tgoop.com/Jogargy_sot/4595
Last Update:
◾️ 2010 жылы сот Ақтау қаласының тұрғынын 2010 жылдан бастап кәмелеттік жасқа толғанға дейін 16 жастағы ұлының анасының пайдасына баланы бағуға жалақының және басқа да кірістердің барлық түрлерінің 1/4 бөлігі мөлшерінде ай сайын алимент өндірген.
◾️ 2023 жылы жеке сот орындаушысы (ЖСО) әкесінің алимент бойынша қарызын 50 млн теңге деп анықтаған, бұл оның 2010 жылдан бері өз міндеттемелерін орындамағанын ескере отырып салынған қомақты сома.
◾️ Сот орындаушылары борышкер 2003 жылдан бері жеке кәсіпкер бола отырып (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдана отырып) өзінің кірісін жасырып, алимент төлемей, сол арқылы ұлының құқығын бұзғанын анықтады.
◾️ Салық органдарының декларацияларына сәйкес, 2010 жылдың 2-тоқсаны мен 2016 жылдың 2 жарты жылдығы, 2020 жылдың 1-жарты жылдығы мен 2022 жылдың 2 жарты жылдығы аралығында борышкердің кірісі 200 млн теңгеден астам соманы құраған.
◾️ Борышкер ЖСО-ның қаулысымен келіспей,сотқа шағым түсірген.
◾️ Маңғыстау облысының МАӘС-ы істі қарай отырып, жеке кәсіпкердің алимент сомасын және берешегін есептеу декларацияда көрсетілген мәліметтер негізінде салық төлеуші таңдаған салық режимі негізінде жүргізілетінін атап өтті.
◾️ Сот алименттерді ата-анасының нақты табысына сәйкес есептеу керектігін көрсете отырып, алимент бойынша берешек туралы ЖСО-ның есептеулерінің дұрыстығын растады.
Талап қою қанағаттандырусыз қалдырылды.
◾️ Борышкер өз құқығын асыра пайдаланып, бұл шешімге апелляциялық және кассациялық сот сатыларына шағым түсірген, алайда сот актісі заңды күшіне енді.
https://www.tgoop.com/mngsudkz
BY ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Share with your friend now:
tgoop.com/Jogargy_sot/4595