JOGARGY_SOT Telegram 4611
Жоғарғы Сот – «Атамекен» ҰКП –Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Райымбек Баталовпен және Қазақстан Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровпен кездесті.

Кездесуге Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасарлары, Сот әкімшілігінің басшылығы қатысты.

Өз сөзінде А.Мерғалиев бизнесті еліміз экономикасының іргетасы деп атады және Жоғарғы Соттың сот жүйесіндегі одан әрі жаңаруларды талқылауда өзара іс-қимылға ұмтылысын ерекше атап өтті.

Ол Мемлекет басшысының заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды, оның
ішінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты істер бойынша жұмыстарға тоқталды.

Жекелеген экономикалық құқық бұзушылықтар қылмыссыздандырылғаны (ҚК-ның 241-бабы, 234-бабы, 236-бабы), ҚПК-те кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қылмыстық істерді тіркеу күрделене түскені, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшыларының сот актілерін қайта қарауға бастамашылық ету үшін бүкіл вертикаль бойынша жауапкершілігі күшейтілгені атап өтілді.

Енді мемлекеттік орган сот актісіне шағымданған кезде сотқа жоғары тұрған органның келісімін, ал әкімшілік әділет аясында - оның уәжді ұстанымын ұсынуы тиіс.

Р.Баталов, өз кезегінде, сот және еліміздің инвестициялық тартымдылығы ұғымдарының ажырамастығына тоқталды.

Тараптар ағымдағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары
бағалап, әкімшілік әділетті, тергеу соттарының қызметін одан әрі дамыту мәселелерін, сот жүйесі мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

А.Мерғалиев, Р.Баталов және Қ.Нұров кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және сот жүйесіне деген сенімді нығайту мақсатында сындарлы диалогқа бейілді екендіктерін атап өтті.

Олар заңнаманы жетілдіру және сот практикасын нақтылау аясында жұмыс істеуге келісті.

tgoop.com/Jogargy_sot/4611
Create:
Last Update:

BY ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ

Share with your friend now:
tgoop.com/Jogargy_sot/4611

View MORE
Open in Telegram

Telegram News

Date: |

Deputy District Judge Peter Hui sentenced computer technician Ng Man-ho on Thursday, a month after the 27-year-old, who ran a Telegram group called SUCK Channel, was found guilty of seven charges of conspiring to incite others to commit illegal acts during the 2019 extradition bill protests and subsequent months. bank east asia october 20 kowloon Users are more open to new information on workdays rather than weekends. With Bitcoin down 30% in the past week, some crypto traders have taken to Telegram to “voice” their feelings. To delete a channel with over 1,000 subscribers, you need to contact user support
from us

Telegram ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
FROM American