tgoop.com/mngsudkz/2723
Last Update:
«Сот актілерін бұлжытпай орындау міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
▪️Маңғыстау облыстық сотында «Сот актілерін бұлжытпай орындау міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
▪️Іс-шараға өңірдегі қылмыстық істерді қарайтын судьялар, прокуратура, әділет департаменті, құқық қорғау органдары мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.
▪️Дөңгелек үстел барысында Маңғыстау облыстық сотының судьясы Н.Примашев сот актілерінің ұзақ орындалмауын, айыппұлдарды өндіріп алу бойынша әкімшілік істердің сұрақтарын талқылап, сонымен қатар азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалмағаны үшін мемлекеттік бажды мемлекет пайдасына өндіріп алуын, қылмыстық істер туралы сот шығындарының мәселелерін айтып өтті.
▪️Одан әрі, Ақтау қалалық соты төрағасының м.а.Г.Әділсұлтани сот актісінің заттай дәлелдемелерді жою туралы бөлігін орындау туралы айтса, Қарақия аудандық сотының төрағасы С.Бердібеков қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша айыппұлдардың орындалу тәртібі мен мерзімдері туралы мәселелерді назарға алды.
▪️Маңғыстау облысының жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасы өкілі Қ.Сағынбек баяндамасында жәбірленушілерге өтемақы қорына өндірілген мәжбүрлі төлемдердің орындалу тәртібіне тоқталды.
▪️Ақтау қалалық сотының судьясы А.Хасеноваэкономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттарға арналған алгоритмін түсіндірді.
▪️Дөңгелек үстел соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, сот актілерін орындау бойынша бағыттағы жұмысты күшейту қажет екендігін атап өтті.
BY МАҢҒЫСТАУ СОТТАРЫ
Share with your friend now:
tgoop.com/mngsudkz/2723