tgoop.com/GenPr/5653
Last Update:
Шымкентте отбасылық жанжал
шығарушы жауаптылыққа тартылды
Шымкент қалалық сотының үкімімен 33 жастағы қала тұрғыны заңды некедегі жұбайына дене жарақаттар салғаны үшін 6 тәулікке қамаққа алынды.
Оның әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігімен (Ұрып-соғу) сараланды.
Сотта жәбірленуші күйеуінің қызғаныштан бірнеше рет ұрып-соққанын көрсетті.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес бұл бап әкімшілік құқық бұзушылық санатынан қылмыстық теріс қылық санатына ауыстырылып, жазаны қатаңдатуға мүмкіндік берді.
Егер сіз немесе сіздің танысыңыз осындай жағдайға тап болса, бей-жай қарамаңыз және полицияға міндетті түрде хабарлауды ұмытпаңыз. Құқық қорғау органдары зардап шеккендерге заң аясында көмек көрсетіп, қорғау шараларын қабылдауға дайын.
#Теңқұқылы
Шымкент қаласы прокуратурасының
сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/921453?lang=kk
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП