QARMET_NEWS Telegram 2345
11 ақпанда Qarmet компаниясының Бас директоры Вадим Басин мердігер ұйымдардың басшыларымен кездесті. Кездесуде – зауыт аумағында тапсырмаларды орындау кезінде жалдамалы жұмысшылардың қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері қаралды.

Жиын барысында 2024 жылы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына жүргізілген талдау ұсынылды. Ереже бұзудың басым бөлігі мердігер компанияларда тиісті бақылау болмауынан туындаған. Qarmet анықталған мәселелер мен оқыс оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін қабылданып жатқан кешенді шаралар туралы хабарлады.

«Көптеген мердігер ұйымдар ауыр жағдайларда жұмыс істеп, күрделі құрылыс-монтаж және технологиялық жұмыстарды орындайды. Олардың қатарында биікте, жабық кеңістіктерде және қозғалмалы механизмдер арасында атқарылатын жұмыстар бар. Кейбір компаниялар білікті мамандарды мұқият іріктеп, барлық қажетті қауіпсіздік стандарттарын сақтайды. Алайда, бұл талаптарға тиісті деңгейде мән бермейтін ұйымдар да бар. Бұл – мүлдем жол беруге болмайтын жағдай. Жауапты тұлғалар тарапынан бақылауды күшейту қажет», – деді Вадим Басин.

Кездесу барысында мердігер ұйымдарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді. Барлық компанияларға 2025 жылға арналған қауіпсіздік жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Кездесудің соңында Вадим Басин мердігер ұйымдармен серіктестікті одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында Qarmet компаниясының өндірістік қызметі аясында қойылған мақсаттарға қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

tgoop.com/qarmet_news/2345
Create:
Last Update:

BY QARMET

Share with your friend now:
tgoop.com/qarmet_news/2345

View MORE
Open in Telegram

Telegram News

Date: |

Ng Man-ho, a 27-year-old computer technician, was convicted last month of seven counts of incitement charges after he made use of the 100,000-member Chinese-language channel that he runs and manages to post "seditious messages," which had been shut down since August 2020. Those being doxxed include outgoing Chief Executive Carrie Lam Cheng Yuet-ngor, Chung and police assistant commissioner Joe Chan Tung, who heads police's cyber security and technology crime bureau. Add the logo from your device. Adjust the visible area of your image. Congratulations! Now your Telegram channel has a face Click “Save”.! Read now Don’t publish new content at nighttime. Since not all users disable notifications for the night, you risk inadvertently disturbing them.
from us

Telegram QARMET
FROM American