tgoop.com/GenPr/5544
Last Update:
Бурабай ауданы прокуратурасы өрттердің алдын алу шараларын қабылдауда
Ақмола облысында өрт оқиғалары жиілеп кетті: тек 2024 жылы 29 оқиға тіркеліп, 10 адам қаза тауып, 46 адам ауыр жарақат алды.
Мысалы, Бурабай ауданында биыл 6 оқиға тіркеліп, олардың салдарынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды. Улы газдан улану салдарынан 3 адам қайтыс болды.
Осыған байланысты, Бурабай ауданы прокуратурасы ауданның Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлердің тұрғындарымен өрттің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Іс-шара барысында түтін мен улы газды уақытылы анықтау және оған жедел әрекететуге арналған көмірқышқыл газының детекторлары орнатылды.
Сонымен қатар, Целиноград ауданында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, 3 адам жарақат алды. Шортанды ауданында газ баллонының жарылуы салдарынан 3 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды. Сол сияқты, Қорғалжын ауданында газ баллонының жарылуынан 3 адам қазатауып, 16 адам жарақат алды.
Құрметті азаматтар, өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/914954?lang=kk
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП