Warning: Undefined array key 0 in /var/www/tgoop/function.php on line 65

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/tgoop/function.php on line 65
2247 - Telegram Web
Telegram Web
Мерекелік пойыздар мен ұлттық дәмдер жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Наурыз мейрамын күндері Алматы вокзалынан ұлттық нақышта безендірілген №4/3 «Алматы – Астана» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы салтанатты түрде жолға шықты. Перронда жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алып, наурыздың шуақты атмосферасын сыйлады.
Жолаушылар мен шығарып салушыларға қазақ халқының мәдении мұрасын насихаттайтын домбыра үнімен сүйемелденген музыкалық бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, әр жолаушыға дәстүрлі тағамдар — наурызкөже мен бауырсақ тарту етілді.
Мерекелік нақышпен көмкерілген №7553/6811 «Қарағанды – Астана – Бурабай курорты» бағытындағы қала маңы электр пойызы да жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлауда. Этностильде безендірілген осындай пойыздар 2025 жылдың наурызының соңына дейін қатынайтын болады.
Ұлттық мерекелерде жолаушыларды арнайы құттықтау – компания үшін дәстүрге айналған игі дәстүр. Жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ түрлі мерекелерге орай пойыздарды тақырыптық безендіріп, жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлап келеді.
Айта кетейік, бұл мерекелік шара еліміздің барлық өңірлерінде өтуде. Пойыз бригадасы мен компания қызметкерлері жолаушыларды пойыз ішінде де, перронда да Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауда.

Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки» 

_

Оформленные поезда и угощениями порадовали пассажиров поездов Нацперевозчика
 
В дни празднования Наурыз мейрамы с перрона Алматинского вокзала в путь отправился поезд №4/3 «Алматы-Астана», оформленный в национальном стиле. Пассажиров встречали на перроне проводники в традиционной национальной одежде, создавая атмосферу праздника.
 
Пассажирам и провожающим было организовано музыкальное сопровождение, исполняемое на символе казахской музыкальной культуры — домбре.Каждого пассажира угощали национальными блюдами — наурыз-коже и баурсаками.
 
В праздничном стиле оформлен электропоезд №7553/6811 «Караганды – Астана – Курорт Боровое». Поезда оформленные в этническом стиле будут курсировать до конца марта 2025 года.
 
Поздравление пассажиров с национальными праздниками стало ежегодной и важной традицией для компании. К слову, ежегодно Национальный перевозчик оформляет поезда в тематическом стиле в честь праздников, даря пассажирам праздничное настроение.
 
Отметим, что данная праздничная акция проводится во всех регионах страны. Проводники и сотрудники компании поздравляют всех пассажиров внутри поездов и на перронах с наступлением национального праздника Наурыз!
 
Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки» 
2025/07/10 13:58:25
Back to Top
HTML Embed Code: