Telegram Web
💬 Қырғызстанда Қазақстанның "Рэкетир 3" фильмін премьера күні прокаттан алып тастады

"Синематика" кинотеатрлар желісі мұндай шешімге не себеп болғанын айтпады.

🇰🇬 19 ақпанда Бішкекте қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир 3" фильмінің жабық көрсетілімі өткен, 20 ақпанда әлеуметтік желіде фильм актерлерімен бірге Руслан Қамшының жүрген видеосы тарады.

Руслан – қылмыс әлеміне танымал Қамшы Көлбаевтың ұлы, Көлбаевты 2023 жылғы күзде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің арнайы операциясы кезінде атып өлтірген.

Фильмді прокаттан алып тастауға мұның қатысы бар-жоғы ресми түрде айтылмады.

🇰🇿 "Рэкетир 3" фильмінде басты рөлді сомдаған актер Саят Исембаев желіге видео жариялап, "Руслан Қамшының фильмге қатысы жоқ, ол жабық көрсетілімге басқалар сияқты шақырылды" деп мәлімдеді. Актер Қырғызстан билігін фильмді көрсетуге рұқсат беруге үндеді, Исембаевтың пікірінше, қырғыз халқы бұл фильмді көруді күткен.

Фото: racketeer.3

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 АҚШ пен Ресей өкілдері кейінгі бірнеше айда Швейцарияда Украина бойынша бейресми кездесулер өткізген

Бұл жөнінде үш дереккөзге сүйенген Reuters агенттігі жазды.

🟢Агенттіктің хабарлауынша, олардың кейбірі Дональд Трамптың 2024 жылғы қарашада президент сайлауындағы жеңісінен кейін өткен. Reuters дерегінше, кейінгі кездесулердің бірі биыл 14-16 ақпан аралығында Германияда өткен Мюнхен қауіпсіздік конференциясымен бір уақытта болған.

🇺🇸🇷🇺 Reuters дереккөздерінің мәліметінше, кездесулерге "дипломатия және қауіпсіздік саласында тәжірибесі бар" екі ел үкіметінің бейресми өкілдері қатысқан. Дереккөздер олардың аты-жөнін айтқысы келмеген.

🟢Дереккөздердің бірі Дональд Трамптың кейбір кеңесшісі бұл кездесулерден хабардар болған деп айтты. Тағы бірінің хабарлауынша, "екінші трек" шеңбері аясында өткен Швейцариядағы кездесулер нақты ұсыныс дайындауға емес, қарым-қатынасты жақсартуға және идеялармен алмасуға бағытталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 "Ақша жымқырды" деген күдікке ілініп, қазір қамауда отырған кәсіпкер, блогер, Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс…
💬 Қаржы мониторинг агенттігі Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың ісіне қосылған жаңа эпизодтың жай-жапсарын айтты

Агенттіктің хабарлауынша, іс Ақмола облысындағы "Батыр" қоғамдық бірлестігіне 2021 жылы оңалту орталығын салу мақсатында ақша жинау акциясымен байланысты.

🗣 "Перизат Қайрат тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен, осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан" деп жазылған ресми хабарламада.

Ведомствоның айтуынша, күдікті ұйымға құны 30 млн теңге тұратын жер телімін сатып алғанын мәлімдеген, алайда ол жер телімін бірлестіктің өзі 2019 жылы сатып алған.

Перизат Қайратпен жақын араласқан достары бұған дейін әлеуметтік желіде оның кінәлі екеніне сенбейтінін жазған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴 АҚШ дипломатиясының Украинадағы соғысты жылдам аяқтауға ұмтылысы мен Вашингтонның Мәскеумен қарым-қатынасын жандандыруға деген талпынысы Киев пен Еуропа елдерін үрейліндіріп отыр.

Олар қағажу қалғандай күй кешіп, Ресей үшін тиімді болатын келісім жасалмай ма деп алаңдайды.

