tgoop.com/EgovKzBot2_020/765
Last Update:
«Президент Үкімет отырысында МӘМС жүйесін сынға алып, Үкімет алдына нақты міндеттер қойды. Өкінішке қарай, шын мәнінде мәселе көп. МӘМС моделін толық қайта қарау қажет. Тегін медициналық көмек көлемінің кепілденген пакетіне кіретін (ТМККП) тізім жеткілікті деңгейде анықталмаған. Азаматтар медициналық көмек алуға тырысқан кезде, нағыз квесттен өткендей қиындықтарға тап болады. Клиникалық хаттамалар лайықты түрде жаңартылмайды, олар бақылаусыз жаңа зерттеулермен және дәрі-дәрмекпен толықтырылады. Бірақ МӘМС-тің бюджеті рекордтық деңгейге жеттсе де, медициналық ұйымдар зор кредиторлық қарызға батты. Ал азаматтар медициналық қызметтерді өз қалталарынан төлеуге мәжбүр», - деді Асхат Аймағамбетов.
https://www.tgoop.com/EgovKzBot2_020
BY EgovKzbot2.0 егов казакша
Share with your friend now:
tgoop.com/EgovKzBot2_020/765