BIRGETEKSEREIK Telegram 3957
2024 жылы 54 журналист жұмысы үшін қаза тапқан

2024 жылы әлемде 54 журналисті жұмысы үшін өлтірілген. Ал дағдарыс аймақтарында қаза тапқан БАҚ қызметкерлерінің саны кейінгі бес жылда ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы “Шекарасыз репортер” (RSF) ұйымына сілтеме жасап хабарлады.

Ұйым баяндамасына сәйкес, қазір әлем бойынша 550 журналист қамауда отыр, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда жеті процентке көп. Түрмеде отырған БАҚ қызметкерлерінің саны Израиль мен Ресейде артқан.

Журналистер қызметі үшін ең қауіпті аймақ қайтадан Газа секторы болды. Қаза тапқан 54 журналистің үштен бірі Газада өлтірілген. Ал Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс басталғалы бері жалпы 145-тен астам БАҚ қызметкері қаза тапқан. Ал 2022 жылдың ақпанынан бері Украинада кем дегенде 13 журналист қайтыс болды. 2024 жылы Ресейде тағы сегіз журналист қамауға алынды.

Әлем бойынша қамауда отырған журналистердің басым көпшілігі Қытайда (124), Мьянмада (61), Израиль (41) мен Беларусьте (40).

“Шекарасыз репортерлар” неміс филиалының басқарма мүшесі Аня Остерхаус “БАҚ қызметкерлері өлтіріледі, түрмеге жабылады, бірақ көп жағдайда бұл қатігез қылмыстар жазасыз қалады” дейді.

tgoop.com/birgeteksereik/3957
Create:
Last Update:

BY Бірге тексерейік!

Share with your friend now:
tgoop.com/birgeteksereik/3957

View MORE
Open in Telegram

Telegram News

Date: |

3How to create a Telegram channel? Concise A Hong Kong protester with a petrol bomb. File photo: Dylan Hollingsworth/HKFP. Some Telegram Channels content management tips "Doxxing content is forbidden on Telegram and our moderators routinely remove such content from around the world," said a spokesman for the messaging app, Remi Vaughn.
from us

Telegram Бірге тексерейік!
FROM American