Telegram Web
🗣 АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина және Ресей бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

Америкалық тараптың өтінішіне байланысты кездесу қорытындысы бойынша жоспарланған баспасөз конференциясы өтпеді. Бұл туралы Reuters агенттігі мен басқа да халықаралық ақпарат құралдары хабарлады.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, Келлог Киевке барғанда Украина жағын тыңдауға келгенін айтқан.

🇺🇸 Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц Украинаны АҚШ-қа қарата айтылған сынды жұмсартуды және пайдалы қазбаларды жеткізу бойынша келісімге келуге шақырды.

Бейсенбіде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс соғыс аяқталуға жақын қалды деп санайтынын айтты. Ол Ресеймен келіссөз жүргізбей, соғысты тоқтату мүмкін емес деді.

🇺🇦 Зеленскийдің хабарлауынша, Келлогпен кездесуде майдандағы жағдай, тұтқындағы Украина азаматтарын қайтару, қауіпсіздік кепілі туралы талқыланған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 Каспий құбыр консорциумына (КҚК) дронмен шабуыл жасағаны үшін Украинаны жауапкершілікке шақыру қажет. Бұл жөнінде мәжіліс депутаты Никита Шаталов мәлімдеді. 🗣 "Дүйсенбіде КҚК шабуылға ұшырады және украин жағы бұл үшін жауапкершілікті мойнына алды. Шабуылдаушы…
🗣 Депутат Самат Нұртаза Каспий құбыр желісіне шабуылды "ірі халықаралық жобаға жасалған қиянат" деп бағалады.

Оның сөзінше, Украина күштері мұнай айдайтын станцияға шабуыл жасағанын растағанымен, олардың позициясы анық емес. Депутат Украинадан "не үшін, неге?" деген сұрақтарға "нақты саяси жауап алу керек" деді.

🗣 "Ресейді соғысты тоқтатуға да шақырған біз едік. Барлық тарапқа арнайы алаң беруге дайын екенімізді ашық жариялап, шиеленістің бейбіт түрде шешілуін және оған БҰҰ-ның араласуын да ұсындық" деп жазды Самат Нұртаза Facebook-тегі парақшасында. Ол бұл мәселені сыртқы істер министрлігі бақылауға алуға тиіс деп мәлімдеді.

Депутат Марат Башимов станцияға шабуылды "Қазақстан мүддесіне қарсы ашық және тікелей шабуыл" деп атады. Башимов шабуылды "достыққа жат акция" деп бағалады.

🇰🇿🇺🇦 Депутаттың айтуынша, Қазақстан Украинадан осы жағдайға байланысты түсініктеме талап етуі керек.

Башимов Украина бір жағынан АҚШ пен Еуропадан әскери және басқа да көмек талап етсе, екінші жағынан олардың экономикалық нысандарына соққы береді деп, Киевтің позициясын "екіұдай" деді.

🛢 Каспий құбыр консорциумының 24 пайызына – Ресей, 19 пайызына Қазақстан иелік етеді. Қалған ірілі-ұсақ акциялар Батыстың бірнеше ірі мұнай өндіруші компаниясының иелігінде.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры, марқұм Болат Назарбаевтың базар, сарай, ғимарат және мыңдаған гектар аумақты алатын жер учаскелері қазір кімнің иелігінде?

Мемлекет нені "қайтарып" алды? "Зәбір көргендер" мүліктеріне қайыра ие бола алды ма? Балаларына қалған мирасы қайсы?

💰 Қаңтар оқиғасынан кейін билікке ықпалынан айырылған бірінші президенттің інісі басқарған даулы мүліктердің бүгінгі жайы не болып жатыр?

Азаттық тілшісі осы сұраққа жан-жақты жауап іздеді.

🔗Толығырақ

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 АҚШ сенаты 44 жастағы Кэш Пательді ФБР басшысы қызметіне бекітті деп хабарлады Reuters

Оның кандидатурасын республикалық партияның 51 өкілі қолдаған. 49 сенатор – 47 демократ пен тағы екі республикашыл қарсы болған.

Патель Трамптың көзқарасына келіспеген ФБР қызметкерлерінің бәрін жұмыстан шығарып, барлау деректерін жинаумен айналысатын бөлімдерді таратуды ұсынған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🔴 Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры, марқұм Болат Назарбаевтың базар, сарай, ғимарат және мыңдаған гектар аумақты алатын жер учаскелері қазір кімнің иелігінде? Мемлекет нені "қайтарып" алды? "Зәбір көргендер" мүліктеріне қайыра…
🗣 Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Байтау" қорына қарайтын Үшқоңыр резиденциясының айналасындағы кемі 9 мың гектар жер мемлекеттік "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" балансына өткен.

Бұл ақпарат Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрында көрсетілген.

🟠Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылына қарасты үш жер телімі 2023 жылы Қайрат Сатыбалдыдан Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген резиденцияны айнала қоршап жатыр.

Жер учаскелері 2022 жылы Болат Назарбаевтың Prime Capital Holding деген компаниясына тиесілі кәсіпорындардың меншігінде болған. Қазір бұл компания Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа қарайды.

🟠Жер телімдері мемлекетке қашан қайтарылғаны беймәлім. Бұл жөнінде жария хабарланған жоқ.

"Қайтарылған активтерді басқару компаниясының" Азаттыққа берген жауабына қарағанда, қайтарылған жерлердің бұрынғы иесі туралы мәлімет "құпия" сақталады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Қырғызстанда Қазақстанның "Рэкетир 3" фильмін премьера күні прокаттан алып тастады

"Синематика" кинотеатрлар желісі мұндай шешімге не себеп болғанын айтпады.

🇰🇬 19 ақпанда Бішкекте қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир 3" фильмінің жабық көрсетілімі өткен, 20 ақпанда әлеуметтік желіде фильм актерлерімен бірге Руслан Қамшының жүрген видеосы тарады.

Руслан – қылмыс әлеміне танымал Қамшы Көлбаевтың ұлы, Көлбаевты 2023 жылғы күзде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің арнайы операциясы кезінде атып өлтірген.

Фильмді прокаттан алып тастауға мұның қатысы бар-жоғы ресми түрде айтылмады.

🇰🇿 "Рэкетир 3" фильмінде басты рөлді сомдаған актер Саят Исембаев желіге видео жариялап, "Руслан Қамшының фильмге қатысы жоқ, ол жабық көрсетілімге басқалар сияқты шақырылды" деп мәлімдеді. Актер Қырғызстан билігін фильмді көрсетуге рұқсат беруге үндеді, Исембаевтың пікірінше, қырғыз халқы бұл фильмді көруді күткен.

Фото: racketeer.3

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 АҚШ пен Ресей өкілдері кейінгі бірнеше айда Швейцарияда Украина бойынша бейресми кездесулер өткізген

Бұл жөнінде үш дереккөзге сүйенген Reuters агенттігі жазды.

🟢Агенттіктің хабарлауынша, олардың кейбірі Дональд Трамптың 2024 жылғы қарашада президент сайлауындағы жеңісінен кейін өткен. Reuters дерегінше, кейінгі кездесулердің бірі биыл 14-16 ақпан аралығында Германияда өткен Мюнхен қауіпсіздік конференциясымен бір уақытта болған.

🇺🇸🇷🇺 Reuters дереккөздерінің мәліметінше, кездесулерге "дипломатия және қауіпсіздік саласында тәжірибесі бар" екі ел үкіметінің бейресми өкілдері қатысқан. Дереккөздер олардың аты-жөнін айтқысы келмеген.

🟢Дереккөздердің бірі Дональд Трамптың кейбір кеңесшісі бұл кездесулерден хабардар болған деп айтты. Тағы бірінің хабарлауынша, "екінші трек" шеңбері аясында өткен Швейцариядағы кездесулер нақты ұсыныс дайындауға емес, қарым-қатынасты жақсартуға және идеялармен алмасуға бағытталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 "Ақша жымқырды" деген күдікке ілініп, қазір қамауда отырған кәсіпкер, блогер, Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс…
💬 Қаржы мониторинг агенттігі Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың ісіне қосылған жаңа эпизодтың жай-жапсарын айтты

Агенттіктің хабарлауынша, іс Ақмола облысындағы "Батыр" қоғамдық бірлестігіне 2021 жылы оңалту орталығын салу мақсатында ақша жинау акциясымен байланысты.

🗣 "Перизат Қайрат тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен, осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан" деп жазылған ресми хабарламада.

Ведомствоның айтуынша, күдікті ұйымға құны 30 млн теңге тұратын жер телімін сатып алғанын мәлімдеген, алайда ол жер телімін бірлестіктің өзі 2019 жылы сатып алған.

Перизат Қайратпен жақын араласқан достары бұған дейін әлеуметтік желіде оның кінәлі екеніне сенбейтінін жазған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴 АҚШ дипломатиясының Украинадағы соғысты жылдам аяқтауға ұмтылысы мен Вашингтонның Мәскеумен қарым-қатынасын жандандыруға деген талпынысы Киев пен Еуропа елдерін үрейліндіріп отыр.

Олар қағажу қалғандай күй кешіп, Ресей үшін тиімді болатын келісім жасалмай ма деп алаңдайды.

🇨🇳 Бір қызығы, алаңдаушылар қатарында Қытай да бар.

🗣 "Қытайлар мұны Трамп президент болып сайланып, Украинадағы соғысты жылдам аяқтағысы келетінін айтқанда-ақ байқаған" деді АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың Қытай жөніндегі кеңесшісі болған Деннис Уайлдер.

🔗Толығырақ

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Ресей ішкі істер министрлігі Украинада ресейліктер жағында соғысқан қазақстандық Петр Мирошниченкоға уақытша баспана беруге дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін ол Ресей басшысы Владимир Путиннен өзіне Ресей азаматтығын беруді сұраған.

🇰🇿 Қазақстан заңы бойынша, шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мирошниченко Қазақстанда өзін түрме күтіп тұрғанын айтып, ол жаққа орала алмайтынын айтқан.

🇷🇺 Ресей ішкі істер министрлігіне қарасты көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқарманың телеграм-арнасында Мирошниченкоға қатысты қысқа хабарлама жарияланды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Украина президенті Владимир Зеленский америкалық блогер Лекс Фридманға берген сұхбатында Батыс елдеріне қарата бірқатар сыни мәлімдеме жасады 🇺🇦 Зеленский АҚШ пен Ұлыбританияны сынға алды. Олар 1994 жылы Ресеймен бірге Будапешт меморандумына қол қойып,…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Ресей Украина жеріне басып кіргелі көпшілік Будапешт меморандумын жаңа қырынан қарастыра бастады.

Кезінде бір одаққа кірген бірнеше елдің ядролық қарудан жаппай бас тартқаны да соғыс кезінде өзгеше бағамдалып жүр. Кезінде Украинаның ядролық қаруы орналасқан нысанда жұмыс істеген әскерилер жылдар өткен соң сол кездегі жайттарды ашық айта бастады.

Азаттық "Настоящее время. Док" арнасындағы әріптестерінің деректі фильмін ұсынады.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Ресей үкіметі Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына газ жіберетін құбыр салу туралы шешім қабылдады.

Жоспарға сай, магистральды газ құбыры Ресейдегі Түмен облысында салынады. Ол арқылы жылына 10 млрд текше метр газ тасымалданбақ, газ Қазақстанға экспортталады.

Бұған дейін Қазақстан энергетика министрлігінің елдің солтүстік пен шығыс өңірлеріне Ресейден газ тарту бойынша келіссөз жүргізіп жатқаны айтылған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Трамп пен Путин жақында кездесе ме?

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Трамп пен Путиннің кездесуі Украинадағы соғыс бойынша келіссөздің прогресіне байланысты болады деді. Бұл туралы ол журналист Кэтрин Херрингке берген сұхбатында айтты.

Рубионың сөзінше, екі президенттің кездесуі жақын уақытта болуы екіталай

🗣 "Соғысты аяқтау процесі алға жылжып, ал кездесуде келісім жасалатын болса, бәрі президент Трампты бітімгер ретінде қабылдайды" деді ол.

Путин бұған дейін Трамппен "шай я кофе ішу үшін кездесудің мәні жоқ" деген еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚽️ Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финал жеребесі тартылды. Былтырғы чемпион "Реал Мадрид" тағы бір мадридтік клуб "Атлетикомен" ойнайды. Францияның ПСЖ командасы мен Англияның "Ливерпуль" командасы кездеседі.

🔸 ПСВ (Нидерланд) – Арсенал (Англия)
🔸 Реал Мадрид (Испания) – Атлетико (Испания)
🔸 ПСЖ (Франция) – Ливерпуль (Англия)
🔸 Брюгге (Бельгия) – Астон Вилла (Англия)
🔸 Бенфика (Португалия) – Барселона (Испания)
🔸 Боруссия Д (Германия) – Лилль (Франция)
🔸 Бавария (Германия) – Байер (Германия)
🔸 Фейеноорд (Нидерланд) – Интер (Италия)

❗️1/8 финал ойындары екі матчтан тұрады. Команадалар алғашқы ойынды 4-5 наурызда, қарымта ойынды 11-2 наурызда өткізеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Ұлытау облысының прокуратурасы өңірдегі басты су реттеуші Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады

Прокуратураның хабарлауынша, 1952 жылы салынған су қоймасы (319 млн текшеметр су) мен оның гидротехникалық жабдықтары стратегиялық нысан болғандықтан мемлекет меншігінде болуы керек.

🗣 "Кезінде олар Kazakhmys Distribution жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балансына өткен. Оларды қайтару үшін облыс прокуратурасы су шаруашылығы министрінің атына ұсыныс енгізген. Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, нысанды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды" деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Прокуратураның хабарлауынша, енді нысанды жаңалау үшін су қоймасы мен оның гидротехникалық жабдықтарының ахуалын жан-жақты тексеру керек.

📌 Kompra.kz мәліметінше, Kazakhmys Distribution компаниясының құрылтайшысы – Голландияда тіркелген KCC B.V фирмасы. ҚазТАГ-тың жазуынша, ол Владимир Ким мен Эдуард Огайға қарайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 Алматының әкімшілік соты Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі Гүлзада Сержанға 393 мың теңге айыппұл салды "Власть" сайтының жазуынша, оған "Тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік ету" бабы бойынша айып тағылған. 🟠Полиция капитаны Бағдат…
🗣 Алматының әкімшілік соты Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваға да 393 мың теңге айыппұл салды

Сот Секербаеваға "Тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік ету" бабы бойынша айып таққан. Бұл туралы белсендінің онлайн-сот отырысына қатысқан Азаттық Азия тілшісі хабарлады.

Секербаева өзіне тағылған айыпқа келіспейді. Белсендінің сөзінше, ол еш жерде қандай да бір қоғамдық бірлестік басшысы деп көрсетілмеген.

🟠Бұған дейін әкімшілік сот Feminita-ның негізін қалаушылардың бірі Гүлзада Сержанды "тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік етті" деп айыптап, 393 мың теңге айыппұл салған.

🔵13-14 ақпанда Алматыдағы Feminita бастамасының іс-шарасына бірнеше адам кедергі келтіріп, шараны тоқтатпақ болған. Белсенділердің айтуынша, Feminita онда адам құқығы бойынша тренинг өткізген. Feminita өкілдері шараға кедергі келтірген топтың үстінен арыз жазған.

🟠"Қазақстандық ата-аналар одағы" бірлестігінің бұрынғы төрайымы Бағила Балтабаева мен оның жақтастары биліктен Feminita-ның жұмысына тыйым салуды, оның белсенділерін "экстремист" деп тануды талап еткен.

🔵Feminita өзін әйелдердің, жыныстық азшылық өкілдерінің құқығын қорғайтын ұйым деп таныстырады. Олар әділет министрлігіне бірнеше мәрте құжат тапсырып, тіркеле алмағанын айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Еуроодаққа мүше елдердің Ресейге қарсы 16-санкция пакетіне Қырғызстанда тіркелген Muller Markt және Profflab компаниялары ілікті

Мұндай ақпарат Euroshares тізімінде шықты. Азаттықтың Қырғыз қызметінің жазуынша, бұл компаниялар Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін көп ұзамай Қырғызстанда тіркелген.

Muller Markt компаниясы туралы ақпарат алғаш 2023 жылғы шілдеде пайда болды. Сол кезде АҚШ қаржы министрлігі компанияны Ресейге тыйым салынған технологиялар жіберді деп санкция салған.

2024 жылғы мамырда АҚШ-тың санкция тізіміне енген Profflab компаниясы Ресейдегі компанияларға америкалық электронды компоненттер жеткізген деп айтылды.

🇰🇬 Үш жыл ішінде Қырғызстанда тіркелген оннан астам компания Ресейге тыйым салынған тауар түрлерін экспорттағаны үшін санкцияға ілінген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Жаңаөзен соты қала әкімдігіне жұмыс сұрап барып, аштық жарияламақ болған қала тұрғыны 28 жастағы Жоламан Тұрғанбаевты 5 тәулікке қамады

Сот шешімінде 20 ақпанда Тұрғанбаевтың қала әкімдігіне барып, "жан-жағын қоршап алып, қоғамдық тәртіпті" бұзып, осылайша "ұсақ бұзақылық жасағаны" жазылған. Ондағы мәліметке сүйенсек, сот кезінде Тұрғанбаевтың өзі "жұмыс сұрап, әкімдікке барғанын, аштық жариялағанын" айтқан. Ол "кінәсін мойындаған".

Сот Тұрғанбаевты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп таныған.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға сүйенсек, Жоламан Тұрғанбаев "күнкөрістің қиындап, қымбатшылықтың қыспаққа алғанын айтып, ашынып, аштық жариялайтынын" айтқаннан кейін ұсталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 АҚШ президенті Трамптың Украина мен Ресей бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Украина президенті Владимир Зеленскийді "соғысып жатқан елдің берілмейтін әрі ержүрек лидері" деп атады.

🗣 "Украинаның басшыларымен ұзақ әрі қарбалас күн болды. Соғысып жатқан елдің берілмейтін әрі ержүрек лидері Зеленскиймен және оның талантты қауіпсіздік командасымен кеңірек сөйлесіп, жақсы талқылау жүргіздік" деп жазды Келлог желіде.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жазушы Дулат Исабеков қайтыс болды

Жазушы, драматург Дулат Исабеков 84 жасқа
қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының
орынбасары Қасымхан Бегманов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірденөтті. Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын» деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов.

Дулат Исабеков – «Гауһартас», «Дермене», «Перi мен Перiште», «Тiршiлiк», «Өкпек жолаушы», «Бiз соғысты көрген жоқпыз», «Қарғын» сияқты қазақ оқырманына кеңінен таныс шығармалардың авторы. Оның шығармалары негізінде фильм түсірілген, түрлі пьесалары сахналанған.

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дулат Исабековтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
2025/02/22 02:27:36
Back to Top
HTML Embed Code: