tgoop.com/samuraiwithout/1936
Create:
Last Update:
Last Update:
XV-XVI ғасырлардағы деректерді оқи отырып, қазақ, моғол, шибанид хандары мен сұлтандары, тимурид сұлтандары мен мырзалары, дуғлат әмірлері – барлығы бір-біріне құда-жекжат болғанын байқауға болады. Олар қыздарын және әпке-қарындастарын бір-бірінің ұлдары мен жиендеріне тұрмысқа берген.
Сондықтан олардың арасындағы барлық соғыстар, шын мәнінде, “Тақтар ойыны” сияқты билеуші әулеттер арасындағы өзара қақтығыстар еді.
Осыған байланысты бұл соғыстарды қазақтар, өзбектер, моғолдар арасындағы күрес деп атау дұрыс емес деп ойлаймын. Ол заманда “қазақ”, “өзбек”, “моғол” деген атаулар халықтардың емес, саяси топтардың атаулары болды. Әсіресе, рулар бір топтан екінші топқа жиі ауысып отырғанын ескерсек.
BY джучидский летописец
Share with your friend now:
tgoop.com/samuraiwithout/1936