🇨🇳 Бір қызығы, алаңдаушылар қатарында Қытай да бар.

🗣 "Қытайлар мұны Трамп президент болып сайланып, Украинадағы соғысты жылдам аяқтағысы келетінін айтқанда-ақ байқаған" деді АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың Қытай жөніндегі кеңесшісі болған Деннис Уайлдер.

🔗Толығырақ

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Ресей ішкі істер министрлігі Украинада ресейліктер жағында соғысқан қазақстандық Петр Мирошниченкоға уақытша баспана беруге дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін ол Ресей басшысы Владимир Путиннен өзіне Ресей азаматтығын беруді сұраған.

🇰🇿 Қазақстан заңы бойынша, шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мирошниченко Қазақстанда өзін түрме күтіп тұрғанын айтып, ол жаққа орала алмайтынын айтқан.

🇷🇺 Ресей ішкі істер министрлігіне қарасты көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқарманың телеграм-арнасында Мирошниченкоға қатысты қысқа хабарлама жарияланды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Украина президенті Владимир Зеленский америкалық блогер Лекс Фридманға берген сұхбатында Батыс елдеріне қарата бірқатар сыни мәлімдеме жасады 🇺🇦 Зеленский АҚШ пен Ұлыбританияны сынға алды. Олар 1994 жылы Ресеймен бірге Будапешт меморандумына қол қойып,…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Ресей Украина жеріне басып кіргелі көпшілік Будапешт меморандумын жаңа қырынан қарастыра бастады.

Кезінде бір одаққа кірген бірнеше елдің ядролық қарудан жаппай бас тартқаны да соғыс кезінде өзгеше бағамдалып жүр. Кезінде Украинаның ядролық қаруы орналасқан нысанда жұмыс істеген әскерилер жылдар өткен соң сол кездегі жайттарды ашық айта бастады.

Азаттық "Настоящее время. Док" арнасындағы әріптестерінің деректі фильмін ұсынады.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Ресей үкіметі Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына газ жіберетін құбыр салу туралы шешім қабылдады.

Жоспарға сай, магистральды газ құбыры Ресейдегі Түмен облысында салынады. Ол арқылы жылына 10 млрд текше метр газ тасымалданбақ, газ Қазақстанға экспортталады.

Бұған дейін Қазақстан энергетика министрлігінің елдің солтүстік пен шығыс өңірлеріне Ресейден газ тарту бойынша келіссөз жүргізіп жатқаны айтылған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Трамп пен Путин жақында кездесе ме?

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Трамп пен Путиннің кездесуі Украинадағы соғыс бойынша келіссөздің прогресіне байланысты болады деді. Бұл туралы ол журналист Кэтрин Херрингке берген сұхбатында айтты.

Рубионың сөзінше, екі президенттің кездесуі жақын уақытта болуы екіталай

🗣 "Соғысты аяқтау процесі алға жылжып, ал кездесуде келісім жасалатын болса, бәрі президент Трампты бітімгер ретінде қабылдайды" деді ол.

Путин бұған дейін Трамппен "шай я кофе ішу үшін кездесудің мәні жоқ" деген еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚽️ Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финал жеребесі тартылды. Былтырғы чемпион "Реал Мадрид" тағы бір мадридтік клуб "Атлетикомен" ойнайды. Францияның ПСЖ командасы мен Англияның "Ливерпуль" командасы кездеседі.

🔸 ПСВ (Нидерланд) – Арсенал (Англия)
🔸 Реал Мадрид (Испания) – Атлетико (Испания)
🔸 ПСЖ (Франция) – Ливерпуль (Англия)
🔸 Брюгге (Бельгия) – Астон Вилла (Англия)
🔸 Бенфика (Португалия) – Барселона (Испания)
🔸 Боруссия Д (Германия) – Лилль (Франция)
🔸 Бавария (Германия) – Байер (Германия)
🔸 Фейеноорд (Нидерланд) – Интер (Италия)

❗️1/8 финал ойындары екі матчтан тұрады. Команадалар алғашқы ойынды 4-5 наурызда, қарымта ойынды 11-2 наурызда өткізеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Ұлытау облысының прокуратурасы өңірдегі басты су реттеуші Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады

Прокуратураның хабарлауынша, 1952 жылы салынған су қоймасы (319 млн текшеметр су) мен оның гидротехникалық жабдықтары стратегиялық нысан болғандықтан мемлекет меншігінде болуы керек.

🗣 "Кезінде олар Kazakhmys Distribution жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балансына өткен. Оларды қайтару үшін облыс прокуратурасы су шаруашылығы министрінің атына ұсыныс енгізген. Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, нысанды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды" деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Прокуратураның хабарлауынша, енді нысанды жаңалау үшін су қоймасы мен оның гидротехникалық жабдықтарының ахуалын жан-жақты тексеру керек.

📌 Kompra.kz мәліметінше, Kazakhmys Distribution компаниясының құрылтайшысы – Голландияда тіркелген KCC B.V фирмасы. ҚазТАГ-тың жазуынша, ол Владимир Ким мен Эдуард Огайға қарайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 Алматының әкімшілік соты Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі Гүлзада Сержанға 393 мың теңге айыппұл салды "Власть" сайтының жазуынша, оған "Тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік ету" бабы бойынша айып тағылған. 🟠Полиция капитаны Бағдат…
🗣 Алматының әкімшілік соты Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваға да 393 мың теңге айыппұл салды

Сот Секербаеваға "Тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік ету" бабы бойынша айып таққан. Бұл туралы белсендінің онлайн-сот отырысына қатысқан Азаттық Азия тілшісі хабарлады.

Секербаева өзіне тағылған айыпқа келіспейді. Белсендінің сөзінше, ол еш жерде қандай да бір қоғамдық бірлестік басшысы деп көрсетілмеген.

🟠Бұған дейін әкімшілік сот Feminita-ның негізін қалаушылардың бірі Гүлзада Сержанды "тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік етті" деп айыптап, 393 мың теңге айыппұл салған.

🔵13-14 ақпанда Алматыдағы Feminita бастамасының іс-шарасына бірнеше адам кедергі келтіріп, шараны тоқтатпақ болған. Белсенділердің айтуынша, Feminita онда адам құқығы бойынша тренинг өткізген. Feminita өкілдері шараға кедергі келтірген топтың үстінен арыз жазған.

🟠"Қазақстандық ата-аналар одағы" бірлестігінің бұрынғы төрайымы Бағила Балтабаева мен оның жақтастары биліктен Feminita-ның жұмысына тыйым салуды, оның белсенділерін "экстремист" деп тануды талап еткен.

🔵Feminita өзін әйелдердің, жыныстық азшылық өкілдерінің құқығын қорғайтын ұйым деп таныстырады. Олар әділет министрлігіне бірнеше мәрте құжат тапсырып, тіркеле алмағанын айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Еуроодаққа мүше елдердің Ресейге қарсы 16-санкция пакетіне Қырғызстанда тіркелген Muller Markt және Profflab компаниялары ілікті

Мұндай ақпарат Euroshares тізімінде шықты. Азаттықтың Қырғыз қызметінің жазуынша, бұл компаниялар Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін көп ұзамай Қырғызстанда тіркелген.

Muller Markt компаниясы туралы ақпарат алғаш 2023 жылғы шілдеде пайда болды. Сол кезде АҚШ қаржы министрлігі компанияны Ресейге тыйым салынған технологиялар жіберді деп санкция салған.

2024 жылғы мамырда АҚШ-тың санкция тізіміне енген Profflab компаниясы Ресейдегі компанияларға америкалық электронды компоненттер жеткізген деп айтылды.

🇰🇬 Үш жыл ішінде Қырғызстанда тіркелген оннан астам компания Ресейге тыйым салынған тауар түрлерін экспорттағаны үшін санкцияға ілінген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Жаңаөзен соты қала әкімдігіне жұмыс сұрап барып, аштық жарияламақ болған қала тұрғыны 28 жастағы Жоламан Тұрғанбаевты 5 тәулікке қамады

Сот шешімінде 20 ақпанда Тұрғанбаевтың қала әкімдігіне барып, "жан-жағын қоршап алып, қоғамдық тәртіпті" бұзып, осылайша "ұсақ бұзақылық жасағаны" жазылған. Ондағы мәліметке сүйенсек, сот кезінде Тұрғанбаевтың өзі "жұмыс сұрап, әкімдікке барғанын, аштық жариялағанын" айтқан. Ол "кінәсін мойындаған".

Сот Тұрғанбаевты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп таныған.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға сүйенсек, Жоламан Тұрғанбаев "күнкөрістің қиындап, қымбатшылықтың қыспаққа алғанын айтып, ашынып, аштық жариялайтынын" айтқаннан кейін ұсталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 АҚШ президенті Трамптың Украина мен Ресей бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Украина президенті Владимир Зеленскийді "соғысып жатқан елдің берілмейтін әрі ержүрек лидері" деп атады.

🗣 "Украинаның басшыларымен ұзақ әрі қарбалас күн болды. Соғысып жатқан елдің берілмейтін әрі ержүрек лидері Зеленскиймен және оның талантты қауіпсіздік командасымен кеңірек сөйлесіп, жақсы талқылау жүргіздік" деп жазды Келлог желіде.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жазушы Дулат Исабеков қайтыс болды

Жазушы, драматург Дулат Исабеков 84 жасқа
қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының
орынбасары Қасымхан Бегманов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірденөтті. Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын» деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов.

Дулат Исабеков – «Гауһартас», «Дермене», «Перi мен Перiште», «Тiршiлiк», «Өкпек жолаушы», «Бiз соғысты көрген жоқпыз», «Қарғын» сияқты қазақ оқырманына кеңінен таныс шығармалардың авторы. Оның шығармалары негізінде фильм түсірілген, түрлі пьесалары сахналанған.

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дулат Исабековтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Трамп: Зеленскийдің келіссөзге қатысуы аса маңызды емес

АҚШ президенті Дональд Трамп 21 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресеймен соғысты тоқтату бойынша келіссөздерге қатысуы аса маңызды емес деп санайтынын жеткізді.

"Шынымды айтсам, оның жиындарға қатысуы маңызды емес деп ойлаймын" деді Трамп Fox News Radio-ға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Зеленский Ресей басқыншылығы басталғалы бері үш жыл бойы кездесулер өткізіп келеді және әлі күнге дейін соғысты тоқтата алған жоқ. "Осы күнге дейін ол келіссөздерді жақсы жүргізген жоқ" деді Трамп.

Трамп соғысты бітіруге бағытталған келіссөзге қатыспақшы украин басшыларының қолында "ешқандай да карта жоқ" деп мәлімдеді.

"Президент Путинмен келіссөзіміз жақсы болды, Украинамен келіссөзіміз аса жақсы бола қойған жоқ. Олардың қолында ешқандай карта жоқ, бірақ олар қатаң ойнайды. Алайда біз мұның жалғасқанына жол бере алмаймыз" деді ол.

Трамптың Зеленский мен оның айналасындағыларға қатысты қатаң мәлімдемелері кейінгі күндері Вашингтон мен Киев арасында қарым-қатынас біраз ушыққан шақта жасалып отыр. Бұған дейін Трамп Зеленскийді "диктатор" деп атаған, ал украин басшысы АҚШ президенті "жалған ақпарат кеңістігінде өмір сүріп жатыр" деп реакция білдірген
Өзбекстанда туу көрсеткіші кейінгі сегіз жылдағы ең төмен деңгейде. Елге демографиялық дағдарыс төніп тұр ма?

Орталық Азия аймағындағы ең халық саны көп Өзбекстан демографиялық қауіптің алдында тұр. Өткен сегіз жылда бірінші рет бала туу көрсеткішінің төмендеуімен қатар, 2024 жылы кейінгі он жылда бірінші рет некеге тұру азайып, өлім-жітім көрсеткіші өсіп, көші-қонның үлесі артқан. Азаттық Азия Өзбекстандағы және Орталық Азияның басқа да елдеріндегі жағдайды сараптады.

🔗Оқу

www.tgoop.com/azattyq
Коста-Рика билігі АҚШ-тан депортацияланған мигранттардың бір бөлігін қабылдады, арасында қазақстандықтар да бар деп жазды жұма күні Reuters агенттігі.

Бұған дейін Коста-Рика билігі түрлі елдерден келген 200 шақты азаматты уақытша орналастыру жөнінде Вашингтонмен келісімге келген. Алғашқы лекпен келгендердің арасында Өзбекстан, Қытай, Армения, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Грузия, Вьетнам, Әзербайжан, Иран, Иордания, Қазақстан және Гана азаматтары бар.

Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың көші-қон саясатын қатаңдату бағытында өзге елдермен әріптестік орната отырып, мигранттарды өз елдеріне күштеп қайтару операциясының бір бөлігі.

АҚШ-тан депортацияланғандардың соңғы тобы Сан-Диего (Калифорния штаты) қаласынан ұшақпен Коста-Рика астанасы Сан-Хосеге жеткізілген, ол жақтан олар Панамамен шекарадағы көші-қон орталығына автобуспен жөнелтілген.

www.tgoop.com/azattyq
🥇Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдаров Сеулде өткен Төрт құрлық чемпионатында алтын медаль иеленді. Ол қысқа және негізгі бағдарламасын таза орындап, 285,10 ұпай жинады.

20 жастағы спортшы негізгі бағдарламасында қиын элементтердің бірі үш аксель+төрт сальхов секірді. Бұл элемент қазір басқа мәнерлеп сырғанаушылардың бағдарламасында жоқ.

Сеулдегі жарыстың күміс медалі Джунхван Чха (Оңтүстік Корея, 265.02 ұпай), қоланы америкалық Джимми Ма (245.01 ұпай) алды,

2015 жылы Денис Тен осы жарыста чемпион болған еді. Араға он жыл салып, Қазақстан Төрт құрлық чемпионатында алтын иеленді.

Төрт құрлық чемпионатында Азия, Оңтүстік Америка, Австралия және Африка мәнерлеп сырғанаушылары қатысады. Бірақ негізгі бәсеке Азия мен Америка, Канада спортшылары арасында болады.

www.tgoop.com/azattyq
💬 Таралуы жағынан Ресейдегі екінші тіл саналатын татар тілінде сөйлесу кейінгі жылдары азайды

Бұл татар ұлты өкілдерінің саны азаюымен байланысты: 2010 жылы елде 5,3 млн татар тұрған болса, 2021-де олардың саны 4,7 млн болған.

Татар тілі Ресейдің кейбір аймағында әлі де кең тараған, әйтсе де негізгі ошағы — Татарстан. Оның өзі кейінгі он жылда 400 мыңға жуық азайған.

Азаттықтың Татар-Башқұрт редакциясы татар ұлтының үш өкілімен сөйлесіп, олардың ана тілі қандай қиындыққа кез болып отырғанын талқылады.

30 жастағы Талғат татар тілінде сөйлейтін отбасында дүниеге келген. Бірақ мектепте татар тілі пәні міндетті болса да, ана тілін үйренуге мүмкіндік аз болғанын мойындайды.

🔗Толығырақ

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/02/23 05:16:10
Back to Top
HTML Embed Code: