Telegram Web
Қаңтардың басында қазақстандық интернет кеңістікте “Қырғызстанда автокөлік салығы алынып тасталды” деген тақырыпта материалдар жарық көрді. Ақпаратқа сай салықтың орнына әр литр жанармай мен дизельдік отыннан бір сом алынады. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz редакциясы аталған деректі тексеріп көрді.

#factcheck_kz #қырғызстан #жанармай #көлік #фактчек
Астанадағы LRT туралы фейк видео тарады

Үкім: Фейк

Қазақстан үкіметі мен Астана әкімдігі LRT құрылысы аяқталғаны мен пойыздардың жүре бастағаны туралы ресми хабарламады. Желіде тарап жатқан видеода Өзбекстанның Ташкент қаласындағы LRT бейнеленген.

Желіде тарап жатқан бейнелердегі LRT-ның бағаналары Астана қаласындағы құрылысқа ұқсамайды. Есесіне, Ташкентте салынған LRT-ның бағаналарына ұқсайтынын байқауға болады.

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/socium-kaz/astanadajay-lrt-turaly-feyk-video-tarady/
Forwarded from 112 KZ
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Необходимо продумать заранее 10 простых шагов при землетрясении

1. Сохраняйте спокойствие, НЕ ПАНИКУЙТЕ!
2. Не пользуйтесь лифтом и лестницей в момент толчков;
3. Отойдите от мебели, окна, люстры;
4. Найдите надежное крепкое укрытие:
если вы на верхних этажах займите место в углу капитальных, несущих стен;
5. Покиньте помещение
( в многоэтажных домах- после прекращения толчков);
6. Отключите воду, газ электричество;
7. Возьмите тревожный чемоданчик (подготовленный заранее);
8. Держитесь подальше от электролиний, зданий, деревьев;
9. Будьте готовы к повторным толчкам;
10. Окажите помощь пожилым, людям с ограниченными возможностями.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Журналист Әсем Жәпішева 15 күнге қамауға алынды. Бұл туралы Тіл кеспек жоқ телеграм каналы хабарлады.

@tilkespekjoq #factcheck_kz
AZAL әуе компаниясы ұшағының Ақтаудағы апаты алдын ала болжанды ма?

25 желтоқсан күні Ақтау қаласында болған Azerbaijan Airlines ұшағының апатынан кейін Instagram қолданушысы Айгүл Бердіғалиеваның видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Ол апатты бір ай бұрын болжағанын айтады. Дәлел ретінде Бердіғалиева Instagram-дағы «естелік» функциясын пайдаланып, алдын ала жасалған болжамның бейнесін көрсеткен. Кейін, 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда болған тағы бір әуе апатынан кейін блогер тағы бір пост жариялап, бұл оқиғаны да алдын ала болжағанын айтқан. 320 мың оқырманы бар қолданушының жазбалары мыңдаған лайк пен жүз мыңдаған қаралым жинаған. 

Factcheck.kz редакциясы оқырмандардың сұрауы бойынша бұл мәселені зерттеп, шын мәнінде мұндай апаттарға қатысты болжам жасауға болатынын немесе болмайтынын қарастырып көрді. 

Толығырақ🌐https://factcheck.kz/kaz/faktchek/azal-jaue-kompaniyasy-jashajaynyja-ajataudajay-apaty-aldyn-ala-bolzhandy-ma/
«Штрафстан» сөзі үшін айыппұл салына ма?

Үкім: Сатиралық жаңалық🎭
Ақпаратты алғаш болып Qaznews24 сатиралық ақпарат агенттігі 2024 жылы 7 желтоқсанда таңғы 07:05-те жариялаған. Ақпаратты таратқан басқа аккуанттар осыдан соң бұл деректі «жаңалық» ретінде жариялай бастады. Qaznews24 — сатиралық жазба жариялайтын парақша. Ақпаратқа рерайт жасаған парақшалар жазбаның әжуа екенін ескермеген. Сондай-ақ, қазіргі Қазақстан заңнамасында «штрафстан» дегені үшін жауапкершілікке тарту туралы жеке бап жоқ.

Толығырақ🌐https://factcheck.kz/kaz/faktchek/shtrafstan-sjazja-jashjan-ayyppjal-salyna-ma/
Қарақшылар көлікті тоқтату үшін жол бойына автокресло қойып кетеді

Үкім: Фейк🚫
Балалар автокреслосына қатысты оқиға – 15 жылдан астам уақыт бұрын интернетте пайда болып, осы күнге дейін тарап жүрген қалалық аңыз. Шын мәнінде, мұндай әрекеттерге қатысты тіркелген жағдай жоқ. Қазақстанның ішкі істер министрлігі де бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Хабарламада фейктің негізгі белгілері бар: эмоцияға басу, оқиға орны мен ақпарат көздеріне қатысты нақты мәліметтердің жоқтығы, бас әріптер мен леп белгілерін шамадан тыс қолдану, грамматикалық қателер.

Соңғысы мәтіннің ағылшын тілінен машиналық аударма арқылы (мүмкін, Google Translate көмегімен) аударылғанын көрсетеді. Бұл фейктің ағылшын тіліндегі нұсқасы әлеуметтік желіде 2024 жылғы қараша айының соңында – желтоқсан айының басында тараған.

Толығырақ🌐https://factcheck.kz/kaz/faktchek/feyk-jaarajashylar-kjaljaktja-tojatatu-jashjan-zhol-boyyna-avtokreslo-jaoyyp-ketedja/
Фейк🚫 | «Сәтпаевта адам жегіш пайда болды»

2025 жылдың 30 қаңтарында Жезқазған қаласында адам өлтіру және мәйітті бөлшектеу оқиғасы расымен тіркелген. Алайда, Factcheck.kz редакциясының сұрауына жауап берген Ұлытау облысының полиция департаменті бұл оқиғаның «адам жеуге» ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер марқұмның таныстары болып шыққан. Олар жанжал барысында кісі өлтіріп, кейін денені қоқыс жәшігіне тастап кеткен.

Толығырақ🌐https://factcheck.kz/kaz/faktchek/feyk-sjatpaevta-adam-zhegjash-payda-boldy/
2025/02/06 17:29:48
Back to Top
HTML Embed Code: