tgoop.com/GenPr/5494
Last Update:
АНДАТПА
Осы аптада біздің Бас прокуратураның Телеграм арнасында:
Балаларға алимент: Жетісу, Түркістан және Қызылорда облыстарының прокурорлары балалардың алимент алу құқығын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндайды.
Мас жүргізушілерге қарсы күрес: БҚО прокуратурасы мас күйінде көлік басқарған жүргізушілерге қолданылатын қатаң жаза туралы хабарлайды.
Наркобизнеске қарсы күрес: Жамбыл облысының прокурорлары есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтті. Қабылданып жатқан шаралар туралы толық ақпаратты біздің Telegram-арнамыздан оқи аласыз.
Конституциялық құқықтарды қорғау: Жетісу облысының прокурорлары азаматтардың қандай құқықтарын қорғап қалғанын осы аптада біле аласыздар.
Мемлекеттік сатып алуды бақылау: Шымкент пен Түркістан прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы елеулі бұзушылықтарды анықтады. Ел бюджетін қорғау жолында қабылданып жатқан шаралар туралы жаңалықтарда оқыңыздар.
Түзелудің жолы – кітапта: Қарағанды прокурорлары жазасын өтеушілерге кітап оқу мәдениетін сіңдіріп, оны реабилитация құралы ретінде қолдануда.
Екі елден зейнетақы алған: Елордада 10 жылдан астам уақыт бойы қос азаматтығының арқасында екі мемлекеттен зейнетақы алған тұрғын анықталды. Толық мәліметтер – біздің Telegram-арнамызда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграммарнасынан оқып, бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП