tgoop.com/almatysot/2072
Last Update:
Судьялардың студенттермен кездесуі
▪️Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың Д.А. Қонаев атындағы колледж студенттерімен кездесуі өтті.
▪️Іс-шара барысында болашақ заңгерлер сот жүйесінің жұмысымен, кәмелетке толмағандар ісін жүргізудің ерекшеліктерімен және жалпы, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы сот төрелігінің рөлімен танысты.Оларға сот қызметінің негізгі аспектілері айтылып, сот отырысы залы көрсетілді.
▪️Сот төрағасы Е.Убигалев сот жұмысының ерекшеліктеріне, қаралған істердің санаттарына кеңінен тоқталып, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді. Студенттер кәмелетке толмағандарға қатысты заңнаманы қолдануға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
Судьялар мен студенттер арасындағы кездесу мазмұнды ғана емес, сонымен қатар шабыттандырды. Жастар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы судьялар жұмысының маңыздылығына, сонымен қатар олардың болашақ мамандығының әлеуметтік маңызы зор екеніне көз жеткізді.
▪️Бұл пайдалы әрі мазмұнды шара колледж студенттерінің ой-өрісін кеңейтіп, әділеттілік қағидаларын түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе болашақ заңгерлердің біліміе байытып, олардың алдағы уақытта заң саласындағы қызметінде майталман маман болуына септігін тигізеді.
▪️Мұндай кездесулерді ұйымдастыру студенттердің кәсіби даярлығының маңызды бөлігі болып табылады және олардың сот жүйесін жақсырақ түсінуіне ықпал етеді, оларға сот төрелігі атмосферасына енуге, қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап табуға және құнды тәжірибе алуға, олардың болашақ кәсіби өсуіне мүмкіндік береді.
BY АЛМАТЫ СОТТАРЫ
Share with your friend now:
tgoop.com/almatysot/2072