tgoop.com/almatysot/2096
Last Update:
Алматы қаласында Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы,жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды
▪️Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жұмагелдиев Арманның қылмыстық тобының басшылары мен қарулы тобының мүшелері, сондай-ақ ҰҚК-ның 5-Департаментінің экс-басшысы Искаков Руслан, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Құдайберген Қайрат және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
▪️Сот анықтағандай, 2016 жылы Искаков ҰҚК-ның 5-Департаменті басшысының орынбасары бола отырып, ұлттық қауіпсіздік органдарының қолдауына кепілдік беретінін айтып, Жұмагелдиевті серіктестікке көндірген.
▪️ҰҚК органдарының қолдауына ие болған Жұмагелдиев Қазақстан мен шетелдердегі қылмыстық ықпалын кеңейту мақсатында қылмыстық ұйым құруға кіріскен.
Бұл мақсатта, ол ұйымның негізгі рөлдеріне бұрыннан таныс, психологиялық тұрғыдан тұрақты, қылмыстық қудалаудан қорықпайтын және жақсы физикалық дайындығы бар адамдарды тартқан.
▪️Жұмагелдиевтің қылмыстық ұйымының барлық мүшелері,ұйымдастырушылық, функционалдық және аумақтық негізде топтарға бөлініп, тікелей оған бағынған.
▪️Сондай-ақ, Искаков басқарған ҰҚК бөлімшесі Жұмагелдиевтің қылмыстық ұйымымен бәсекелес ұйымдасқан
қылмыстық топтарды жойғаны анықталды.
Сонымен қатар, Искаков, Жұмагелдиев тобының заңсыз әрекеттерін тоқтатуға ешқандай шара қолданбаған.
▪️2017 жылдың желтоқсанынан бастап Жұмагелдиев өзінің қылмыстық ұйымының қызметін Түркия Республикасында тұрып, қашықтықтан басқарған. Ол Қазақстан, Түркия және БАӘ-де, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және мүшелерімен кездесу өткізіп тұрған.
Қылмыстық ұйымның ықпал аясын кеңейту және қаржылық түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде әлеуетті құрбандарды іздеген.
▪️Мысалы, 2021 жылдың маусым айының басында топ мүшелері Түркістан облысының тұрғынының, олардыңтаныстарына 25 миллион теңге қарызы бар екенін білді.
Жұмагелдиевтің бағыныштылары зардап шегушіні ұрып-соғып, оны Шымкенттегі қонақ үйдің алтыншы қабатынан лақтырып жібереміз деп қорқытып, 23 миллион теңгені қайтаруға мәжбүр еткен, оның 12 миллионы сотталушылардың пайдасына алынған.
▪️2022 жылдың басында Искаков, Жұмагелдиев және экс-депутат Құдайберген билікті күшпен басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздіктердің негізгі ұйымдастырушылары болды.
Бұл үшін Жұмагелдиев 2021 жылдың желтоқсанында Қазақстанға алдын ала келген.
▪️2022 жылы қаңтар оқиғалары кезінде Құдайберген «Қазақстан» қонақ үйінде штаб құрып, оған Жұмагелдиевтің тобын шақырды. Осылайша көрсетілген адамдар, қарулы топтың және оларға қосылған басқа адамдардың әрекеттерін басқарған.
▪️Сот 2022 жылдың 5 қаңтарында Жұмагелдиевтің тобы мен оның жақтастары Алматы қаласындағы Республика алаңына екі рет шыққанын анықтады. Олардың мақсаты жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушыларды біріктіру және билікке талап қою үшін «Халық кеңесі» түрінде конституциялық емес орган құру болған.
Кейін Жұмагелдиев тәртіпсіздіктерге қатысушылар санын көбейту туралы шешім қабылдаған. Осы мақсатта ол өзінің Шымкент қаласындағы қылмыстық топ мүшелерін Алматыға шақырған.
▪️Сонымен қоса, Құдайбергеннің заңсыз түрде спортшылар мен басқа адамдарды «Қазақстан» қонақ үйінің маңында жинауды ұйымдастырғаны анықталды. Ол бұл әрекетті бизнес нысандарын қорғауға көмек көрсету деген сылтаумен жасаған, алайда шын мәнінде Жұмагелдиевтің қылмыстық тобына қосылуды көздеген.
▪️2022 жылдың 5 қаңтарынан 6 қаңтарға қараған түні ҰҚК басшылығы ұсталғаннан кейін Искаков тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жоспарының сәтсіз болатынын түсініп, қылмыстың іздерін жасыруға шешім қабылдаған. Бұл мақсатта, ол Алматы қаласындағы жағдайды тұрақтандыру сылтауымен, Жұмагелдиевке,адамдарды ұрлап, оларды «Қазақстан» және «The Ritz Carlton Almaty» қонақ үйлерінде ұстауды тапсырған.
▪️2022 жылдың 6-7 қаңтар аралығында Жұмагелдиев тобының мүшелері бейбіт тұрғындарды заңсыз ұстап, оларды аяусыз ұрып-соғып, мүліктерін тартып алып, қорлаған.
BY АЛМАТЫ СОТТАРЫ
Share with your friend now:
tgoop.com/almatysot/2096