tgoop.com/GenPr/5504
Last Update:
Прокурорлық қадағалау актісімен алимент төлеуден қасақана жалтарған борышкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылды
Прокуратураның бастамасымен 21 азаматқа қатысты балаларын күтіп-бағуға арналған міндеттемелерін орындамағаны үшін (ҚК 139-бабы) қылмыстық істер тіркелді.
Мәселен, соңғы 4-жыл бойы борышкер Ж.Эргашев алимент бойынша міндеттерін орындамай, алимент төлеуден қасақана жалтарып 5 млн қарыз берешек сомасы қалыптасқан.
Соттың үкімімен Ж.Эргашев ҚК 139-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Осы секілді 65 млн теңге алимент берешек қарызы қалыптасқан 20 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Түркістан облысының аумағында алимент төлеуге міндетті шамамен 19 мың борышкер бар.
Аталған бағыттағы жұмыс облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.
#Заң_мен_Тәртіп
#ҚұқықтықМәдениет
Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/911714?lang=kk
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП