🗣 Алматының әкімшілік соты Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваға да 393 мың теңге айыппұл салдыСот Секербаеваға "Тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік ету" бабы бойынша айып таққан. Бұл туралы белсендінің онлайн-сот отырысына қатысқан Азаттық Азия тілшісі хабарлады.
Секербаева өзіне тағылған айыпқа келіспейді. Белсендінің сөзінше, ол еш жерде қандай да бір қоғамдық бірлестік басшысы деп көрсетілмеген.
🟠Бұған дейін әкімшілік сот Feminita-ның негізін қалаушылардың бірі
Гүлзада Сержанды "тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік етті" деп айыптап, 393 мың теңге айыппұл салған.
🔵13-14 ақпанда Алматыдағы Feminita бастамасының іс-шарасына бірнеше адам кедергі келтіріп, шараны тоқтатпақ болған. Белсенділердің айтуынша, Feminita онда адам құқығы бойынша тренинг өткізген. Feminita өкілдері
шараға кедергі келтірген топтың үстінен арыз жазған.
🟠"Қазақстандық ата-аналар одағы" бірлестігінің бұрынғы төрайымы Бағила Балтабаева мен оның жақтастары биліктен Feminita-ның жұмысына тыйым салуды, оның белсенділерін "экстремист" деп тануды талап еткен.
🔵Feminita өзін әйелдердің, жыныстық азшылық өкілдерінің құқығын қорғайтын ұйым деп таныстырады. Олар
әділет министрлігіне бірнеше мәрте құжат тапсырып, тіркеле алмағанын айтқан.
❤️Азаттыққа жазылыңыз