tgoop.com/Jogargy_sot/4592
Last Update:
◾️ 2022 жылы 5 жасар баланың анасының ата-аналық құқығы шектеліп, әкесі - ол құқынан айырылған. Ата-аналар балаларына оны асырауға алимент төлеуге міндеттелді. Бала мамандандырылған балалар үйіне, кейін ерлі-зайыптылардың қамқоршыларына берілді.
◾️ 2023 жылы баланың анасы ата-ана құқығын қалпына келтіріп, баласын қайтару туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
◾️ Сотта ол ұлы өзінің өмірін өзгертуге және денсаулығын қалпына келтіруге бірден-бір стимул екенін айтқан. Тұрақты жұмыс тапқанын, есірткі қолданудан бас тартқанын, наркологиялық орталықтың есептен шығарылғанын айтқан. Сондай-ақ ол өзінің жіберген қателіктерін түзетуге тырысатынын, ұжымның сенімі мен құрметіне ие болғанын және күш-жігерінің арқасында медбикеден сатушы консультантына дейін көтерілгенін атап өткен.
◾️ Ұсынылған құжаттар оның психиатриялық диспансерде есепте тұрмағанын, ресми түрде жұмыс істейтінін, тұрақты табысы барын және соттылығының жоқтығын растады.
◾️ Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі зерттей келе, жұмыс беруші мен полиция қызметкерлерінің оң анықтамаларын, алименттің уақытылы төленгенін, сондай-ақ ананың меншігінде екі пәтердің барын, оның біреуін жалға алып, қосымша кіріс әкелетінін ескерді.
◾️ Сот егер туған ата-анасы баланың дұрыс дамуы мен күтімін қамтамасыз ете алатын болса, баланың отбасында тәрбиеленуге құқығы бар екенін ескерді.
◾️ Талап қою толығымен қанағаттандырылды: баланың анасының ата-аналық құқықтары қалпына келтірілді, одан алимент өндіріп алу тоқтатылды.
◾️ Қаулы заңды күшіне енді.
https://www.tgoop.com/astanasottary
BY ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Share with your friend now:
tgoop.com/Jogargy_sot/4592