tgoop.com/Jogargy_sot/4586
Last Update:
◾️ 2024 жылы «Арыс-Түлкібас» кешенді қисық учаскесінің Түлкібас-Арыс темір жол учаскесінде жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кеткен.
◾️ Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекторы әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада оқиғаға «Орал вагон жөндеу кәсіпорны» АҚ (ОВЖК) жасаған вагондарды деполық жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуі себеп болғанын көрсеткен. Бұл жылжымалы құрамның қалпына келтірілмейтін күйге келтірілуіне әкеліп соққан. Инспектор соттан ОВЖК-ны әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұраған.
◾️ Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты ОВЖК-ға қатысты үш әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарын зерделей келе, тергеу барысында 8 жүк вагонының рельстен шығып кетуіне техникалық себеп ОВЖК платформасын сапасыз депо жөндеуден өткізгені анықталғанын көрсетті.
◾️ ОВЖК-ның жылжымалы құрамды, сондай-ақ темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдарды күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу бойынша тиісті шараларды қабылдамағаны үшін кінәсі төмендегідей құжаттармен расталды:
✔️ процеске қатысушылардың түсініктемелері;
✔️ ҚР Көлік министрінің м.а. бұйрығы бойынша орын алған жайтқа байланысты комиссия жүргізген тергеу актілері және ТМД, Балтық жағалауы және Грузия мемлекеттері темір жол әкімшіліктерінің қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілерін қызметтік тергеу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарының тәртібі туралы нұсқаулық;
✔️ ҚТЖ қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі бас аудитор өткізген кеңес хаттамалары, сондай-ақ басқа да іс материалдары.
◾️ Сот жоғарыда аталғандарды ескере отырып, АҚ-ны ӘҚБтК-нің 559-бабының 6, 7, 8-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп таныды. ОВЖК-ға 1,4 млн теңге айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды.
◾️ Сот шешімдері заңды күшіне енді.
https://www.tgoop.com/trk_sud
BY ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Share with your friend now:
tgoop.com/Jogargy_sot/4586