Telegram Web
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Аман қалған 12 адам ауруханаға жеткізілді

Көлік министрлігі жолаушылар саны туралы ақпаратты нақтылады:

Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

@ztb_qazaq
✈️Апатқа ұшыраған ұшақтың бортында болған адамдардың тізімі

@ztb_qazaq
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ұшақ бортында 6 қазақстандық болған

Алдын ала ақпаратына сәйкес бортта 6 - Қазақстан, 37 - Әзербайжан, 3 - Қырғызстан, 16 - Ресей азаматы болған.


@ztb_qazaq
🚑Ақтаудағы ZTB-ның оқырмандары жолдарда жедел жәрдем көліктерінің көп екенін хабарлауда. Дәрігерлер ұшақ құлаған жерге аттануда.

@ztb_qazaq
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥀Әзірбайжанда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандар үшін аза тұту күні басталды.

Кеше Баку-Грозный бағытымен бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы Ақтауда апатқа ұшырады. Құлағаннан кейін әуе кемесі өртеніп кетті.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға құстар тобының соқтығысуы себеп болуы мүмкін.

Қылмыстық іс қозғалды. Ұшақ апатының себептерін тергеу үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Бортта 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болды. 29 адам, оның ішінде екі бала аман қалды.

ZTB NEWS редакциясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі кеше болған ұшақ апатынан қаза тапқан отандастарымыздың есімдерін жариялады.

▪️Тулесинов Сандибек Екібайұлы, 16.11.1988 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.

▪️Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.

▪️Маңғыстау облысының тумасы, 12.01.1978 ж. т. Махмудова Галина Растамбековна Ақтау қаласында тұрды.

▪️Гаухар Жұмағатқызы Шаймерденова, 17.07.1975 жылы туған, Алматы қаласының тумасы, Астана қаласында тұрған.

▪️және Г. Шаймерденованың ұлы - Жұмағат Эльдар, 23.08.2013 Ж. Т., Астана қаласында тұрды.

▪️Джутаева Салима Аманжоловна, 21.02.1995 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, Қарағанды қаласында тұрған.

@ztb_qazaq
🇦🇿 Bu gün Azərbaycanda Aktauda baş vermiş təyyarə qəzasında həlak olanların əziz xatirəsinə ehtiram və hörmət əlaməti olaraq matəm günüdür. Bütün ölkə əhalisi qəm-qüssə və kədər içindədir. ZTB NEWS redaksiyası həlak olanların ailələrinə və yaxınlarına başsağlığı verir. Qazaxıstan qardaş Azərbaycan xalqının kədərini bölüşür.

🇰🇿 Бүгін Әзербайжанда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу ретінде аза тұту күні. Осыған байланысты елде барлық мәдени шара тоқтатылды. Телеарналар хабар тарату кестесіне өзгерістер енгізді. Мешіттерде марқұмдарды еске алу рәсімі өтіп жатыр. Елдің бүкіл халқы қайғыға батты.

ZTB NEWS редакциясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қазақстан бауырлас Әзірбайжан халқының қайғысына ортақ.

@ztb_qazaq
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇷🇺Путин «2025 жылы соғыс аяқталады ма?» деген сұраққа жауап берді.

@ztb_qazaq
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹Мейлі әскерден қашсын, бірақ былай күш көрсету дұрыс емес секілді.

Бұған Ақтөбе облысының Полиция департаменті қандай пікір білдірер екен?

@ztb_qazaq
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында 181 адам (175 жолаушы және 6 экипаж мүшесі) болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, тек екі адам аман қалған.

Jeju Air әуе кемесі Бангкоктан ұшып келе жатқан. Сеулден 288 км қашықтықта орналасқан Муан әуежайына қонған кезде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған. Осыдан кейін өрт шықты.

Жолаушылардың көп бөлігі, 173 адам - Оңтүстік Корея азаматтары, тағы екеуі Таиланд азаматтары.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ құстардың соқтығысуынан басқаруды жоғалтуы мүмкін.

Тергеу басталды.

@ztb_qazaq
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎄ZTB NEWS редакциясының атынан өткен жылды қорытындылап, сіздерді, құрметті ақпараттық жобамыздың оқырмандарын келе жатқан 2025 жылмен құттықтаймыз!

@ztb_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/02/20 23:48:24
Back to Top
HTML Embed Code: