басталғаннан кейін енгізілген.
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Оған сенсек, Ресей пропагандасы Қазақстан азаматтарының пікіріне әлі де әсер етіп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Депутаттардың кейбірі бұл үшін басқыншы елмен күресіп жатқан Украинаны кінәлауға болмайтынын айтса, енді бірі шабуылдың шынайы себебін анықтау үшін тергеу жүргізу керек дейді.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Ақпаратқа қарағанда, Стармер алдағы аптада Трамппен кездесуде жоспардың жай-жапсарын айтады.
Жағдайдан хабары бар Батыс шенеуніктерінің айтуынша, Стармер Ресей алда бітім шартын бұзатын болса, оған дайын болу үшін Шығыс Еуропаға АҚШ-тың жойғыш ұшақтары мен зымырандарын орналастыруға көндіргісі келеді.
Telegraph-тың хабарлауынша, "қауіпсіздік күштерін" құру жоспары осы аптада Парижде өткен Еуропа лидерлерінің саммитінде ұсынылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дәрігерлер "оқушылардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ" дейді.
🏫 Қобда аудандық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Қапашевтың сөзінше, жедел жәрдемнің үш көлігі бір сыныптың оқушыларын 18 ақпанда сағат 15.00 шамасында ауруханаға жеткізген. Ол кезде балалардың көзінен жас парлап, лоқсып жатқан. Денелері бөртіп, бастары айналған.
Аудан әкімдігінің хабарлауыгша, бір сынып түгел уланып қалған тіскебасарды оқушылардың бірі мектептен тысқары жерден сатып алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Компания бастапқыда "тау жынысы опырылып түсті" деп хабарлаған. Алайда құтқару тобы жер опырылмағанын анықтаған. Кеніштегі жұмыс тергеу аяқталғанға дейін тоқтаған. Компания жарылыстың себебі анықталып жатыр деді.
Өндіріс қауіпсіздігіне байланысты жиі сыналатын "Қазақмыс" қауіпсіздік стандарттарына түзету енгізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Корпорацияның дерегінше, олар еңбек қауіпсіздігіне 87 млрд теңгеден астам инвестиция салған.
17 ақпанда Ұлытау облысы "Жомарт" кенішіндегі апаттан жеті жұмысшы мерт болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
ХАМАС өкілдерінің хабарлауынша, олардың арасында екі баланың мәйіті бар, ХАМАС оларды кепілге алған кезде бірі – төрт жаста, екіншісі тоғыз айлық болған. Бұдан бөлек, Израильге олардың анасы мен тағы бір ересек адамның сүйегі берілген.
Балалар мен анасының туыстары мәйітті тану процедурасы аяқталғанға дейін оларды қайтыс болды деп хабарлауға қарсы болған.
Қызыл крест өкілдері төрт қара табытты Газа секторынан Израильге алып кетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
20 ақпанда Қазақстан экономика министрлігі мәжіліске салық кодексі жобасына түзетулер пакетін жолдады.
Өткен айда ҚҚС мөлшерін 12 пайыздан 20 пайызға көтеру жайлы айтылған еді. Бірақ президент Тоқаев үкіметке бұл мөлшерді көп деп, үкіметке дұрыстап есептеуді тапсырған.
Бұған дейін бизнес қауымдастық мұндай реформа көптеген ұсақ кәсіпорынның түбіне жетеді немесе оларды бизнесін жасырып жүргізуге мәжбүр етеді деп мәлімдеген. Экономистер ҚҚС көтерілсе, инфляция күшейетінін, көлеңкелі бизнес жанданатынын айтып, дабыл қаққан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Вашингтон мұны Украинаға қауіпсіздік кепілі ретінде ұсынбақ дейді дереккөздер.
Бұған дейін Киев пен Еуропа елдері Ресей соғыс тоқтаған соң күш жинап, Украинаға қайта шабуыл жасауы мүмкін деп мәлімдеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Аудандық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, мұндай жұмыс режиміне көшу туралы шешім тұрғындармен талқыланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Агенттік дереккөздерінің сөзінше, ресейлік шенеуніктер Трамптың келіссөз стратегиясын әлі түсіне алмай отыр. Олар Трамптың сыны «қақпан болуы мүмкін» деп те күдіктенеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Бұл туралы оның адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.
Оның айтуынша, 21 ақпан 10.00-ге белгіленген сот отырысы "істегі судьяның жеке және отбасындағы жағдайына" байланысты кейінге ысырылды.
Темірлан Еңсебек ісі бойынша негізгі сот талқысы бастапқыда 14 ақпанға белгіленіп, кейін оны 21 ақпанға жылжытқан еді. Оған "ұлтаралық араздық қоздырды" деген айып тағылған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Астананы Темірлан Еңсебекті босатуға, оған тағылған айыптарды алып тастауға үндеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Депутаттың айтуынша, құбыр арқылы мұнай жіберетін халықаралық компаниялар "тасымал тұрақты болуына мүдделі".
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM