Telegram Web
✉️Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇮🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады.

✔️Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті.

@baq_kz
⚡️Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды.

Операция барысында 15 кг-нан аса «альфа-PVP» және 70 литр кристалдану сатысындағы есірткі тәркіленді, бір күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

@baq_kz
BAQ.kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Кім салық төлемейтін болды? – Жұманғарин түсіндірді

Қазақстанда 16%, 10%, 0% шкаласы бойынша ҚҚС ұсынылды. Салық кодексіне өзгертулер 20 ақпанға дейін парламентке ұсынылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

@baq_kz
🇰🇿Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы

Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.

Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.

@baq_kz
🌍 Әлем жаңалықтары

🇵🇸ХАМАС израильдік тұтқындарды босатуды тоқтатты
ХАМАС Израильдің атысты тоқтату шарттарын бұзды деп мәлімдеп, израильдік тұтқындарды босатуды тоқтатты. "Кассам бригадаларының" өкілі Абу Обейда бұл шешім Израиль өз міндеттемелерін орындағанға дейін күшінде болатынын айтты.

🇵🇱 Польша экономикалық тұрғыдан Батыс елдерін қуып жетіп, басып озуды көздейді
Польша Батыстың жетекші экономикаларын қуып жетіп қана қоймай, олардан озуды мақсат етіп отыр, деп мәлімдеді премьер-министр Дональд Туск. Оның айтуынша, 2025 жылы елге салынатын инвестиция көлемі 167 миллиард еуроға жетуі мүмкін.

@baq_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💼 Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді

Бірнеше күн бойы түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика салаларындағы тақырыптар бойынша хакатондар, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартап жобалардың таныстырылымы өтеді.

@baq_kz
BAQ.kz
⚡️Тоқаев UAE SWAT Challenge сайысында жүлделі орын алған қазақстандық күштік құрылымдардың офицерлерін марапаттады.

Ол олардың жеңісі қажырлы еңбек пен дайындықтың нәтижесі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы сарбаздардың жетістігі ел рухын көтеретінін және Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қосқан үлесін жоғары бағалады.

@baq_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет бағасының қымбаттауының негізгі себептерін атады

@baq_kz
2025/02/11 09:54:08
Back to Top
HTML Embed Code: