KOLIKPRESS Telegram 20099
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді

🔵Халықаралық стандарттау ұйымының ISO 3166-2 стандартына сәйкес «KAZ» және «KZ» геокодтары ресми түрде Қазақстан Республикасын белгілейді. Бұл кодтар интернет домендерінде, мемлекеттік құжаттарда, есеп беру құжаттарында және нөмірлерде кеңінен қолданылады. Олар ел ішінде де, шетелде де танымал. Осыған байланысты Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін «KAZ» және «KZ» индекстері бекітілді.

🔵«KAZ» индексі бірнеше өңір арқылы өтетін 23 автомобиль жолына берілген. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғап, Қарағанды арқылы өтетін жол KAZ01 индексін еншілесе, «Астана – Көкшетау (айналма жолмен) – Петропавл – РФ шекарасы («Жаңа жол» өткізу пункті)» бағыты KAZ02 болып белгіленді.

🔵«KZ» индексі бір өңірдің шегінде орналасқан республикалық маңызы бар 88 жол үшін қолданылады. Мәселен, Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» тасжолы KZ04-02 индексін алды. Онда көрсетілген «04» нөмірі – өңірді, ал «02» нөмірі – облыс шегіндегі жолдың реттік нөмірін көрсетеді. Жамбыл облысындағы «Меркі – Шу – Бурылбайтал» автомобиль жолы KZ08-04 деп белгіленді, мұндағы «08» – өңірді, ал «04» — облыс шегіндегі жолдың нөмірін білдіреді.

🔵«E» және «АН» сияқты халықаралық келісімдер арқылы тағайындалған автомобиль жолдарының индекстері өзгеріссіз қалатын болады. Бұл халықаралық көлік жүйесіндегі жүйелілік пен транзиттік қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді.

🔗 Автомобиль жолдарының тізімі, атаулары және индекстерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011402.
Жаңа индекстеу жүйесін әзірлеуді «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жүзеге асырды.

Жаңа индекстерді ескере отырып, жол белгілерін жаңарту жоспарлы жұмыстардың орындалуына және тозған элементтердің ауыстырылуына қарай біртіндеп атқарылады. Бұл үшін қосымша қаражат талап етілмейді, жұмыстар жолдарды күтіп ұстау шеңберінде жүргізіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

tgoop.com/kolikpress/20099
Create:
Last Update:

BY ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿

Share with your friend now:
tgoop.com/kolikpress/20099

View MORE
Open in Telegram

Telegram News

Date: |

Hashtags Hui said the time period and nature of some offences “overlapped” and thus their prison terms could be served concurrently. The judge ordered Ng to be jailed for a total of six years and six months. The initiatives announced by Perekopsky include monitoring the content in groups. According to the executive, posts identified as lacking context or as containing false information will be flagged as a potential source of disinformation. The content is then forwarded to Telegram's fact-checking channels for analysis and subsequent publication of verified information. Some Telegram Channels content management tips Developing social channels based on exchanging a single message isn’t exactly new, of course. Back in 2014, the “Yo” app was launched with the sole purpose of enabling users to send each other the greeting “Yo.”
from us

Telegram ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
FROM American