tgoop.com/pressmfakz/18726
Last Update:
🔹 Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары 2024 жылғы 19 сәуірде Астанада өткен Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 6-шы отырысында қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысын жан-жақты талқылады. Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық және үкіметаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жәрдемдесуді жалғастыруға уағдаласты.
Тараптар экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстан Қырғызстанның ең ірі сауда серіктесінің «үштігіне» кіреді. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында соңғы жылдары екіжақты тауар айналымы тұрақты түрде 1,5 млрд АҚШ долларынан асып отыр. Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында министрлер өзара сауда көлемін 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге жәрдемдесу жөнінде уағдаласты. Осы орайда тараптар қазақ-қырғыз шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешенін іске қосудың, екіжақты тауар айналымының номенклатурасын кеңейтудің, бизнес-форумдар мен сауда миссияларын тұрақты түрде өткізудің, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Екі елдің кәсіпкерлік ортасы үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды. Қазақстан Қырғызстан экономикасына 1,3 млрд доллардан астам инвестиция салды.
Министрлер энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетін, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын атап өтті. Осы бағыттарда өзара тиімді әріптестікті дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
🔸 Главы внешнеполитических ведомств РК и КР подробно рассмотрели ход реализации договорённостей, достигнутых в ходе 6-го Высшего межгосударственного совета РК и КР, прошедшего 19 апреля 2024 года в Астане. Договорились продолжить оказывать содействие дальнейшему расширению межпарламентских и межправительственных связей.
Стороны особо отметили значимость расширения экономического сотрудничества. Сегодня Казахстан входит в «тройку» крупнейших торговых партнёров Кыргызстана. Благодаря предпринимаемым мерам, в последние годы двусторонний торговый оборот устойчиво превышает 1,5 млрд долларов США. В контексте реализации достигнутых договорённостей на высшем уровне, министры договорились содействовать увеличению взаимной торговли до 3 млрд долларов США. В этом ключе отметили значимость запуска Индустриального торгово-логистического комплекса на казахско-кыргызской границе, расширения номенклатуры двустороннего товарооборота, регулярного проведения бизнес-форумов и торговых миссий, а также дальнейшего развития межрегиональных связей.
Особое внимание было уделено созданию благоприятных условий для предпринимательских кругов двух стран. Казахстан инвестировал в экономику Кыргызстана более 1,3 млрд долларов.
Министры отметили значительный потенциал сотрудничества в сферах энергетики, транспорта, логистики, в том числе перспективы реализации совместных проектов. Выразили готовность содействовать развитию плодотворного взаимодействия на данных направлениях.
@PressMFAKZ
BY MFA Qazaqstan 🇰🇿
Share with your friend now:
tgoop.com/pressmfakz/18726