tgoop.com/GenPr/5645
Last Update:
ШҚО-да кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба өңірде жасөспірімдер қылмысын төмендетуге мүмкіндік берді
Шығыс Қазақстан прокуратурасы мүдделі органдармен бірлесе отырып, 2023 жылы басталған, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған жобаны іске асыруды жалғастыруда. Жоба аясында тәуекел тобындағы балаларды анықтау, олармен мақсатты алдын алу жұмыстарын жүргізу, отбасыларға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.
Жоба шеңберінде 3 мыңнан астам отбасыға тексеру жүргізіліп, 562 отбасы қажетті көмек алды. Оның ішінде 283-не әлеуметтік, 270-не материалдық, 9-на тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсетілді. Сондай-ақ, 119 ата-ана түрлі жұмыстарға орналастырылды.
Прокуратура, әкімдіктер және полиция органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 30%-ға азайды (2023 жылғы 77-ден 2024 жылы 52-ге дейін).
Бұдан бөлек, қазан айында Шемонаиха ауданындағы көпбалалы отбасылардың біріне бару барысында 12 жастағы қыздың қауіпсіздігіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске саламыз, балалар құқықтарының бұзылуы туралы кез келген фактілерді Telegram мессенджеріндегі «Ұрпақ ВКО» чат-ботына немесе сенім телефонына – 8 777 988 7608 –хабарлауға болады.
Прокуратураға келіп түскен әрбір ақпарат шұғыл түрде тексеріліп, расталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.
Жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, оны келесі жылы да жалғастыру жоспарлануда.
#Заң_мен_Тәртіп
#Зорлыққажолжоқ
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/915769?lang=kk
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП