AQORDA_RESMI Telegram 22683
Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Мәдина Әбілқасымова:

➤ қаржы нарығын дамыту саласының былтырғы қорытындылары туралы есеп берді;

➤ банк секторында тұрақтылық сақталып тұрғаны жөнінде баяндады:
– 2024 жылдың басынан бері банктердің активтері 19,7 пайызға, яғни 61,6 триллион теңгеге дейін өскен;
– экономиканы кредиттеу 20,9 пайызға немесе 33,8 триллион теңгеге дейін ұлғайған;
– банктердің жұмыс істемейтін активтері – 3,1 пайыздан төмен деңгейде;
– Агенттік 21 банкке жыл сайынғы қадағалау-бағалау жұмыстарын аяқтаған. Сондай-ақ 11 банктің активі сапалық тұрғыдан бағаланып, стресс-тестілеу жүргізілген. Аталған шара банк жүйесі активтерінің 85 пайызын қамтыған. Бұған қоса, 400 миллиард теңге көлемінде мемлекеттің қолдау қаражаты мерзімінен бұрын қайтарылған;

➤ стрестік активтер нарығын дамытуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданып, осы тектес активтерді сатуға арналған алғашқы цифрлық платформа іске қосылғанын айтты:
– бәсекелестікті күшейту үшін банк секторына Оңтүстік Кореядан, Қатар Мемлекетінен және Біріккен Араб Әмірліктерінен шетелдік банктер тартылған;

➤ нақты сектор мен бизнес субъектілерін несиелеу туралы мәлімет берді:
– 2024 жылы бизнеске берілген кредиттер 16,3 пайызға немесе 13,1 триллион теңгеге дейін ұлғайған. Бұл ретте бизнеске 18,2 триллион теңге сомасына жаңа займдар берілген;
– Президенттің халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы маусымда кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бағытында заң қабылданған;
– 614 мың азаматтың 210 миллиард теңге сомасындағы проблемалық берешегі қайта құрылымдалып, ішінара немесе толық кешірілген;

➤ азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау мақсатында заңнамалық түзетулердің жаңа топтамасы әзірленгенін жеткізді;

➤ сақтандыру нарығын цифрландыру нәтижесін таныстырды:
– азаматтардың тұрғын үйлерін апат тәуекелдерінен міндетті сақтандыру моделі әзірленген;
– кредиттік рейтинг агенттіктері туралы, Инвестициялық және венчурлық қорлар туралы заң жобалары дайындалған.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттікке қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, нақты секторды кредиттеу аясын одан әрі кеңейту, қаржылық қызметтерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

www.tgoop.com/aqorda_resmi

tgoop.com/aqorda_resmi/22683
Create:
Last Update:

BY Aqorda 🇰🇿

Share with your friend now:
tgoop.com/aqorda_resmi/22683

View MORE
Open in Telegram

Telegram News

Date: |

The group also hosted discussions on committing arson, Judge Hui said, including setting roadblocks on fire, hurling petrol bombs at police stations and teaching people to make such weapons. The conversation linked to arson went on for two to three months, Hui said. The best encrypted messaging apps Hui said the time period and nature of some offences “overlapped” and thus their prison terms could be served concurrently. The judge ordered Ng to be jailed for a total of six years and six months. Invite up to 200 users from your contacts to join your channel Ng, who had pleaded not guilty to all charges, had been detained for more than 20 months. His channel was said to have contained around 120 messages and photos that incited others to vandalise pro-government shops and commit criminal damage targeting police stations.
from us

Telegram Aqorda 🇰🇿
FROM American