tgoop.com/tengri_kz/9147
Create:
Last Update:
Last Update:
Алматыда қамауға алынған блогерлердің кім екені белгілі болды.
Ұсталған блогерлер Дамир Көшеев пен Руслан Кәрімов болып шықты.
Дамир Көшеев пандемия кезінде Instagram-дағы блогын велосипедпен саяхатшы ретінде бастаған. Кейінгі бір-екі жылда Көшеев Instagram-парақшасында шенеуніктер, полиция және прокурорлар туралы видеолар жариялап жүрді.
Блогер Руслан Кәрімов Алматыда бөтелкедегі судың қалай өндірілетіні туралы сериялық видеоларынан кейін таныла бастады. Ол кейбір бөтелкедегі су құятын өндіріс орындарын және олардың заңсыз әрекеттерін жария етті. Сондай-ақ ол кішкентай мүгедектігі бар ұлының судан уланғанын жиі айтып жүрді.
www.tgoop.com/tengri_kz
BY Tengri.kz
![](https://photo2.tgoop.com/u/cdn4.cdn-telegram.org/file/E_9LD1qc2hqTasU6-JOivyBxkS4xak7_vt3qn8AcZEMxUKvl-6NJF-TOtz9anU1FXCsGRJO86gJiuHIXUBPcJJx3Q3ewvsy4_k1I_H62gN0RARcI2Iy0jbWTFDrGBbp1R6DtPzL1t3WBV1IIni0WscVqLga2cMVFOov9dVz0AEE9a8HM7RKsgIA001GxDxsAQZarcwCcoNtHCpsvUz9tEg0DEO8YKE0JVjgK7yKjria7jkkI8I2jSu3OE0urmMOqv5XpUrwoPX6kH0Sb0FLJvIBl7S--ZxsLTnekOFd5gmkvZ_yLBjZKhj7qjpEPpOa2sLglfA6Ey9aQSo7EB-N2ig.jpg)
Share with your friend now:
tgoop.com/tengri_kz/9147