tgoop.com/GenPr/5637
Last Update:
А Ң Д А Т П А
Осы аптада біздің Бас прокуратураның Телеграм арнасында:
2024 жылғы қылмыс статистикасы: Бас прокуратураның ҚПСжСБ басқармасы елдегі қылмыс жағдайы туралы 2024 жылғы қорытынды статистиканы ұсынады. Аптаның алғашқы жаңалығын жіберіп алмаңыз!
Отбасылық жанжалқорлар қамалды: БҚО, Шымкент пен Астанада отбасылық-тұрмыстық қатынастарда бірнеше рет құқықбұзушылық жасаған жанжалқорлар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз таксопарктер: Алматы прокуратурасы 400 заңсыз таксопаркті анықтады. Олар шетелдік азаматтарды рұқсатсыз жұмысқа тартқан. Барлық мәліметтер жақын арада арнамызда жарияланады.
Мүгедекке көмектесті: Астана прокурорлары алаяқтардың атына ірі автонесие рәсімдеген мүгедек азаматтың құқықтарын қорғап қалды. Бұл туралы толығырақ арнамыздан оқыңыз.
Есірткі жарнамасы үшін жаза: Алматыда ер адам есірткі тарататын интернет-сайттарды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы прокурорлары осы және басқа да ұқсас істер туралы осы аптада баяндайды.
Азаптау үшін жаза: Ұлытау өңірінде арнайы прокурорлар азаматты азаптаған құқық қорғау органдары қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тартты.
Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып, бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП