Telegram Web
ЖАҢА КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ

ҚазТрансОйл (ҚТО) және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (ҚПО) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа орта мерзімді келісімшартқа қол қойды. ҚТО 20 жылдан астам уақыт бойы Қарашығанақ-Атырау көлік жүйесін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетіп келеді. Бұл келісімшарт ағымдағы экономикалық жағдайларды ескере отырып, мұнай тасымалдаудың кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚТО ұзақтығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырлары желісін басқарады және 36 мұнай айдау стансалары мен 68 мұнай жылыту пештері арқылы мұнай тасымалдауды қамтамасыз етіп келеді. 2024 жылы компания өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн 86 мың тоннаға артық мұнай тасымалдады.

Ірі халықаралық компаниялардың консорциумы болып табылатын ҚПО әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі – Қарашығанақты басқарады. Қарашығанақ-Атырау тасымалдау жүйесі осы кен орнынан мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып табылады.

Аталған екі компания да Қазақстанның мұнай-газ және энергетика секторларының жетекші компанияларын біріктіретін KAZENERGY қауымдастығына кіреді.
ЗАКЛЮЧЕН НОВЫЙ КОНТРАКТ

КазТрансОйл (КТО) и Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. подписали новый среднесрочный контракт, который вступит в силу с 1 января 2025 года. КТО более 20 лет предоставляет услуги по эксплуатации и техобслуживанию транспортной системы Карачаганак-Атырау. Этот контракт направлен на обеспечение надежности транспортировки нефти, учитывая текущие экономические условия.

КТО управляет сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км и обеспечивает транспортировку нефти через 36 нефтеперекачивающих станций и 68 печей подогрева нефти. В 2024 году компания перевезла на 1 млн 86 тыс. тонн нефти больше, чем в аналогичный период прошлого года.

Карачаганак Петролиум Оперейтинг, являющийся консорциумом крупных международных компаний, управляет одним из крупнейших нефтегазоконденсатных месторождений в мире – Карачаганаком. Система транспортировки Карачаганак-Атырау является ключевым экспортным маршрутом нефти с этого месторождения.

Обе компании входят в Ассоциацию KAZENERGY, объединяющую ведущие компании нефтегазового и энергетического секторов Казахстана.
❗️Аналитика

📌ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІЛГЕН МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫ

Қазақстанның мұнай саласында жетілген мұнай кен орындары елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Қазақстанның мұнай өндірісінің негізін ондаған жылдар бойы құраған бұл кен орындары бүгінде өндірістің табиғи құлдырауымен бетпе-бет келіп отыр, бұл ішкі нарыққа мұнай жеткізудің тұрақтылығы мен ықтимал экономикалық зардаптарға қатысты алаңдаушылық туғызуда.

Жетілген кен орындары қазақстандық МӨЗ-де өңделетін мұнайдың 100%-ын қамтамасыз етеді [2024 жылғы қаңтар-қазан деректері бойынша], бұл оларды ішкі нарықты қанағаттандыру үшін негіз етеді.

Алайда, өндірістің төмендеуінің алаңдатарлық белгілері [өндірістің 2024 жылғы 30 миллион тоннадан 2030 жылға қарай 24 миллион тоннаға дейін және 2035 жылға қарай 17 миллион тоннаға дейін төмендеуі, бұл қазіргі мұнай өңдеу қуатынан төмен] елдің энергетикалық қауіпсіздігіне, сондай-ақ оның мұнай түсіміне тәуелді экономикалық тұрақтылығына қауіп төндіреді.
--------------
👉Мақаланың толық мәтіні www.exia.kz сайтының «Аналитика» бөлімінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған.

‼️«ЭНЕРГИЯ» талдау орталығы ұсыныстарды қалыптастыру және отын-энергетикалық кешеннің дамуын айқындайтын құжаттарды әзірлеу кезінде пайдалы болатын талдамалық мақалалар мен зерттеулерді тұрақты негізде жариялап тұрады.

БАЙЛАНЫС:
📧[email protected]
🌐https://www.linkedin.com/company/energy-insight
❗️Аналитика

📌ЗРЕЛЫЕ НЕФТЯНЫЕ МЕСТОРОЖДЕНИЯ КАЗАХСТАНА

В нефтяной отрасли Казахстана зрелые нефтяные месторождения играют ключевую роль в обеспечении энергетической безопасности и экономической стабильности страны.

Эти месторождения, которые десятилетиями составляли основу нефтедобычи Казахстана, сегодня сталкиваются с естественным падением добычи, что вызывает обеспокоенность относительно устойчивости поставок нефти на внутренний рынок и возможных экономических последствий.

Зрелые месторождения обеспечивают практически 100% нефти, перерабатываемой на казахстанских НПЗ [по данным за январь–октябрь 2024 года], что делает их основой для удовлетворения внутреннего рынка.

Однако тревожные признаки снижения добычи [ожидаемое падение добычи с 30 млн тонн в 2024 году до 24 млн тонн к 2030 году и всего лишь 17 млн тонн к 2035 году, что ниже текущей мощности переработки нефти] создают риски для энергетической безопасности страны, а также для ее экономической устойчивости, которая в значительной степени зависит от нефтяных доходов.
--------------
👉Полный текст статьи на сайте www.exia.kz в разделе «Аналитика» на казахском, русском и английском языках.

‼️Аналитический центр «ЭНЕРГИЯ» на регулярной основе публикует аналитические статьи и исследования, которые будут полезны при формировании предложений и разработке документов, определяющих развитие топливно-энергетического комплекса.

КОНТАКТЫ:
📧[email protected]
🌐https://www.linkedin.com/company/energy-insight
KAZENERGY қауымдастығы баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды!

Жаңа жыл жақсылығы мол, игілікке толы жыл болсын! Отбасыларыңызға бақыт пен шаттық, құт-береке әкелсін! Ортақ құндылықтарымыз ортаймасын! Ойға алған мақсаттарыңыз орындалсын!

Құрметпен, KAZENERGY қауымдастығының ұжымы
«Биыл энергетика саласында жалпы қуаты 600 мегаваттан асатын ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. «Жасыл энергетика» саласы да зор серпінге ие болады. Шетел инвесторларымен жел, күн және су электр стансаларын салу туралы келісімдеріміз бар.

Теңіз кенішін келешекте кеңейту жобасының құрылысы аяқталады. Мұнай өңдеу, мұнайгаз-химия саласын дамыту ісіне баса назар аударылады.»

❗️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан.

Сұхбаттың толық мәтіні:👉
https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-maksatym-ekonomikany-zhane-egemendikti-nygaytu-203030
«В текущем году планируется реализовать большие проекты в сфере энергетики мощностью более 600 мегаватт.

Серьезный импульс получит «зеленая» энергетика. Уже достигнуты договоренности с зарубежными инвесторами о строительстве ветровых, солнечных и гидроэлектростанций.
Закончится строительство Проекта будущего расширения месторождения Тенгиз. Особое внимание уделяется переработке нефти, развитию нефтегазохимии, в частности будут расширены производственные мощности Актауского битумного завода.»

❗️Из интервью Президента Касым-Жомарт Токаева газете «Ana tili».

Полный текст интервью:👉
https://www.akorda.kz/ru/kasym-zhomart-tokaev-cel-ukrepit-ekonomiku-i-suverenitet-20524
БҮГІНГІ ТАҚЫРЫП: ОТАНДЫҚ МОТОР МАЙЫН ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ

Бүгін, 5 қаңтар күні, қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың төрағалығымен энергетика, сауда және интеграция министрліктерімен және KAZENERGY қауымдастығымен бірлесіп отандық мотор майын өндірушілерді қолдау мәселесін талқылау жалғасты.
 
“ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия" компаниясының бас директоры кеңеске қатысушыларға жоба туралы және оның кәсіпорынға, жалпы мемлекетке әсері бар экономикалық тиімділігі туралы толық ақпарат берді.
 
Талқылау барысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елдегі өнім өндірісінің жалпы көлемін, импорт пен экспорт көлемін, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың өндірістік жоспарларын талдауды қоса алғанда, қосымша ақпарат дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
 
Қосымша ақпаратты зерделеу қорытындысы бойынша осы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы тиісті ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару мәселесі талқыланатын болады.
ТЕМА ДНЯ: ПОДДЕРЖКА ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ МОТОРНЫХ МАСЕЛ

Сегодня, 5 января, под председательством вице-министра финансов Ержана Биржанова совместно с министерствами энергетики, торговли и интеграции и Ассоциацией KAZENERGY продолжено обсуждение вопроса поддержки отечественных производителей моторных масел.
 
Генеральный директор компании «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Центральная Азия» представил участникам совещания подробную информацию о проекте и об ожидаемом положительном экономическом эффекте как для предприятия, так и для государства в целом.
 
В ходе обсуждения вице-министр финансов Ержан Биржанов дал ряд поручений, в том числе по подготовке дополнительной информации, включая общие объемы производства продукции в стране, объемы импорта и экспорта, а также анализ производственных планов участников рынка.
 
По итогам изучения дополнительной информации будет обсужден вопрос вынесения данного предложения на рассмотрение соответствующей межведомственной комиссии при Правительстве Республики Казахстан.
❗️Аналитика

📌 ҚАШАҒАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ӘСЕРІ

Солтүстік Каспий қайраңында орналасқан Қашаған мұнай-газ кен орны Қазақстанның аса маңызды энергетикалық активтерінің бірі және оның мұнай өндірісіндегі негізгі нысаны болып табылады. Бұл Қазақстанда мұнай өндіретін ең үлкен қорлары бойынша екінші орында, оның үлесіне елде өндірілетін мұнай қорларының жартысына жуығы тиесілі.

Мұнда North Caspian Operating Company [NCOC] арқылы халықаралық мұнай компанияларының консорциумы жұмыс істейді. ҚазМұнайГаз ҰК, Total Energies, Shell, ExxonMobil, ENI, CNPC және Inpex сияқты ірі компаниялар инвесторы болып табылады.

Теңіз және Қарашығанақ сияқты басқа да ірі кен орындарымен қатар Қашаған еліміздегі мұнай қорлары мен өндіруді ұлғайтуға айтарлықтай ықпал етеді. Мұндағы 2041 жылға дейін қолданыста болатын Өнімді бөлу туралы келісім халықаралық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімін қамтамасыз етіп отыр. Алайда...

👉 Мақаланың толық мәтіні www.kazenergy.com сайтында.

‼️ «ЭНЕРГИЯ» талдау орталығы ұсыныстарды қалыптастыру және отын-энергетикалық кешеннің дамуын айқындайтын құжаттарды әзірлеу кезінде пайдалы болатын талдамалық мақалалар мен зерттеулерді тұрақты негізде жариялап тұрады.

БАЙЛАНЫС:
📧 [email protected]
🌐 https://www.linkedin.com/company/energy-insight
❗️Аналитика

📌 КАШАГАН И ЕГО ВЛИЯНИЕ НА КАЗАХСТАН

Нефтегазовое месторождение Кашаган, расположенное на шельфе Северного Каспия, является одним из наиболее значимых энергетических активов Казахстана и краеугольным камнем его нефтедобычи. Это второй по объему добычи производитель нефти в Казахстане, обладающий самыми большими запасами, на долю которых приходится почти половина извлекаемых запасов нефти в стране.

Оперируется через North Caspian Operating Company [NCOC] консорциумом международных нефтяных компаний. Инвесторами являются НК КазМунайГаз, Total Energies, Shell, ExxonMobil, ENI, CNPC и Inpex.

Кашаган значительно способствует увеличению нефтяных запасов и добычи в стране, наряду с другими крупными месторождениями, такими как Тенгиз и Карачаганак. Соглашение о разделе продукции [СРП] на Кашагане, действующее до 2041 года, обеспечивает долгосрочную основу для международного сотрудничества. Однако...

👉 Полный текст статьи на сайте www.kazenergy.com.

‼️ Аналитический центр «ЭНЕРГИЯ» на регулярной основе публикует аналитические статьи и исследования, которые будут полезны при формировании предложений и разработке документов, определяющих развитие топливно-энергетического комплекса.

КОНТАКТЫ:
📧 [email protected]
🌐 https://www.linkedin.com/company/energy-insight
ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАҢТАР АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Қазақстанның ірі мұнай-газ кен орындарының бірі «Теңізде» жөндеу жұмыстары биылғы 15 қаңтарға дейін аяқталуы тиіс. E-401A қайта өңдеу қазандығын жөндеу үшін екінші буын зауытында өндірісті тоқтату 26 қазанда басталды. Жекелеген коррозиялық зақымдардың салдарынан будың технологиялық ағынға қосылып кетуі жөндеу жұмыстарын бастауға себеп болған еді.

Жөндеу жұмыстарын бастапқыда 23 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған болатын, бірақ жабдыққа тексерсеру жүргізілгеннен кейін бұл мерзім ұзартылған болатын.

«Теңіз» кен орны Атырау облысында орналасқан, ал оның мұнай қоры 3,1 млрд тоннаны құрайды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында кен орнынан 14,4 млн тонна мұнай өндірілді – бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға аз.

KAZENERGY қауымдастығының мүшесі болып табылатын «Теңізшевройл» ЖШС оператор-компаниясы Chevron (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз» (20%) және «ЛУКОЙЛ» (5%) сияқты ірі қатысушылардан тұрады.
РЕМОНТНЫЕ РАБОТЫ ЗАВЕРШИТСЯ В ЯНВАРЕ

Ремонтные работы на «Тенгизе», одном из крупнейших нефтегазовых месторождений Казахстана, должны быть завершены к 15 января текущего года. Остановка производства на заводе второго поколения для ремонта котла-утилизатора E-401A была начата 26 октября. Причиной ремонта стали локальные коррозионные повреждения и утечка пара в технологический поток.

Изначально планировалось завершить работы к 23 ноября, но после осмотра оборудования сроки были продлены.

Месторождение «Тенгиз» находится в Атырауской области, а его запасы нефти составляют 3,1 млрд тонн. В первой половине 2024 года на месторождении было добыто 14,4 млн тонн нефти – на 3,4% меньше, чем в аналогичный период 2023 года.

Компания-оператор ТОО «Тенгизшевройл», являющаяся членом Ассоциации KAZENERGY, состоит из таких крупных участников, как Chevron (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «КазМунайГаз» (20%) и «ЛУКОЙЛ» (5%).
KAZENERGY: АЙЫППҰЛДАРДЫ САРАЛАУ — ЖАЗАНЫҢ ӘДІЛДІГІ МЕН СӘЙКЕСТІГІ

📍ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі табиғи монополиялар субъектілерінің шектеулерді сақтамағаны үшін, сондай-ақ ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті белгілейді. Алайда, мұнда нақты шектеулер мен міндеттер нақтыланбаған, тек барлық заңнамалық актілерге, соның ішінде заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасалған.

Нәтижесінде айыппұлдар кішігірім және ауыр бұзушылықтар үшін бірдей қолданылады:

❗️Кішігірім (мысалы, техникалық шарттарды беру мерзімдерін бұзу немесе техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін уәкілетті органға жібермеу);

‼️Айтарлықтай (мысалы, бекітілген тарифтен асып кету немесе тарифке реттелетін қызметті ұсынумен байланысты емес шығындарды қосу).

Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында (Президенттің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығы) ӘҚБтК-де әкімшілік құқық бұзушылықтар мен жазалардың тұрақты жүйесі қалыптасқандығы атап көрсетілген. Алайда, айыппұлдардың сәйкестігіне және құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамы бойынша жазалардың баламалылығының болмауына байланысты мәселелерді қарастыру маңызды, бұл санкциялардың әділ түрде қолданылуын қиындатады.

Осы тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 Қаулысы) қолданылған санкциялары нормативтік құқықтық актілердің нақтыланбаған талаптарына негізделген әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамын алып тастауды, сондай-ақ уәкілетті органдардың ұстанымдарын ескере отырып, диспозицияларды түзетуді көздейді.

Осыған байланысты KAZENERGY қауымдастығы санкцияларды күшейте отырып, айтарлықтай құқық бұзушылықтар үшін жеке құрамды бөліп, кішігірім бұзушылықтар үшін айыппұлдарды азайту арқылы жазаларды саралауды ұсынады. ӘҚБтК-нің 164-бабын нақтылау айыппұлдардың құқық бұзушылық сипатына сәйкестігі қағидатын сақтау және жазаның әділдігін арттыру сияқты оң өзгерістерге жол ашатыны анық.
KAZENERGY: ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ ШТРАФОВ – СПРАВЕДЛИВОСТЬ И СОРАЗМЕРНОСТЬ НАКАЗАНИЯ

📍Часть 4 статьи 164 КоАП РК устанавливает ответственность за несоблюдение субъектами естественных монополий ограничений, а также за неисполнение или ненадлежащее исполнение обязанностей, предусмотренных законодательством РК о естественных монополиях. Однако конкретные ограничения и обязанности не уточняются, приводится лишь отсылка на все законодательные акты, включая законы и подзаконные нормативные правовые акты.

В результате штрафные санкции применяются одинаково как за незначительные, так и за более серьезные нарушения:

❗️Незначительные (например, нарушение сроков выдачи технических условий или не направление копии решения об отказе выдачи техусловий в уполномоченный орган);

‼️Значительные (например, превышение утвержденного тарифа или включение в тариф затрат, не связанных с предоставлением регулируемой услуги).

В Концепции правовой политики РК до 2030 года (Указ Президента от 15 октября 2021 года № 674) подчеркивается, что в КоАП уже сформирована стабильная система административных правонарушений и наказаний. Однако важно рассмотреть вопросы, связанные с несоразмерностью штрафов и отсутствием альтернативности наказаний по отдельным составам правонарушений, что затрудняет применение справедливых санкций.

План действий по реализации этой Концепции (Постановление Правительства РК от 29 апреля 2022 года № 264) предусматривает исключение составов административных правонарушений, где санкции основаны на неконкретизированных требованиях нормативных правовых актов, а также корректировку диспозиций с учетом позиций уполномоченных органов.

В связи с этим Ассоциацией KAZENERGY предлагается дифференцировать наказания, выделив отдельный состав для значительных правонарушений с усилением санкций и уменьшив штрафы за незначительные нарушения. Конкретизация статьи 164 КоАП приведет к положительным изменениям, таким как соблюдение принципа соразмерности штрафов характеру правонарушения и повышению справедливости наказания.
Рождество мерекесі құтты болсын!
Поздравляем со Светлым праздником Рождества!🎄
2025/01/07 16:42:16
Back to Top
HTML Embed Code: