tgoop.com/KZgovernment/14354
Last Update:
📌Премьер-министр экономиканы цифрландыру туралы: білім беру бағдарламаларын дамыту, ірі бизнесті тарту және инфрақұрылымды құру маңызды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет алдағы уақытта да IT-технологиялар мен көрсетілетін қызметтер саласын белсенді қолдай беретінін атап өтті.
▪️Қазақстан әлемде цифрландыру саласы дамыған ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіреді және онлайн-қызметтер көрсету бойынша 8-орында.
▪️Елімізде роботтандыру және жасанды интеллект технологиялары орнықты дамуда.
▪️Цифрлық трансформация тұжырымдамасы қабылданды, сондай-ақ венчурлік нарықты және стартап-экожүйені дамыту үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасалды.
▪️Astana Hub технопаркі көптеген стартаптар үшін шын мәнінде инновациялық кластерге әрі ең негізгі әріптеске айналды. Бұл алаңда 1,5 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеуде.
▪️5 жыл ішінде отандық IT-қызметтердің экспорты 20 есеге ұлғайып, осы жылдың қорытындысы бойынша $600 млн-нан асты.
▪️E-commerce, BigData, GameDev, Fintech, MedTech пен басқа да серпінді жобалардың экспорттық әлеуеті жоғары. Олардың белсенді дамуы 2026 жылға қарай ІТ-өнімдер мен қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін өсіруге ықпал етпек.
Премьер-министр өңірлік акселерациялық бағдарламаларды және басқа елдердегі жаһандық әріптестік желіні дамыту саясатын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.