Telegram Web
24 жасар шымкенттік тиктокер қыз полицей формасында желіде тікелей эфирге шыққан.

ІІМ мәліметінше, полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен. Тиктокердің полицияға ешқандай қатысы жоқ.

Полицияның киімін заңсыз кигені үшін құқықбұзушыға әкімшілік хаттама толтырылды. Киім тәркіленді

www.tgoop.com/tengri_kz
АҚШ 369 қазақстандықты депортациялайды.

АҚШ иммиграция және кедендік бақылау қызметі 1,4 миллионнан астам мигранттың елден шығарылатынын хабарлады. Олардың қатарында 369 Қазақстан азаматы бар.

www.tgoop.com/tengri_kz
Tengri.kz
Алматыда қамауға алынған блогерлердің кім екені белгілі болды. Ұсталған блогерлер Дамир Көшеев пен Руслан Кәрімов болып шықты. Дамир Көшеев пандемия кезінде Instagram-дағы блогын велосипедпен саяхатшы ретінде бастаған. Кейінгі бір-екі жылда Көшеев Instagram…
Алматыда ұсталған блогерлер екі айға қамауға алынды.

Полиция мәліметінше, сот қаулысымен адамдарды бопсалады деп күдікке ілінген блогерлерге екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Екі блогерге "Аса iрi мөлшерде бопсалау" бабы бойынша 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге жаза қарастырылған.

www.tgoop.com/tengri_kz
Tengri.kz
Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады. Жергілікті биліктің мәліметінше, ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Өзеннен 4 адамның денесі шығарылды. CNN мәліметі бойынша, ұшақ бортында…
АҚШ-та құлаған ұшақта әлем чемпиондары болуы мүмкін – БАҚ

Вичитадан Вашингтонға ұшқан бортта 60-қа жуық жолаушы болған. Жуырда Вичитада мәнерлеп сырғанаудан АҚШ чемпионаты өтті.

Sports.ru дерегінше, ұшақта 1994 жылғы әлем чемпиондары, ресейлік Евгения Шишкова мен Вадим Наумов болуы ықтимал. Олар спорттық карьерадан кейін АҚШ-та жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Ұлы Максим Наумов АҚШ құрамасында өнер көрсетіп, соңғы чемпионатта 4-орын алған.

www.tgoop.com/tengri_kz
22 жастағы Орал тұрғыны есімін “Султан”-нан “Сұлтан”-ға түзетіп, асырап алған әкесінің құрметіне Мұратұлы тегін алғысы келді. Алайда, мемлекеттік орган оны небәрі алты ай ғана тәрбиелегенін негізге алып, өтінішін қанағаттандырмады.

Жігіт бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінді. Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырмады, бірақ апелляция оның пайдасына шешілді. Енді құжаттарында Сұлтан Мұратұлы ресми тіркелді — бір әріп үшін тұтас сот процесі өтті.

www.tgoop.com/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺Президентіміз РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

Кездесуде энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Сонымен қатар ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алды.

www.tgoop.com/tengri_kz
Tengri.kz
Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады. Жергілікті биліктің мәліметінше, ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Өзеннен 4 адамның денесі шығарылды. CNN мәліметі бойынша, ұшақ бортында…
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.

www.tgoop.com/tengri_kz
Қазақстандық балаларға "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 129 доллардан түсті.

Былтыр әр балаға 100,52 АҚШ доллардан түскен еді. Бұл қаражат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі.

Жыл сайынғы аударым мөлшері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтеріне және оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты болады.

www.tgoop.com/tengri_kz
Ақтаудағы фитнес жаттықтырушы Алина Серікованың ісі бойынша апелляциялық процесс аяқталды.

Басты айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тағы бір сотталушыға 16 жыл, қалғандарына 13 жыл берілді.

Еске салайық, былтыр мамырда қыз өзіне-өзі қол жұмсаған. Мефедрон қолданған бейтаныс ер адамдар оған шабуыл жасап, ұрлап әкетіп, соққыға жыққан, кейін зорлап, екі миллион теңге көлемінде несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.

www.tgoop.com/tengri_kz
Tengri.kz
Ақтаудағы фитнес жаттықтырушы Алина Серікованың ісі бойынша апелляциялық процесс аяқталды. Басты айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тағы бір сотталушыға 16 жыл, қалғандарына 13 жыл берілді. Еске салайық, былтыр мамырда қыз өзіне-өзі қол…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алинаның отбасы шындық пен әділдік үшін күресті. Олардың апелляциялық алқаның үкіміне реакциясы.

Бірінші инстанция соты басты айыпталушыны 20 жылға, қалғандарына 8,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

www.tgoop.com/tengri_kz
Мобильді аударымдарды тексеру шарттары өзгеруі мүмкін.

Қаржы министрлігі 3 ай ішінде 12 АЕК-тен (1 020 000 теңге) асатын мобильді аударымдар ғана салық органдарына хабарланатынын қарастырып жатыр. Бұрынғы 100-ден аса аударым критерийіне енді шекті сома қосылмақ.

Егер аударым саны 100-ден асса, бірақ жалпы сома 1,02 млн теңгеден аз болса, банк салық органдарына есеп бермейді.

Қаржы министрінің бұйрығы Ұлттық банктің қарауында, сондықтан шешім әлі қабылданған жоқ.

www.tgoop.com/tengri_kz
Болат Жәмішев “Қазақстан халқына“ қорының басшысы қызметінен кетті.

Ол төрағалық қызметінің мерзімі аяқталғандықтан, қордағы жұмысын аяқтауды шешкен.

Қордың жаңа төрағасы болып Ләззат Шыңғысбаева тағайындалды.

www.tgoop.com/tengri_kz
Tengri.kz
⚽️ Черчесов Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. www.tgoop.com/tengri_kz
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалды.

Әли Ханалиұлы 1980 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабында "ЦСКА-Қайрат", "Қайрат", "Ертіс", "Тобыл", "Шығыс", "Ордабасы" және "Қызылжар" клубтарында ойнады. Сондай-ақ Түркияның "Акчаабат Себатспор", "Кайсери Эрджиеспор", "Карталспор" және "Диарбакырспор" командаларында ойнаған.

www.tgoop.com/tengri_kz
Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталған Астананың Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа сот үкімі шықты.

Ол 8 жыл 6 айға сотталды. Үкім заңды күшіне енбеді.

Еске сала кетейік, Болат Мажағұлов 2024 жылы қыркүйекте ұсталды.

2016 жылы Астана күніне орай салынған “Күн” субұрқағы мемлекеттік сараптамасыз, сапасыз материалдармен тұрғызылған. 2017 жылдан бері жұмыс істемей, қазір апат жағдайында тұр. Ұрланған қаражат 1 млрд теңгеден асады.

www.tgoop.com/tengri_kz
Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды.

Чернышевский көшесінде тұрғындар жаңа туған нәрестені тауып, жедел жәрдем шақырған.
Дәрігерлердің айтуынша, оның дүниеге келгеніне бір-екі сағат ғана болған. Бала ауруханаға жатқызылды.

Полицияның жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анасы анықталып, ұсталды. Қазір ол медициналық көмек алып жатыр.

Қазір қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

www.tgoop.com/tengri_kz
Дикий Арман колонияда тамырын кеспек болған.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Дикий Арманның жарақаттануына қатысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, ол өзіне жеңіл жарақат келтірген, медициналық көмек көрсетілді, жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған ерекше бақылауда, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

www.tgoop.com/tengri_kz
Үкімет заңсыз активтердің тағы 4,6 миллиард теңгесін Ақтауда облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысын қаржыландыруға бөлді.

Нысанның құрылысы Ақтау қаласының 34А шағын ауданында орналасқан 2,6 гектар жер учаскесінде жоспарланған.

Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 10 пайыз болады: жер қазу жұмыстары аяқталып, ішкі инженерлік желілердің құрылысы жүргізілді.

www.tgoop.com/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды.

1 ақпанда 10:06-де 102 арнасына тұрғын Алмагүлдегі көпқабатты үй шатырында інісінің суицид жасамақ болғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды.

Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

www.tgoop.com/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада жол апаты салдарынан көлік өртеніп кетті.

Оқиға 1 ақпан күні кешке Шерхан Мұртаза көшесінде болған. Оқиға орнына полиция, өртсөндірушілер мен жедел жәрдем жетті.

Апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

www.tgoop.com/tengri_kz
2025/02/02 22:15:26
Back to Top
HTML Embed Code: