🚘Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады
Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, 4%-бен берілетін автонесиелеу қайта іске қосылғанмен, оның негізгі бағыты өзгереді.
«Біз автобустарға несие беру бағытына өзгертпекпіз. Республика бойынша 10 525 автобус бар. Олардың басым бөлігі тозған. Мысалы, Қостанайда қоғамдық көліктің 90%-ы, Орал мен Талдықорғанда 70%-ы ескірген. Ал 9 миллион 300 мың қазақстандық күн сайын қоғамдық көлікті қолданады», - деді ол.
www.tgoop.com/holanews

HOLA News Qazaqstan⚡
Қарағандыда қатты желден бала ойын алаңымен бірге ұшып кеткен Оқиға Голубые пруды шағынауданындағы №11 үйдің алаңында болған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше ауруханаға тек бір бала ғана әкелінген. Жағдайы қанағаттанарлық, қорқып қалған дейді…
Қарағандыда ойын алаңында зардап шеккен балалардың жағдайы қалай
Кеше қатты жел ойын алаңы жабындысымен бірге екі баланы ұшырып әкеткен болатын. Ауруханаға оқиға салдарынан сегіз және тоғыз жастағы екі бала жатқызылған.
Қазіргі таңда:
8 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ауыр бас жарақатын алған.
Екінші бала да (9 жас) ауруханада. Орташа ауырлықтағы жарақат алған.
Полиция қауіпсіздік ережесінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Қарағанды әкімдігі де тексеріс жүргізіп жатыр.

Түрмеде отырған Сатыбалды Назарбаевқа зәулім сарайын сыйға тартты
Қазақстандық олигарх Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңыр жайлауындағы зәулім сарайын сыйға тартқаны белгілі болды. Бұл Сатыбалды мүлкі тәркіленіп түрмеге жабылғаннан кейін орын алғаны қызық көрінеді.
Азаттық радиосының жазуынша, биыл сәуірдің ортасында бұрын Сатыбалдының атында тұрған жайлаудағы осы резиденция Назарбаевтың иелігіндегі «Елбасы» қорының меншігіне өткен.
«Былтыр қарашада жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қайрат Сатыбалдының үстінен екінші қылмыстық іс қозғап, тергеп жатырмыз деді. Агенттік Сатыбалды мен онымен байланысы бар адамдардан 1 миллиард доллардан астам қаражат қайтарылғанын айтты, бірақ әзірге тергеу аяқталғаны туралы ресми хабарланбады. Демек, қылмыстық жазаға тартылған және екінші істе күдікті боп отырған адамның атындағы мүліктің басқа тұлғаның иелігіне ауысқанына куә болып отырмыз», – делінген Азаттықтың материалында.
Фото: Азаттық радиосы

⚡️Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын сот 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Арыстанбек Мұхамедиұлына Астанадағы Ұлттық музей директоры болып тұрған уақытта «бюджет қаржысын жымқырды» (140 млн теңге) деген айып тағылған. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамаған.
Бұған дейінгі сот отырысында айыптаушы прокурор соттан экс-министрді 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Экс-министр Ильин Абай облысындағы өртке байланысты қозғалған істе куәгер ретінде жауап беріп жатыр
Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов айтты. Оның айтуынша, Юрий Ильиннің қылмыстық істе ешқандай статусы жоқ. Ол тек куәгер.
«Әзірге өрт өшіріліп жатыр. Бәрі аяқталғаннан кейін жауап аламыз»,- дейді ол.

Алматыда «Қазақстан барысы» турниріне бөлінген қаржыға қатысты тексеру басталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексере бастағанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді
Ақмола облысындағы Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді. Бұндай шешімді жиында Жарқайнақ ауданының тұрғындары қабылдаған.
«Дауыс саны есептелді, бақылаушылар болды. 325 адам тіркелген, 321 бюллетень берілген. Қала атауын Кенесары деп өзгертуді 192 адам қолдаған, 125 адам қарсы дауыс берді. 4 адам қалыс қалды», – деп айтылған жиында.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында үш ауылдың аты өзгеріп, қазақша атау берілген еді.

Биылғы ҰБТ-ның аяқталуына 2 апта қалды. Осыған орай Ұлттық тестілеу орталығы ең креативті шпаргалкалардың топтамасын ұсынды.
Мәселен, оқушылардың бірі киіміне ұялы телефонын жасырса, енді бірі қаламның сыртына айналдыра жауаптарды жазып алған.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев 2019 жылы 128 мың шпаргалка анықталса, 2022 жылы 327 тыйым салынған зат табылғанын айтты. Сондай-ақ, ол «шпаргалка» пайдаланушылар саны азайғанымен, мүлдем жойылып кетпегенінде жеткізді.

⚡️Қазақстан, Қырғызстан және Ресей азаматтардың жеке деректерімен алмасу туралы келісімге қол қойды
Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың сайтында көрсетілген.
Келісімге сәйкес, елдер өзара бір-біріне азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарды, азаматтығының болуы, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі, жылжымайтын мүлкісі, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуы және т.б. деректерін беретін болады.
Сайтта көрсетілген мәліметке сүйенсек, келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы хабарламалар тек Қазақстан мен Ресейден келіп түскен. Осылайша келісім қырғыз тарапы мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін ғана күшіне енеді.

Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды Әншіге қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабы, яғни билік өкілін қорлағаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Енді ол 80 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл төлеп немесе 80 сағатқа дейін не 20 тәулікке қамалуы…
Төреғали Төреәлі тағы 3 күн қосымша қамауға алынды
Ол «полиция қызметкерінің талаптарын орындамау» бабы бойынша жауапқа тартылды.
www.tgoop.com/holanews
Ол «полиция қызметкерінің талаптарын орындамау» бабы бойынша жауапқа тартылды.
www.tgoop.com/holanews
Алматыда күдікті ер адам полиция көлігінде өз-өзіне қол жұмсады
Белгілі болғандай, ер адам Жетісу ауданында өзінің досынан «Тойота» көлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған.
43 жастағы азамат ұсталғаннан кейін полиция көлігінде суицид жасады.
Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас күйде болған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Сенат электросамокаттарды пайдалану мәселелерін реттейтін заңды мақұлдады
Парламент сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.
Оған сәйкес:
📍Самокат жүргізушісі 18 жасқа толған болуы шарт;
📍Электр самокатына тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруіне рұқсат етіледі;
📍Шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді;
📍Кез келген санаттағы көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі болуы керек;
📍Түймеленген дулыға, ал тәуліктің қараңғы уақытында үстінде жарық шағылыстыратын зат болуға тиіс;
📍Бұдан былай «Электрондық самокат» ұғымы енгізіліп, ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады.

Титаник кемесіне саяхат жасайтын «Титан» батискафының жолаушылары көз жұмды деп танылды
Бұл туралы батискафты суға батыруды ұйымдастырған компаниясы ресми мәлімдеді.
18 маусым күні «Титаник» кемесінің қалдықтарын көру үшін 5 адам сүңгуір арқылы мұхит түбіне саяхаттап, жоғалып кеткен болатын.
Титаниктің қираған жеріне жеткен жолаушылар сүңгуір қайықпен, суға батқан лайнерді зерттейді. Турдың құны 250 мың доллар.
Сүңгуір қайықтың бортында кәсіпкер Хамиш Хардинг, Пәкістанның ең бай кәсіпкері Шахзада Давуд және оның ұлы Сүлейман, зерттеуші Пол-Анри Нарголе және суға түсуді ұйымдастырған Ocean Gate негізін қалаушы Стоктон Раш болған еді.
«Титан» сүңгуір кемесінің ішіндегі ауа тек 3-4 күнге ғана жетеді. Батискаф өз конструкциясының арқасында суға түскеннен кейін бір күн өткен соң қайта су бетіне шығуы керек еді, бірақ олай болмады.
Бес адамның көз жұмғанын АҚШ құрлық күзеті де растап отыр. Олардың сөзінше, батискафта имплозия, яғни ішке бағытталған жарылыс орын алған.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елордалық өрт сөндірушілер еліктің лағын құтқарды
21 маусымда өртенген құрғақ шөпті сөндіру кезінде құтқарушылар қамыс өскіндерінің арасынан еліктің лағын тауып алады. Кейін еліктің көзін жуып, сүт беріп, орман шаруашылығы қызметкерлеріне тапсырды.
Видео: @pojarnyie
www.tgoop.com/holanews
21 маусымда өртенген құрғақ шөпті сөндіру кезінде құтқарушылар қамыс өскіндерінің арасынан еліктің лағын тауып алады. Кейін еліктің көзін жуып, сүт беріп, орман шаруашылығы қызметкерлеріне тапсырды.
Видео: @pojarnyie
www.tgoop.com/holanews
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік желіде аттестаттарын қоқысқа тастаған түлектер көптің ашуын тудырды
Желі қолданушылары аттестаттың ресми құжат екенін және елтаңба бейнеленгенін алға тартты. Ал кейбір желі қолданушылары түлектер осылайша білім жүйесіндегі олқылықтарға наразылық білдірді деген болжам жасады.
Оқу-ағарту министрлігі бұған қатысты анықтау жұмыстарының жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қазпошта» неге қазақ тілінде хабарлама жібермейтінін түсіндірді
Әлеуметтік желіде қазақстандықтар «Қазпошта»АҚ өз тұтынушыларына тек орыс тілінде хабарлама жіберетініне наразы болды. Дегенмен компания мұны 1 айда түзейтінін мәлімдеді. Сөздерінше, хабарламалар енді қазақ тіліне аударылып жатыр екен.
«Тұтынушылардан кешірім сұраймыз және қазақ тілінде хабарлама жіберу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтынымызға сендіргіміз келеді. Корпоративтік сайт пен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Пошта байланысы бөлімшелерінде клиент өзіне ыңғайлы тілде қызмет ала алады», - деп хабарлады «Қазпошта» АҚ.

⚡️Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды
Бүгін сот Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысты үкім шығарды. Компания басшысы Руслан Бурханов 12 жылға, ал құрылтайшысы Андрей Ча 5 жылға сотталды.
www.tgoop.com/holanews
Бүгін сот Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысты үкім шығарды. Компания басшысы Руслан Бурханов 12 жылға, ал құрылтайшысы Андрей Ча 5 жылға сотталды.
www.tgoop.com/holanews
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылғы білім беру гранттарының нәтижесі жарияланды.
⠀
Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырды. Бұл былтырмен салыстырғанда 14 мыңға артық.
⠀
Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.