tgoop.com/qaz365kz/10437
Last Update:
Астанада ер адам 60 метрлік краннан секірмек болды
Астана полиция департаменті Сарыарқа аудандық жанындығы полиция бөлімінің жедел уәкілі Руслан Байбөриев түнгі сағат 03:10 шамасында "102"-ге түскен қоңыраудан кейін оқиға орнына дереу жеткен.
Бірден баспалдақпен жоғары көтеріліп, суицид жасамақ болған жігітпен сөйлесіп, оны сабырға шақырды. Сол сәтте оның сеніміне кіріп, қауіпсіз жерге түсірді.
Полицей ер адаммен сөйлесіп жатқан кезде оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері де жеткен. Жедел жәрдем қызметкерлері 35 жастағы азаматтың денсаулығын тексеріп, үйіне жеткізді.
Ол бұл әрекетін эмоцияның әсерімен жасағанын, салдарын ойламағанын мойындап, өмірін сақтап қалғаны үшін полиция капитанына алғыс айтты.
BY Жаңалықтар - Qaz365.kz

Share with your friend now:
tgoop.com/qaz365kz/10437