tgoop.com/almatysot/2086
Last Update:
Сот есі дұрыс еместік деп танып, мәжбүрлеп емдеуге жіберді
▪️Жабық сот отырысында мәйіттердің денесін қорлады деген айыппен Б.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы материалы (ҚК 314-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы) қаралды.
Соттпен анықталғаны
▪️Іс материалдарына сәйкес, Б. созылмалы психикалық ауытқушылықпен ауырады (2024 жылғы 24 маусымдағы сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысы) және 2023 жылғы сәуірден 2023 жылғы қазанға дейінгі кезеңде мәйітхана ғимаратында бірнеше рет мәйіттердің денелерін қиянаттады,
және ол ұялы телефонына осының барлығын видеоға түсіріп алған.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, ер адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық шараларды қолдану ұсынылды.
Шешімі:
▪️Сот сараптамалық қорытындыларға сүйене отырып, Б.-ның өз іс-әрекетін жасау кезінде есі дұрыс еместік жағдайда болғаны және созылмалы психикалық ауруына байланысты өз іс-әрекетінің мәні мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмайтындығы, сондай-ақ оларды басқара алмайтындығы туралы қорытындыға келді.
▪️Сот қаулысымен сотталушы есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.
BY АЛМАТЫ СОТТАРЫ
Share with your friend now:
tgoop.com/almatysot/2086