KAZENERGY Telegram 1943
ЖАҢА КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ

ҚазТрансОйл (ҚТО) және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (ҚПО) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа орта мерзімді келісімшартқа қол қойды. ҚТО 20 жылдан астам уақыт бойы Қарашығанақ-Атырау көлік жүйесін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетіп келеді. Бұл келісімшарт ағымдағы экономикалық жағдайларды ескере отырып, мұнай тасымалдаудың кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚТО ұзақтығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырлары желісін басқарады және 36 мұнай айдау стансалары мен 68 мұнай жылыту пештері арқылы мұнай тасымалдауды қамтамасыз етіп келеді. 2024 жылы компания өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн 86 мың тоннаға артық мұнай тасымалдады.

Ірі халықаралық компаниялардың консорциумы болып табылатын ҚПО әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі – Қарашығанақты басқарады. Қарашығанақ-Атырау тасымалдау жүйесі осы кен орнынан мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып табылады.

Аталған екі компания да Қазақстанның мұнай-газ және энергетика секторларының жетекші компанияларын біріктіретін KAZENERGY қауымдастығына кіреді.

tgoop.com/kazenergy/1943
Create:
Last Update:

BY KAZENERGY

Share with your friend now:
tgoop.com/kazenergy/1943

View MORE
Open in Telegram

Telegram News

Date: |

Image: Telegram. Add up to 50 administrators Write your hashtags in the language of your target audience. The best encrypted messaging apps To edit your name or bio, click the Menu icon and select “Manage Channel.”
from us

Telegram KAZENERGY
FROM American