tgoop.com/ptrkkz/8730
Last Update:
🇰🇿🇷🇺 Екі ел басшысы бейнебайланыс арқылы Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты
– Тауар айналымы арта түсті. Былтыр оның көлемі $27 млрдқа жетті. Бұл ретте сыртқы саудамыздың 20%-ға жуығы Ресейдің үлесіне тиесілі
– Ресейден келетін тікелей инвестицияның жалпы көлемі $25 млрдқа жуықтады
– «Лукойл» компаниясымен бірге «Қаламқас теңіз», «Хазар» ірі кен орындарын игеруге кірістік. Бұл жобаға құйылатын инвестиция көлемі $6 млрдтан асады
– «Татнефть» компаниясымен бірлесіп, қуаты жылына 340 мың тонна бутадиен шығаруға жететін жоба іске асырылып жатыр
– Ресей газы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға алғаш рет тасымалдана бастады
– Ресей тарапының қатысуымен елімізде жалпы қуаты 370 МВт болатын жобалар пайдалануға берілді. Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында жақын арада 1 ГВт экологиялық таза қуат көзін іске қосу жоспарланған
– Осы жылы диқандарымыз қамбаны астыққа толтырып, 27 млн тоннаға жуық өнім жинады. Бұл рекордтық көрсеткіш еліміздегі тың жерлерді игерудің басталғанына 70 жыл толуымен тұспа-тұс келді.
– Таяу жылдары сүт өндіру көлемін 600 мың тоннаға жеткізетін 116 тауарлы сүт фермасы салынады.
– Елден тысқары жерлерде заманауи мультимодальді орталықтар мен «құрғақ порттар» желісін құруға басымдық береміз. Мұндай сәтті серіктестіктің бір мысалы – Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Селятино станциясындағы жаңа көлік-логистика орталығының құрылысы
– Қазіргі уақытта Қазақстан 86 мемлекеттің азаматына визасыз режим ұсынады және әлемнің 31 елімен тікелей әуе қатынасын орнатқан.
@ptrkkz