tgoop.com/almatysot/2083
Last Update:
⚜️Қан тапсырып, үлкен істің бір бөлігі болыңыз: челленджге қосылыңыз!
▪️Алматы қаласы бойынша Сот Әкімшілігінің Департаменті тағы да ерікті донорлық акциясын ұйымдастырды. Әдеттегідей, ол Алматы қаласындағы қан орталығында өтті.
Әлеуметтік маңызды шараға Департаменттің 25 қызметкері қатысып, донорлық қанға мұқтаж адамдарға нақты көмек көрсетті. Әрқайсысы ауруханалардағы науқастардың қан банкісіне 450 мл. көлемінде толықтырды.
▪️Қан тапсыру дәстүрі – медициналық мекемелерде ем алып жатқан науқастарға көмек көрсету, сот қызметкерлері үшін адамгершілік пен гуманизмнің көрінісі, адам өмірін сақтау мен қамқорлықтың асыл және маңызды әрекеті болды.
▪️Сот Әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі – А.Жарылқасын атап өткендей, қан орталығына жыл сайын бару – сот мамандарының еріктілік қызметінің бір бөлігі, оның ішінде елімізде донорлық мәдениетті дамыту, әлеуметтік жобаларды қолдау және қайырымдылық қызметіне назар аударту болып табылады. Өйткені, біреулер өмір үшін күресіп жатқанда, оларға көмектесу өте маңызды. Сондай-ақ, бұл – мен басқалар үшін не істей аламын?, - деп ойлануға да себеп.
▪️Іс шараның басқада жағы бар. Мұндай әрекеттер ұжымның бірлігін арттырады, қызметкерлер өздерін тек жұмыс емес, одан да үлкен нәрсенің бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік алады. Ал бұл жолы олар игі істерді бірге атқаруға қабілетті, тату ұжым екеніне көз жеткізді.
▪️Осындай бастамалар мейірімділік пен жанашырлықтың себептері ешқашан алыс емес екендігінің дәлелі. Мұқтаждарға көмектесу арқылы біз басқаларды шабыттандырамыз. Ал мұндай әрекеттер үйреншікті жағдайға айналсын.
▪️Алматы қаласы бойынша Сот Әкімшілігі Департаменті жыл сайынғы ерікті қайырымдылық іс-шарасын өткізіп, челленджді Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі Департаментіне жолдайды.
BY АЛМАТЫ СОТТАРЫ
Share with your friend now:
tgoop.com/almatysot/2083