tgoop.com/nehabarkaz/2836
Create:
Last Update:
Last Update:
Жигули Дайрабаев Мәжіліс отырысында сотталған ұлдарына қатысты пікір білдірді
⠀
Депутаттың сөзінше, олар кінәлі емес. Балалары әділдік үшін күреседі.
⠀
"Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен Мәжілістен не үшін кетуім керек?" — деді ол.
⠀
Еске сала кетейік, депутаттың ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдахалық Тараздағы сыбайлас жемқорлық бойынша сотқа тартылды. Олар 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
4 адамға, соның ішінде Дайрабаевтың балаларына судсидияны ұрлау арқылы мемлекетке 550 миллион теңге шығын келтірді деген күдікпен айып тағылды.
⠀
Осыған байланысты Дайрабаевтың отставкаға кетуін талап етілген еді.
⠀
🎥: @prokadrykz
⠀
https://www.tgoop.com/nehabarkaz
BY НЕХабар (қазақ редакциясы)
Share with your friend now:
tgoop.com/nehabarkaz/2836